Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістіктің райлары

21 ақпан 2015, Сенбі
Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райлары
Құзіреттілікке жеткізетін мақсат - міндеттер:
А) ақпараттық
Ақпарат көздері арқылы оқушыларға етістің рай категориясын, түрлері мен жасалу жолдарын толық меңгерту;
Ә) коммуникативтік Оқушылардың адамгершілік қасиетке баули отырып, алған білімдерін ауызша және жазбаша тілде қалыптастыру;
Б) проблеманы шешу Тақырыпты меңгертуге арналған тапсырмалар мен жаттығуларды өз беттерімен орындауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Білім беруді ізгілендіру, Дамыта оқыту, СТО.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, кестелер.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі - сәлемдесу;
- оқушыларды түгендеу;
- оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру; - амандасу;
- сабақта жоқ оқушыларды айту;
- сабаққа назар аударады.

II. Үй тапсырмасын тексеру
Ережелерді жаттау
Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.
Сөйлеп тұрған сәтке байланысты, яғни сол сәтте болып жатқан қимылды осы шақ, әлі болмаған, бірақ кейін болатын қимылды келер шақ, сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып өткен қимылды өткен шақ дейміз.

III. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық Оқушылар шақ түріне мысал келтірейікші
Мен сабаққа бармадым.
Біз сабаққа барсақ дейміз.
Мұғалім сабақ түсіндірсе дейміз

Берілген сөйлемдер тек қана шақты білдіріп қана қоймай іс - оқиғаның шындыққа қатысын білдіреді.
Біз оны қазақ тілінде рай категориясы деп атаймыз.

IV. Жаңа материалды меңгерту
Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын түрін рай категориясы деп аталады.
Етістіктің райлары қимылдың, іс - әрекеттің жүзеге асу, орындалу мүмкіндігіне қарай төрт түрге бөлінеді: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай. Мысалы: Мен үйге келмеймін.
Мен сабаққа барсам деймін.
Тапсырманы мен жазайын.
Оның сабаққа барғысы келеді.

V. Жаңа білімді бекіту
144 - жаттығу
Мәтінді көшіріп жазып, етістіктердің жасалуына, қай шақта тұрғанына көңіл бөліңдер.
Киіз үйдің бір топ айыл ақсақалдары қымыз ішіп отыр. Әкем дастарқан шетіне қымыз құйып отыр. Ол мені ымдап шақырды да, құлағыма: «Аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда?» - деп сыбырлады.

144 - жаттығу
Ішіп отыр - нақ осы шақ.
Құйып отыр - нақ осы шақ
Сыбырлады - жедел өткен шақ
Жөнелдім - жедел өткен шақ
кірдім, айттым - жедел өткен шақ

145 - жаттығу
Мәтінді оқыңдар. Етістіктерді теріп жазып, морфологиялық талдау жасаңдар.
1. Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Басқаға жануарды тенгермедім.
Көздері мөлдір қара ақ бөкенді Адамның баласынан кем көрмедім.
Азайды соңғы кезде байғұс бөкен,
Мың – мыңдап баяғыда жүреді екен.
Бұл күнде келе жатқан жолаушыға Кездесіп анда - санда саяқ - некен.
2. Жел дауылды шақырады,
Бұлт жауынды шақырады.
3. Қиял қыр астында.
4. Арамдық адамның ажарын бұзады.
5. Қорқақ көлеңкесінен де қорқады.
145 - жаттығу
Көрмедім - түбірі көр, ме - болымсыз етістік жұрнағы, - ді - жедел өткен шақ, - м - жіктік жалғауының І жағы.
Теңгермедім - түбірі - теңгер, - ме - болымсыз етістік жұрнағы, ді - жедел өткен шақ, - м - жіктік жалғауының І жағы.
Жүреді екен - жүр түбірі, - е - көсемшенің жұрнағы, ді - жедел өткен шақ, екен - е - түбірі, кен - есімшенің жұрнағы.
Шақырады - ауыспалы келер шақ
Бұзады - түбірі бұз. – а - көсемшенің жұрнағы, ды - жедел өткен щақ
Қорқады - түбірі қорқу, - а көсемшенің жұрнағы, - ды - жедел өткен шақ

1 - тапсырма
1 - топқа:
Ауыспалы осы шақ қатысқан мақал - мәтелдер табу.
2 - топқа:
Келер шақ қатысқан мақал - мәтелдер табу.
3 - топқа
Болжалды келер шақ қатысқан мақал - мәтелдер.

VI. Үйге тапсырма Ережелерді жаттау.
Көркем әдебиеттерден рай түрлері қатысқан сөйлемдер жазып келу.
Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.
VII. Бағалау. Қорытынды. Оқушылар бағаланып, сабақ қорытындыланады. Бағаланған оқушылар күнделікке бағасын қойғызады.
28 024
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сабақты етістік пен салт етістік
Сабақты етістік пен салт етістік
Етістіктің сабақты және салт етістік түрлерін табыс септігімен байланыстыра отырып меңгерту Тақырып бойынша алған білімдерін ауызша, жазбаша тілде пайдалану дағдысын қалыптастыру.
Мақсатты келер шақ
Мақсатты келер шақ
Мақсатты келер шақ. Ақпарат көздері арқылы оқушыларға келер шақтың ережесін, мақсатты келер шақтың жалғаулықтарын толық меңгерту; Ә) коммуникативтік оқушылардың адамгершілік қасиетке баули отырып, алған білімдерін ауызша және жазбаша тілде
Cәбит Мұқанов «Балуан Шолақ»
Cәбит Мұқанов «Балуан Шолақ»
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенті Жанашова Гауһар Бисенбайқызы
Өткен шақ. Бұрынғы өткен шақ
Өткен шақ. Бұрынғы өткен шақ
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенті Жанашова Гауһар Бисенбайқызы
Бұрынғы өткен шақ
Бұрынғы өткен шақ
Сабақтың тақырыбы: Бұрынғы өткен шақ
Келер шақ. Мақсатты келер шақ
Келер шақ. Мақсатты келер шақ
Сабақтың тақырыбы: Келер шақ. Мақсатты келер шақ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×