Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Келер шақ. Мақсатты келер шақ

31 қаңтар 2015, Сенбі
Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Келер шақ. Мақсатты келер шақ
Құзіреттілікке жеткізетін мақсат - міндеттер:
А) ақпараттық
Ақпарат көздері арқылы оқушыларға келер шақтың ережесін, мақсатты келер шақтың жалғаулықтарын толық меңгерту;
Ә) коммуникативтік Оқушылардың адамгершілік қасиетке баули отырып, алған білімдерін ауызша және жазбаша тілде қалыптастыру;
Б) проблеманы шешу Тақырыпты меңгертуге арналған тапсырмалар мен жаттығуларды өз беттерімен орындауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Білім беруді ізгілендіру, Дамыта оқыту, СТО.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, кестелер.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі - сәлемдесу;
- оқушыларды түгендеу;
- оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру; - амандасу;
- сабақта жоқ оқушыларды айту;
- сабаққа назар аударады.
II. Үй тапсырмасын тексеру Ережелерді жаттау
Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.
Сөйлеп тұрған сәтке байланысты, яғни сол сәтте болып жатқан қимылды осы шақ, әлі болмаған, бірақ кейін болатын қимылды келер шақ, сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып өткен қимылды өткен шақ дейміз.

III. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық Оқушылар біз алдымызға мақсат қойсақ, ол іс - әрекеттің болашақта іске асуын қалағанымыздан.
Мен мектепке барамын деп алсақ, ол келер шақ болар еді.
Ал, мен мектепке бармақшымын болса мақсатты келер шақ болады. Себебі, мақсат қойып, жоспарланып койылған іс - оқиға.
Мен мектепке барамын
Мен мектепке бармақшымын

IV. Жаңа материалды меңгерту
Мақсатты келер шақ қимылдың, іс - әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді.
Мақсатты келер шақ етістіктің түбіріне - мақ, - мек, - пақ, - пек, бақ, - бек жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы қосылуы арқылы жасалады.
Мысалы: Мен ауылға бар - мақ - пын.

V. Жаңа білімді бекіту 121 - жаттығу
Оқып шығып, мақсатты келер шақты тауып, қалай жасалғанын түсіндіріңдер. Келер шақ тұлғасындағы етістіктерге морфологиялық талдау жасаңдар.

121 - жаттығу
Үйренбек - - бек жұрнағы арқылы жасалған, түбірі - үйрен, салт етістік.
Саумақ - - мақ жұрнағы арқылы жасалған, түбірі - сау, салт етістік.
Болмақ - мақ, түбірі - бол, салт етістік.
Шашпақ, ашпақ - - пақ, түбірлері - аш, шаш - салт етістік.
Кетпекші - пек,- ші жұрнақтары арқылы, кет - салт етістік.

122 - жаттығу.
Берілген етістіктерді жіктеп, сөйлем құра.
Шаш, оқы, сөйле, қайт.
122 - жаттығу.
Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ.
Мен бүгін сабақ оқымақшымын.
Ол сахнаға шығып сөйлемекші.
Біз бірге қайтпақшымыз.

123 - жаттығу
Өлеңді оқып, жағымды не жағымсыз мағынада айтылғандарын ажыратып жазыңдар.
123 - жаттығу.
Жағымды: тумақ, келмек, қалмақ, өзгермек, ермек, жеңбек, таппақ, жүрмек.
Жағымсыз: қартаймақ, өлмек.

1 - тапсырма
Тиісті етістіктермен тіркестіріп жаз.
мақ - шы
мек - ші
- ма - с
- ме - с
- бек - ші
1 - тапсырма
Бармақшы, алмақшы
Келмекші, бермекші
Бармас, алмас
Бермек, келмек
Үйренбек, сенбек.

VI. Үйге тапсырма. Ережелерді жаттау.
VII. Бағалау. Қорытынды.
Оқушылар бағаланып, сабақ қорытындыланады. Бағаланған оқушылар күнделікке бағасын қойғызады. Сабақты қорытындылап, келесі сабаққа дайындалады.
33 972
0
  • 100
3 дауыс


Жаңалықтар
Болжалды келер шақ
Болжалды келер шақ
Оқу мақсаты Қазақ тілді сайттар туралы мәтіннің мазмұнын тарқатып пікір білдіруге ұйрету, Нақ осы шақтың тәжірибеде қолдану. Тілдік мақсаты: Лексикалық минимум: ғаламтор, сайттар, қолданушылар, осы шақ, электроды журнал
Мақсатты келер шақ
Мақсатты келер шақ
Мақсатты келер шақ. Ақпарат көздері арқылы оқушыларға келер шақтың ережесін, мақсатты келер шақтың жалғаулықтарын толық меңгерту; Ә) коммуникативтік оқушылардың адамгершілік қасиетке баули отырып, алған білімдерін ауызша және жазбаша тілде
Етістіктің райлары
Етістіктің райлары
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райлары
Өткен шақ. Бұрынғы өткен шақ
Өткен шақ. Бұрынғы өткен шақ
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенті Жанашова Гауһар Бисенбайқызы
Бұрынғы өткен шақ
Бұрынғы өткен шақ
Сабақтың тақырыбы: Бұрынғы өткен шақ
Келер шақ
Келер шақ
Жамбыл облысы, Шу қаласы, Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ильясова Рахила
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×