Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Cәбит Мұқанов «Балуан Шолақ»

13 наурыз 2015, Жұма
Қазақ әдебиеті 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: C. Мұқанов «Балуан Шолақ»
Құзіреттілікке жеткізетін мақсат - міндеттер:
А) ақпараттық: Ақпарат көздері арқылы оқушыларға «Балуан Шолақ» әңгімесінен мағлұматтар бере отырып, әңгімені толық меңгерту;
Ә) коммуникативтік Оқушыларды еңбексүйгіштік, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, алған білімдерін ауызша және жазбаша тілде қалыптастыру;
Б) проблеманы шешу Тақырыпты меңгертуге арналған тапсырмалар мен жаттығуларды өз беттерімен орындауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Көркемдеп оқу, сөздік.
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Білім беруді ізгілендіру, Дамыта оқыту, СТО.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, портрет.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі - сәлемдесу;
- оқушыларды түгендеу;
- оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру; - амандасу;
- сабақта жоқ оқушыларды айту;
- сабаққа назар аударады.

II. Үй тапсырмасын тексеру
С. Мұқановтың «Есіл бойында» әңгімесін оқып келу. «
Есіл бойында»: ақынның туып - өскен жері Есіл даласының табиғат көріністерін аса көркем тілмен суреттей келіп, сол туған жерге арналған әннің шығу тарихын сыр ғып баяндайды.
Есіл даласының сумаңдай аққан мөлдір толқынды сағым, жібектей жұмсақ, жұпар иісті, бой жеткен сұлудай сылана жайқалған қалың шалғыны, жылдың өзге мезгілінде жолтылуын жиілетіп, шілдеде баяу есетін желі, жанға жайлы, хош иісі бар балбыраған жеміс - жидегі әсем де көркем бейнеленген.

III. Жаңа материалды меңгерту
Сәбит Мұқанов 40 - жылдары «Менің мектептерім» романын, «Балуан Шолақ» повесін, «Сырдария» романын, «Поэзия маршалы», «Майданға хат», «Жеңімпаз Қызыл Армия», «Фашизмнің ажалы», тағы басқа прозалық жөне поэзиялық шығармаларын жазды. Прозада ол роман мен мемуарлық әдебиеттің дамуына үлес қосты. 50 жылдары «Шоқан Уәлиханов» драмасын, «Тыңдағы толқындар» романын жазды. «Саяхаттар», «Туған жердің тыңында», «Тыңда тұнған байлық», «Алыптың адымдары», «Адам - Атаның шоқысында» кітаптарын шығарған. Өлеңмен жазылған «Замандас туралы аңыз» атты шығармасын 1961 жылы жариялады. Сәбит Мұқанов қазақтың 19 ғасырдағы ойшыл - ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармаларын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді.

Сәбит Мұқанов 40 - жылдары «Менің мектептерім» романын, «Балуан Шолақ» повесін, «Сырдария» романын, «Поэзия маршалы», «Майданға хат», «Жеңімпаз Қызыл Армия», «Фашизмнің ажалы», тағы басқа прозалық жөне поэзиялық шығармаларын жазды.

ІV. Жаңа білімді бекіту
1 - тапсырма
Әңгімеге жоспар құру
1 - тапсырма
1. Жаңа қоныс.
2. Саятшы Ораз.
3. Ораздың мергендігі.
4. Ораздың құс баптау шеберлігі.
5. Оразға үйір болған балалар.
6. Ораздың адамгершілігі.
7. Аңшылық туралы әңгімелер.

2 - тапсырма
«Топтастыру» стратегиясы

2 - тапсырма

Балуан: батыр, мықты балуан, композитор, ақын, әнші.

3 - тапсырма
1. Балуан Шолақтың атағы қандай оқиғадан соң ел ішіне жайылды?
2. Балуан Шолақ достарымен қайда келеді?
3. Балуан Шолақ пен оның достары Қара масканы қайда кездестіреді?
4. Қара маска мен Балуан Шолақ қалай күресті? Үзіндіні оқып беріңдер.
5. Күрес қалай аяқталды?
6. Балуан Шолақ жұртқа өзінің күш иесі екенін қалай дәлелдеді?

V. Үйге тапсырма: «Саятшы Ораз» әңгімесін мазмұндау
Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.
VI. Бағалау.
Қорытынды.
22 379
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәбит Мұқанов «Балуан Шолақ» (Каронмен күрес) повесінің тақырыбы мен идеясы
Сәбит Мұқанов «Балуан Шолақ» (Каронмен күрес) повесінің тақырыбы мен идеясы
Шығармадағы Балуан Шолақтың бейнесін, тарихтағы орнын, автордың бейнелеу шеберлігін оқушыларға таныту. Оқушылардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіру
Өткен шақ. Бұрынғы өткен шақ
Өткен шақ. Бұрынғы өткен шақ
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенті Жанашова Гауһар Бисенбайқызы
Бұрынғы өткен шақ
Бұрынғы өткен шақ
Сабақтың тақырыбы: Бұрынғы өткен шақ
Келер шақ. Мақсатты келер шақ
Келер шақ. Мақсатты келер шақ
Сабақтың тақырыбы: Келер шақ. Мақсатты келер шақ
Балуан Шолақ Баймурзин
Балуан Шолақ Баймурзин
Балуан Шолақ (шын аты Нұрмұхамбет, кейде Нұрмағамбет деп те атайды) Баймурзин қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында туған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×