Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бұрынғы өткен шақ

08 ақпан 2015, Жексенбі
Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бұрынғы өткен шақ
Құзіреттілікке жеткізетін мақсат - міндеттер:
А) ақпараттық
Ақпарат көздері арқылы оқушыларға өткен шақтың ережесін, бұрынғы өткен шақтың жалғаулықтарын толық меңгерту;
Ә) коммуникативтік Оқушылардың өз ұлтының тілін, рухани байлығын құрметтеу, тапқырлыққа, адамгершілік қасиетке баули отырып, алған білімдерін ауызша және жазбаша тілде қалыптастыру;
Б) проблеманы шешу Тақырыпты меңгертуге арналған тапсырмалар мен жаттығуларды өз беттерімен орындауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, морфологиялық талдау
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Білім беруді ізгілендіру, Дамыта оқыту, СТО.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, кестелер.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
- сәлемдесу;
- оқушыларды түгендеу;
- оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
- амандасу;
- сабақта жоқ оқушыларды айту;
- сабаққа назар аударады.

II. Үй тапсырмасын тексеру 132 - жаттығу
Мәтіннен жедел өткен шақты теріп жазу.
132 - жаттығу
Жедел өткен шақ: Жазды.

III. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық
1. Келер шақ дегеніміз не?
2. Өткен шақ дегеніміз не?
3. Жедел өткен шақ дегеніміз не?
Жауабы:
1. Сөйлеп тұрған сәттен кейін болатын іс - әрекетті айтамыз
2. Іс - әрекеттің сөйлеп сәттер бұрын болғандығын білдіреді
3. Жедел өткен шақ қимылдың, іс - әрекеттің таяу уақытта болғанын, орындалғанын білдіреді.

IV. Жаңа материалды меңгерту.
Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс - әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді. 2түрлі жолмен жасалады.
1) – ып, - іп тұлғалы көсемшенің жіктеліп келуін жасады: барыппын, келіпсің.
2) – ған, - ген, - қан, - кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуін жасалады: барғанмын, келгенсің.

Мысалы: Сен мектепті бітіргенсің. Ол ауылға барыпты.
Жіктелуі: айтыппын, айтыпсың, айтыпсыз, айтыпты.
Оқыған едім, оқыған едің, оқыған едіңіз, оқыған еді.

V. Жаңа білімді бекіту
133 - жаттығу
Оқып шығып, бұрынғы өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып, олар қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.
Заманда басқан аяқ кейін кеткен,
Жасымай Алашына қызмет еткен.
Болса да қалың тұман, қараңғы түн,
Туатын бақ жұлдызына көзі жеткен.
Түймеге жарқылдаған алданбаған,
Басқадай бір басы үшін жалданбаған.
«Қайткенде Алаш көркейер?» деген ойдан,
Басқа ойды өміріне малданбаған.

133 - жаттығу
Кеткен, еткен, жеткен, алданбаған, жалданбаған, малданбаған.

134 - жаттығу
Мәтінді оқып шығып, бұрынғы өткен шақта тұрған етістіктерді теріп жазыңдар.
Ә. Н. Бөкейхан
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға - Әлихан Бөкейхан.
1920 - 22 жылдары оған «буржуазиялық ұлтшыл» деген айдар тағылып, айлап абақтыда отырған.

134 - жаттығу
Асырылған, аударылған, отырған.

135 - жаттығу
- ған, - ген, - қан, - кен формалы бұрынғы өткен шақ етістіктерін теріп жаз.
Күз келді. Ел жайлаудан қайтып, күзекке беттеп келе жатқан. Шыңғыстың Қыдыр, Қызылшоқы, Бөрлі сияқты тауларының адыр - қатпарлары ауыл - ауылға толған. Жұрт үлкен үйлерді қоймаларын аттардың да бұл кездерінде еттері ояздап болған.

135 - жаттығу
Бұрынғы өткен шақ: жатқан, толған, көтеріскен, болған, жіберген, отырған.

VI. Үйге тапсырма Ережелерді жаттау.
Көркем әдебиеттер өткен шақ қатысқан сөйлемдер жазып келу.
Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

VII. Бағалау. Қорытынды.
Оқушылар бағаланып, сабақ қорытындыланады.
Бағаланған оқушылар күнделікке бағасын қойғызады.
5 582
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сабақты етістік пен салт етістік
Сабақты етістік пен салт етістік
Етістіктің сабақты және салт етістік түрлерін табыс септігімен байланыстыра отырып меңгерту Тақырып бойынша алған білімдерін ауызша, жазбаша тілде пайдалану дағдысын қалыптастыру.
Мақсатты келер шақ
Мақсатты келер шақ
Мақсатты келер шақ. Ақпарат көздері арқылы оқушыларға келер шақтың ережесін, мақсатты келер шақтың жалғаулықтарын толық меңгерту; Ә) коммуникативтік оқушылардың адамгершілік қасиетке баули отырып, алған білімдерін ауызша және жазбаша тілде
Cәбит Мұқанов «Балуан Шолақ»
Cәбит Мұқанов «Балуан Шолақ»
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенті Жанашова Гауһар Бисенбайқызы
Етістіктің райлары
Етістіктің райлары
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райлары
Өткен шақ. Бұрынғы өткен шақ
Өткен шақ. Бұрынғы өткен шақ
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенті Жанашова Гауһар Бисенбайқызы
Келер шақ. Мақсатты келер шақ
Келер шақ. Мақсатты келер шақ
Сабақтың тақырыбы: Келер шақ. Мақсатты келер шақ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×