Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» поэмасы

22 ақпан 2015, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» поэмасы

Сабақтың мақсаты. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отыра, тарихи кезеңге назар аудару, поэманың тақырыбын, идеясын ашу. Оқушылардың тілін, ой - өрісін дамытып, ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Ақынға және туған жерге деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау, салыстыру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: сурет, слайд.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою.

ІІІ. Жаңа сабақ.
М. Жұмабаев XIX ғасырдың аяғы мен хх ғасырдың басында өмір сүріп, қазақ әдебиетіне ерекше сәнімен, өлмес әдеби мұрасымен, бай сезімімен, сыршылдығымен келген. М. Жұмабаев1893жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы «Молодежный» совхозында дүниеге келген.
таниды. 1905жылыҚызылжардағы медресеге түсіп, 1910жылы бұл медресені жақсы бітіріп шығады. Содан кейінгі жылдары Уфадағы медресе - Ғалияда дәріс алады. 1913 - 1917 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясын, 1923 - 1926 жылдары Мәскеудің әдеби - көркем институтын бітіреді.
1913 ж. Қазан қаласында «Шолпан»атты тұңғыш жинағы жарық көрді.
1927ж. М. Жұмабаев еліне оралады. Оқытушылық қызметпен айналысады, жаңа өлеңдер жазады. Осы кезде жала жабылып, он жылға концлагерьге айдалады. Одан 1936ж. босанып шығып, бір жылдан кейін қайта ұсталып, 1938 жылы 19наурыз күні атылады. Ақынға «халық жауы»деген қара таңба басады. Оның шығармалары да қараланады. Тек жарты ғасыр өткеннен кейін ғана ақын аты елімен, жерімен қайта қауышты.
М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңін 1923 жылы жазды. «Түркістан» өлеңі - Мағжанның Шығыстық, Тұрандық өлеңдерінің шыңы және Мағжанды түрікшілдікпен айыптатқан туынды.
Отанын сүйген ақын көк түріктерді өзгелерден өзгеше көреді. Ақынға сенер болсақ, дүниеде түріктен асқан халық жоқ. Шаңқобыз шабытына мініп, қиял көгінде шарықтаған ақынды туған халқын соншалықты сүйіп, жырға қосқандығы үшін кінәлау қиын.

Оқулықпен жұмыс.
1. Поэма мәтінін мәнерлеп оқу
2. Әр шумақтың мәнін ашу
1 шумақ - Түркістан – екі дүние есігі ғой.
2 шумақ - Тұран – ер түрік мекені.
3, 4, 5, 6 шумақтарда – Тұран табиғаты.
6, 7 шумақтарда - өзен - көлдері, жер - су аттары – Оқыс, Яқсарт - Жейхун - Сейхун - Амудария - Сырдария
8 шумақта – Тұран таулары Тянь - Шань, Тарбағатай, Памир, Алтай, Қазықұрт.
3. Поэма бойынша сұрақтар құрастыру.
1) Түркістан қайда орналасқан? (картадан көрсету)
2) Түрік және түркі сөздерінің мәнін қалай түсінесің?
(Түрік – ұлт атауы, түркі - туыстас халықтар атауы)
3) Поэмада «Алаш» деген сөз жиі кездеседі оны қалай түсінесің?

Дәптермен жұмыс
Поэмаға сатылай кешенді талдау жасату
1. Авторы: Мағжан Жұмабаев «Түркістан» поэмасы
2. Тақырып – бұл тарихи туындының іргетасы. Бұл – тарихи поэма. Тарихи поэма – бұл белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі
3. Жанр түрі – өлең, поэзия, себебі өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
4. Идеясы: автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді.
5. Поэма 8 шумақты. Шумақ аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.
6. 32 тармақты. Тармақ – өлеңнің әр жолы.
7. Поэманың негізгі түйіні, тәрбиелік мәні – поэмада туған жерді,
Отанды сүю, қорғау, әрбір оқушыны өздеріне артылған әлеуметтік,
азаматтық жүкті сезінуге, тәрбиелеуге арналған.

ІV. Сабақтың қорытынды бөлімі.
1 - топ. Түркістан – екі дүние есігі ғой.
2 - топ. Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?
3 - топ. Болмаса, барсаңшы іздеп бабаң дейтін.

Ү. Үйге тапсырма
Поэмадан өзіңе ұнаған кез - келген өлең шумағын жаттау, Түркістан қаласы туралы әңгімелеу
VI. Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 098
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығының қыр - сырларын меңгеруге, мазмұнына тереңдей бойлай отырып, шығармаларына жан - жақты талдау жасауға ықпал ету.
Күнделікті сабақ жоспарлары. Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Күнделікті сабақ жоспарлары. Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Мағжан Жұмабаевтың жыр әлемімен танысу, поэзияның тереңіне бойлау; өлеңнің, сөздің астарына, қыр - сырына мән беруге, идеясын түсініп, бағалай білуге баулу
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ажмеденова Гаухар Тасқалиқызы
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев
Ақтөбе қаласы, №31 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі
Ақтөбе қаласы, № 5 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Еспембетова Айнаш Жолшыраковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×