Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көкшетау

28 мам 2015, Бейсенбі
Ақтөбе облысы, Темір ауданы,
Кеңқияқ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Оразова Гүлшат Базархановна

Тақырыбы: Көкшетау
Мақсаты: Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтырып, өлеңді түсініп оқуға үйрете отырып, туған ел табиғаты, әсемдігімен таныстыру, мазмұнын түсіндіру, бейнелі сөздерді таба білуге үйрету;
Дүниетанымдық көзқарасын, ой - өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту;
Туған елді, жерді, Отанды сүюге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарымызды білуге, құрмет тұтуға, мақтан етуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, түртіп алу.
Көрнекілігі: І. Жансүгіров шығармаларының көрмесі, бейнефильм, аудиожазба, слайдтар.

Барысы: I. Бағдарлау - мотивациялық кезең
1. 1. Психологиялық дайындық
Туған жерді сүю парыз,
Сүю үшін білу парыз,
Қасиетін ұғу парыз,
Күзетінде тұру парыз.
- Балалар, қазір әдебиет сабағы. Біз оқып жатқан бөлім қалай аталады?
- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың ұраны « Туған жердің жері де жұмсақ, ауасы да шипа». Осы сөйлемнің мағынасын ашып көрейік.

1. 2. Үй тапсырмасын тексеру, қорыту
А) Н. Айтовтың «Алтын сөз» өлеңін мәнерлеп оқу
Ә) Жаттаған батасын сұрау (әр топтан бір бала жауап береді)
Б) Қорыту
- «Алтын сөз» өлеңімен қай бөлімде таныстық?
- Жарайсыңдар, ендеше туған жерге байланысты мақал - мәтелдерді еске түсірейік.

II. Операциялық - орындаушылық кезең
2. 1. Миға шабуыл
- Балалар, экранға мұқият назар аударайық. Сонан соң мынадай сұрақтарға жауап береміз:
1 - топ: Нені естідіңіздер?
2 - топ: Нені сездіңіздер?
3 - топ: Нені көрдіңіздер?
4 - топ: Нені білдік?

Күтілетін жауаптар:
1 - топ: - Құстар үнін, судың сылдырын, малдың даусын.
2 - топ: - Қуанышты, шаттықты, масаттануды, тыныштықты.
3 - топ: - Көркем жерледі, тау - көлдерді, орман, тоғай, құстар мен жануарларды.
4 - топ: - Бұл – өте бай, көрікті, әсем өлке.

2. 2. Бейнефильмді көрсету
- Балалар, бұл жер қайда орналасқан деп ойлайсыздар?
- Дұрыс, осындай сұлу жер Қазақстанда орналасқан. Алтайдан Атырауға дейін көсіліп жатқан қазақ даласына тән қай қасиет, қай сипаттың бәрін осы жерден табасың. Құдіреттің өзі аспан асты әлемінің барлық сыр, барлық қасиетін қаз - қалпында бейнелейтін арнайы көрме залын әкеп
әдейі орнатқандай бұл жер Көкшетау деп аталады. Көкшетауды екінші Швейцария деп те атайды.
Көкшетаудың сұлулығын, ондағы 80 көлдің әсемдігін жырлап, көптеген шығармалар жазылған. Бүгін солардың бірі І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасынан алынған үзінді «Көкшетау» өлеңімен танысамыз.

2. 3. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау
- І. Жансүгіров туралы не білеміз? (Балалар жауабы тыңдалады)
- Автор туралы нені білуіміз керек?
Слайд.
Қашан, қай жерде дүниеге келді?
Кім болды?
Шығармалары?
Кітаптар көрмесімен таныстыру
А) Оқулықпен жұмыс
Аудиожазбаны тыңдау
Іштей оқу (түртіп алу әдісі)
Ә) Сөздік жұмысы
Маужыраған – тып - тыныш
Малта тас – теңіз толқыны, су ағынымен жұмырланып қалған майда тас
Жақпар – қатпар - қатпар
Маржан
Ақық әсемдік, сәндік үшін қолданылатын қымбат бағалы тас
Меруерт

Мәнерлеп оқу
Мазмұнын ашу
Өлең мазмұны бойынша сұрақтар:
Ақын тауды кімге теңейді?
Ақын суреттеген таудың биіктігі өлеңнің қай жолдарынан көрінеді?
- Балалар, шығармада бір нәрсені басқалардан бөлектеп, ерекше көзге түсетіндей етіп көрсету үшін көркем, бейнелі сөздер қолданылады. Мысалы, тау сөзіне қатысты өлеңде «момақан тау», «жомарт тау» деген тіркестердегі «момақан», «жомарт» сөздері таудың суретін ерекшелеп, бейнелеп көрсетіп тұр.
Б) Сергіту сәті
- Көкшетау туралы жазған С. Сейфуллиннің әнін тыңдайық
В) Дәптермен жұмыс
- Осындай тамаша өлең небір көркем сөздермен әсерлі болып тұр. Ендеше сол әдеби теорияға байланысты сөздерді тауып жазайық:
1 - 2 - шумақтан
3 - 4 - шумақтан
5 - шумақтан
6 - 7 - 8 - шумақтардан
Г) Сәйкестендіру
- Балалар, біз енді осы өлеңде кездескен мына суреттердегі таулардың атын тауып көрейік.
Слайдтағы суретті жазбамен сәйкестендіру.

III. Рефлексиялық - бағалау кезең
3. 1. Шығармашылық тапсырма
- Сабақ басында айтып өткендей Көкшетаудың сұлулығына тамсанбаған ақын, жазушы, суретші жоқ. Олар біздің арамызда да бар. Олай болса ендігі кезекті соларға берейік.(С. Сейфуллиннің «Көкшетау» әні ойналып тұрады)
1 - топ: 2 - топ: 3 - топ: 4 - топ:
Ақындар Жазушылар Суретшілер Тілшілер
(өлең жазу) (әңгіме жазу ) ( сурет салу) (репортаж дайын)
- Ал енді жер жаннаты туралы сыныптас ақын, жазушы, суретші, тілшілеріміздің шығармаларын тыңдайық.
- Жарайсыңдар, балалар!
3. 2. Тест сұрақтарына жауап беру - Бүгінгі сабақтан алған білімдерімізді көрсететін сәт те келді.
(тест жауаптарын интерактив тақта арқылы тексеру)
3. 3. Қорыту.
- Қазақстанда Көкшетау сияқты көрікті жерлер өте көп. Бірқатар адамдар табиғаты көркем жерлерді аралап көріп, демалуға шетелдерге барады. Ал шын мәніндегі табиғат сұлулығы осы Көкшеде. Көкшетау – ұлттық мақтанышымыз. Сондықтанда біз оны мақтан тұтамыз. Сондықтан да мен сіздерді шетелге емес, еліміздің осындай сұлу жерлеріне баруға шақырамын. Жер жаннатын шалғай шетелден емес, өз жерімізден іздейік!
3. 4. Үйге: 218 - 219 - б. мәнерлеп оқу, Көкшетау туралы тың мәлімет жинау.
3. 4. Бағалау.
3 542
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат таңғажайыптары
Табиғат таңғажайыптары
Оқушылардың күз туралы білімдерін кеңейту, оны сипаттайтын басты ерекшеліктерін түсіндіру. Танымдық қасиеттерін дамытуға мүмкіншілік жасау.
Ілияс Есенберлин
Ілияс Есенберлин
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, №42 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Оразалина Әсия Қабиденқызы
Туған жер - алтын бесігім
Туған жер - алтын бесігім
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақшасы»ММ - сі тәрбиеші Айсина Айгул Сансызбаевна
"Көкшетау" Ілияс Жансүгіров
"Көкшетау" Ілияс Жансүгіров
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аманжанова Злиха
Адам және табиғат
Адам және табиғат
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Ж. Қалдығараев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Көптілеуова Фарида
«Туған жерім – Қазақстан»
«Туған жерім – Қазақстан»
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×