Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат таңғажайыптары

15 қаңтар 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Табиғат таңғажайыптары
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың күз туралы білімдерін кеңейту, оны сипаттайтын басты ерекшеліктерін түсіндіру.
2. Танымдық қасиеттерін дамытуға мүмкіншілік жасау.
3. Оқушыларды табиғатты аялауға, оны қорғауға, өз өлкесін сүюге, адамның еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Табиғатқа топ серуен
Көрнекілігі: Күз мезгілін бейнеленген суреттер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Қызығушылықтарын ояту
– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен жүздескеніме қуаныштымын.
Бүгінгі көңіл күйлерің қалай?
Туған жерді сүю парыз
Сүю үшін - білу парыз
Қасиетін ұғу парыз
Күзетінде түру парыз

II. Негізгі кезең:
1. Ойын: «Кімнің ойы жүйрік?»
2. Сұрақтар бойынша жұмыс:
1. Жыл мезгілдерін ата.
2. Күз айларын айт.
3. Қандай күз мерекелерін білесің?
4. Күз белгілерін ата?
5. Табиғатта қандай өзгерістер болды?
6. Жер беті неге бөленеді?
7. Күзде қандай жұмыстар басталады?
8. Күзде ауа райы қандай болады?

3. Хабарлау:
– Балалар, бүгінгі іс - шарамыздың тақырыбы: «Табиғат таңғажайыптары».
Сендер күзде табиғатта болатын әр түрлі құбылыстармен танысқыларың
келе ме?
Ендеше бүгін табиғатқа топ серуенге шығамыз.

4. Бәрін білгім келеді:
Бойы сергектің, ойы да сергек (қимыл - қозғалыс арқылы көрсету).

Балық аулап ойнаймыз.
Кенші болып, кен іздеп
Тауды барлап ойнаймыз.
Архитектор, құрылысшы
Малшы болып ойнаймыз.
Теміржолшы, жұмысшы
Әнші болып ойнаймыз
Қиялменен келешек
Асуларға самғаймыз.

Хормен: Кең әлемді шарлаймыз
Табиғатты қорғаймыз.

(Ауыл бағына шығып, жан жағындағы өзгерістерді бақылап, ой түйіндейді)

5. Ой толғаныс:
ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ, ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

Жазғытұрымғы жел жардай атанды жығар.
***
Жаздың бір күні, қыстың мың күні.
***
Нөсер алдында найзағай ойнайды.
***
Жаңбыр бір жауса,
Терек екі жуады.
***
Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.
***
Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.
***
Туған ай, тураған етпен тең.
***
Қаз келсе, жаз келер,
Қарға келсе, қатқақ келер.
***
Су аққан жерінен айнымас.
***
Сәуір болмай, тәуір болмас.
***
Үркерлі айдың бәрі қыс.
***
Қыстың көзі қырау.
***
Шағала келмей жаз болмас.
Шаңқан келмей, боз болмас.
***
Жел түбі азық, жекен түбі қазық.
***
Сәуір болса, күн күркірер,
Күн күркіресе, көп дүркірер.
***
Мәуесі бардың әуесі бар.
***
Қараша қауыс, кәрі - құртанды тауыс.
***
Әрнәрсе уақытымен қызықты.
***
Тауына қарай тоғайы,
Шошқасына қарай торайы.
***
Су басынан буылады.
***
Тау кезеңсіз болмас,
Өлке өзенсіз болмас.
***
Көлдің көркі құрақ,
Таудың көркі бұлақ.
***
Жаз сайға қонба,
Қыс қырға қонба.
***
Сүмбіле туса су суыр.
***
От арық, су семіз.
***
Жаңа айдан жақсылық.
***
Тоқты тоймас,
Шөміш кеппес.
***
Алпыс күн тасыған су,
Алты күнде қайтар.
***
Таң атпайын десе,
Күн қоймайды.
Нөсер алдында найзағай ойнайды

Табиғат таңғажайыптары. жүктеу
3 237
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бозторғай – дала сәні
Бозторғай – дала сәні
Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, құстарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Өз сөздерімен әңгімелеп беруге, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.
Күзгі табиғат
Күзгі табиғат
Қоршаған дүниедегі құбылыстар мен заттардың маңызын түсіндіру оқушылардың тірі табиғат пен өлі табиғат арасындағы байланысты түсіну мүмкіндіктерін дамыту.
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Балаларға табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді қалыптастыру. Жылдың төрт мезгілін айыра білу дағдыларын бекіту.
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Нұржан Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Жусупбекова Роза Қылышбайқызы
Табиғат - тіршілік көзі
Табиғат - тіршілік көзі
Атырау қаласы Еркінқала селосы Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұпмағанбетова Алия Абдешқызы
Күз мезгілі
Күз мезгілі
Күз мезгілінде табиғатта болатын өзгерістер туралы және күз мезгілінің астық, жеміс - жидек, көкөністерді жинау мезгілі екенін күздегі ауылшаруашылық еңбек түрлері жөнінен білім беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×