Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Көкшетау" Ілияс Жансүгіров

30 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Көкшетау (І. Жансүгіров)

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек таныстыру. Өлеңді түсініп оқуға үйрете отырып туған ел табиғаты, әсемділігімен таныстыру өлеңнің идеясын, мазмұнын түсіндіру.
2. Дамытушылық: Дүниетанымдық көзқарасын, ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік: Отанды, туған жерді, туған елді сүюге, қадірлеп - қастерлеп қарауға баулу, Ұлттық мақтанышына қорғауға баулу, ұлттық мақтаныштарымызды білуге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Слайдтар, І. Жансүгіров портреті, шығармалары, қима қағаздар.
Сабақ түрі: Саяхат сабақ.
Әдісі: Сұрақ - жауап.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. (СТО бойынша)
Психологиялық дайындық.
Ана тілі - күшім менің, қуатым,
Жырым сендік жүрегімнен туатын
Тауысарма ырысыңды, қорыңды
Тізелесіп қатар жазса мың ақын! (Тілді құрметтеуге тәрбиелеу)

2. Үй тапсырмасын сұрау.
А) Қ. Сапарбаев. Туған жердің ыстығы – ай.
Ә) Мазмұнын әңгімелеу
Б) Түйені асау теңіз толқындары да, алыс жол да тоқтата алмады. Бұл қандай күш? Қандай сиқыр?
В) Оқушылардың өз туған жеріне арнаған өлеңдерін оқыту. (Шығармашылық жұмысын тексеру.)
1. Г) Маңғыстау - мың қыстау елі, мыңдаған жолдар өлкесі, мыңдаған шың құздар мен шыңырау құдықтар аймағы. (Патриоттық сезімге тәрбиелеу)

Жаңа сабақ:
Алтайдан Атырауға дейін көсіліп жатқан қазақ даласына тән қай қасиет, қай сипат тың бәрін осы жерден табасың, Құдіреттің өзі аспан асты әлемнің барлық сыр, барлық қасиетін қаз қалпында бейнелейтін арнайы көрме залын әкеп әдейі орнатқандай.(Қосымша теориялық білім)
Ақын болсын, жазушы болсын өз туған жерін, өз Отанын жанындай сүйеді. Оны өз шығармаларында жырлаған. Осындай ақындарымыздың бірі – Ілияс Жансүгіров. Ол көз і тірісінде ақындықтың Құлагері атанған. Ал енді осы ақын туралы не білеміз ортаға салайық
Суретте кімдерді көріп тұрмыз? (І. Жансүгіров, С. Сейфуллин, Б. Майлин )
Автор туралы түсінік.

Топтастыру
1894 - 1938
Бұлт»,
«Тілек», «Жел»,
«Қыс», «Жаз», «Арман»,«Қырман»
«Күй»,«Дала»
Ақын, жазушы
«Күйші», «Құлагер»
Біз бүгінгі сабағымызда Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер»
- Поэма дегеніміз не?
- Өлең дегеніміз не?
Көкшетау «талай рет ат тағасының дүбіріне куә болған жер» - Бурабай шатқалында орналасқан. Біз бүгінгі сабағымызда осы өлкеге саяхатқа шығатын боламыз. Мен сендерге Көкшетаудың тамаша табиғатымен таныстыратын гид боламын, сендер саяхатшы боласыңдар. Сабақта Көкшетау туралы білетіндеріңізді қосып, маған көмекші боласыңдар. (Ой - қиялын дамыту)

Бурабай шатқалы ерекше көз тартып тұратын күшке ие. Мұнда бәрі ойыншық тәрізді, таулар – аласа, көлдері - шағын, ормандары аса қалың емес. Бірақ мұның өзі сондай көрікті, қайталанбас сұлу әрі құпиялы. Жұмбақ Көкшетау өзінің аңғарларына иыққа сөмкені асынып алып жаяу шыға алғандарға ғана құпияларын ашады. (Пейзаж ұғымы арқылы бейнелеу өнері сабағымен байланыстыру)
Бурабайдың ең үлкен құпиясы – оның құбылмалылығында, желдің бағыты үнемі ауысып, көкте ақша бұлттар жөңкиді, күн нұры жастарға ерекше төгіледі, айна көлде күн сәулесімен құлпыра шағылысады
Бурабай - кездейсоқ емес сәйкестіктер өлкесі. Оның атауы да тылсым мистикаға негізделген. Орыс қоныстанушылары шатқалды Боровое деп, ал өз станицасын қарағай орманының құрметіне Боровская деп атаған. Ал байырғы қазақтар бұл жерді Бурабай деп атады,»бура» - түйе сөзінен шыққан.

(Сөздік жұмыс)
«Ораманды жол» тапсырмасы. Өлеңді оқып танысу.
Олай болса бәріміз мұқият тыңдап, өлең мазмұнымен танысайық.
«Жұмбақтас» тапсырмасы. Сөздік жұмысы. (Тіл байлығын дамыту)
Маужыраған – тып - тыныш, тылсым,
Малта тас – теңіз толқыны, су ағынымен мұжылып, жұмырланып қалған майда тас.
Маржан – ашық қызыл, қызғылт не ақ түсті тас.
Ақық – әшекей үшін пайдаланылатын, түсі ақшыл бағалы тас.
Меруерт – әсемдік, сәндік үшін қолданылатын қымбат бағалы асыл тас.
Жомарт – қолы ашық, береген, мырза.
Масаты – жұмсақ түкті жібек мата, барқыт.
Момақан – момын, жуас.
Жақпар – қатпар - қатпар.
«Оқжетпес жартасы» тапсырмасы. Өлеңді талдау.
(Шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқасты табу, Мәтінді талдау
- қара өлең ұйқасын табу.
Сергіту сәті:«Көкшетау» өлеңін тыңдату
«Үш Әпке жартасы» тапсырмасы.
Өлеңді тізбектеп оқу, өлеңді қара сөзге айналдыру
Туристтердің қажылық орны «Абылай хан даңғылы» тапсырмасы.
Сұрақтарға жауап алу.
Сабақты бекіту.
Тарихи ескерткіш «Абылай хан тағы» тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс. (Әдемі, сауатты жазуға үйрету)
Жомарт тау, момақан тау, шипалы тау.
Малта тас, маржан тас, ақып тас, меруерт тас. (Теориялық білім беру)
Тосын сыйларға толы «Иманай бұлағы» тапсырмасы.
Көркем бейнелі сөздер туралы түсінік. (Әдеби көркем сөздерді танып білуге үйрету)
Шығармашылық жұмыс.
Концептуалды кестемен жұмыс.(Ой қорыту)
------------------ Ну орман -------- Шөл дала ------- Мұнай --------- Тау, тас ------- Сырлы өлке
Көкшетау
Маңғыстау
Не білдім?
Не үйрендім?
Не үйренгім келеді?(БҮҮ)(СТО технологиясы бойынша)
22 340
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ілияс Жансүгіров «Көкшетау»
Ілияс Жансүгіров «Көкшетау»
І. Жансүгіровтың әдебиетші, көсемсөз шебері, ақындығын таныту. Оқушыларды өз ойын ашық айтуға, еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, іздемпаздыққа баулу. Қазақстанымыздың сұлу жерлерінің табиғатымен мақтаныш етіп, оны құрметтеп, бағалауға
Көкшетау
Көкшетау
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Оразова Гүлшат Базархановна
Ілияс Жансүгіров. Көкшетау («Құлагер» поэмасынан үзінді)
Ілияс Жансүгіров. Көкшетау («Құлагер» поэмасынан үзінді)
Павлодар қаласының №26 ЖОМ-де қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Макатова Гүлғайша Зияденқызы
Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым»
Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым»
Атырау қаласының №5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Куспанова Жанар
Ілияс Жансүгіров «Домбыра», «Күйге»
Ілияс Жансүгіров «Домбыра», «Күйге»
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Жансүгіров «Көкшетау», «Құлагер» поэмасы
Жансүгіров «Көкшетау», «Құлагер» поэмасы
Мұсалимова Гүлнар Рақымқызы Қазақ тілі мен әдебиет пәні Астана қаласындағы Халықаралық үздіксіз білім беру колледжі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×