Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Лексикадан өткенді қайталау

04 тамыз 2015, Сейсенбі
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Уткельбаева Айгуль Макажановна

Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, білімді жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте берік қалдыру.
Дамытушылық: оқушылардың қазақ тілінен ойлау қабілетін дамыту және пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді қорыту және жүйелеу
Сабақтың өту әдісі: сұрақ - жауап, тілдік талдау, жаттығу, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірме парақша, интерактивті тақта, бағалау жетондары, тірек сызбалар.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын тексеру;

II. Үй тапсырмасын сұрау
1) 201 - жаттығу
2) Термин сөздер туралы түсінік;

III. Жаңа сабақ
І. Сауаттылық сатысы
1. Лексика сөзі қандай ұғым береді?
2. Лексика дегеніміз не?
3. Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
4. Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
5. Сөздің көп мағыналылығы дегеніміз не? Мысал келтір.
6. Омоним дегеніміз не? Мысал келтір
7. Синоним дегеніміз не? Мысал келтір
8. Антоним дегеніміз не? Мысал келтір
9. Тұрақты тіркестер дегеніміз не?
10. Көнерген сөздер дегеніміз не?

Қайталау – оқу анасы
І топ. 209 - жаттығу
ІІ топ. 210 - жаттығу
ІІІ топ. 211 - жаттығу
Ізденген жетер мұратқа

1 - тапсырма І топ
Мына сөздерге синонимдік сөздер табыңдар. Жазған сөздеріңнің басқы әріптерінен синоним деген сөз шықсын.

2 - тапсырма ІІ топ
Антонимін тауып жазыңдар.
к е ң
а р а з
ж а қ с ы
а қ ы л д ы
е л г е з е к
с а л м а қ т ы

III топ. Берілген сөздерді қатыстырып омонимді сөйлемдер жазыңдар. Жаз. Арық. Түс. Жақ.
ІІІ. Білімдіден ақыл шығар
1. Мына мақал – мәтелдердің жалғасын тауып жазыңдар
1. Балапан ұяда не көрсе,...........
2. Жүйелі сөз - жүйесін табар,.............
3. Ұлдың ұяты – әкеге,............
2. Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын анықтаңдар.

р/с. Тұрақты сөз тіркесі ------- Мағынасы ------ Сұрағы
1. Ит арқасы қиянда
2. Қас пен көздің арасында
3. Тепсе темір үзеді
4. Ас қайырды
5. Бармағын тістеді

3. Әр пәнге байланысты термин сөздерді жазыңдар
Әдебиет –
Математика -
Тарих -
География -
Қазақ тілі -

«Ой қозғау»
Сағат тілінің бағытымен мына дөңгелектің ішінде әріп пен буындар жазылған жиырма кішкене дөңгелек
орналасқан не жазылғанын шешу үшін бірінші дөңгелекті тауып алып, сағат тілінің бағытымен әр уақытта саны бірдей дөңгелектерді тастай отырып оқығанда, Абайдың атақты қанатты сөзі шығады.

Сабақты қорытындылау
«Топтастыру» стратегиясы бойынша
Үй тапсырмасы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 026
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Лексикадан өткенді қайталау. Күнделікті сабақ жоспары
Лексикадан өткенді қайталау. Күнделікті сабақ жоспары
Бүгінгі жаңа сабақта оқушылардың лексика тарауы бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында жаттығу жұмыстарын жүргіземін. Алғашқы орындалатын тапсырма: 49 - жаттығу жұмысының шарты. Сөз тіркестерін, тұрақты тіркестерді жөне күрделі сөздерді бөлек -
Лексикадан өткенді қайталау
Лексикадан өткенді қайталау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Пшанова Гульнур Абубакировна
Лексикадан өткенді қайталау
Лексикадан өткенді қайталау
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаюпова Жайнагүл Жақсылыққызы
Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Математика пәні мұғалімі Кусниязов Т
Лексикадан өткенді қайталау
Лексикадан өткенді қайталау
Өткенді есте сақтап, тапсырмаларды сауатты орындауға баулу. Халқымыздың салт-дәстүрін. Жеті атасын білуге және өткен сабақтарды толық игеріп түсінуге тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×