Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Лексикадан өткенді қайталау. Күнделікті сабақ жоспары

17 қыркүйек 2016, Сенбі
Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар. 6 сынып
барлығы: 102 сағат.

Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 6 сынып.
Тақырыптар:
11. Лексикадан өткенді қайталау.
12. Пысықтау жаттығу жұмыстары.
13. Тіл ұстарту.
14. Мәтінмен жұмыс. Қолғанат.
15. Сөз тұлғасы.


11. Сабақтың өтілетін мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушылардың лексика тарауы бойынша алған білімдерін тексеру.
ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, сауаттылыққа баулу.
б) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін. Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке,
еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Сабақтық әдісі: түсіндіру. суреттеу. салыстыру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, бекіту, сөздікпен жұмыс. бағалау, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, т. б. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: кіріспе, ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Кезекші мәлімдемесі.
б) Журнал бойынша түгелдеу.
2) Үй тапсырмасын сұрау.
а) Өткен сабақта өтілген ережелерді сұраймын.
ә) Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеремін.
б) Сұрақ қою арқылы өткен тақырыпты бекітемін.
в) Дәптерлерін алмастырамын.

3) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушылардың лексика тарауы бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында жаттығу жұмыстарын жүргіземін. Алғашқы орындалатын тапсырма: 49 - жаттығу жұмысының шарты. Сөз тіркестерін, тұрақты тіркестерді жөне күрделі сөздерді бөлек - бөлек топтап жазыңдар.
Келесі орындалатын тапсырма: 50 - жаттығу жұмысының шарты:. Берілген сөйлемдерді оқып, күрделі сөздердің түрлерін ажыратыңдар.
Келесі тапсырма: 51 - жаттығудың шарты: Мәтінді мәнерлеп оқып, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңдер.
Келесі тапсырма: 53 - жаттығудың шарты: Сұрақ қ ою арқылы сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтап, дәптерлеріңе көшіріңдер.
Жаттығу жұмыстарын орындап болған соң қосымша сұрақтар мен тапсырмалар орындатамын.

Пысықтауға арналған Сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Сөйлем нені білдіреді? Сөз нені білдіреді?
2. Не себепті сөздер сөйлем ішінде байланысқа түсуі керек?
З. Сез тіркесі мен сөйлемнің ара - қатынасы қандай?
4. Сөз тіркесінің күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерден айырмашылықтары қандай?
5. Бір - бірімен байланысқа түспеген сөздер тіркесе ме? Оның сыры неде?
б. Сөздердің сөйлем ішінде байланысқа түсуінің себебін түсіндіріңдер.

Сабақтың қорытындысы.
а) Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
ә) Оқушылардың білімін бағалаймын.
б) Үйге тапсырма: 52 - жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Оқыған, естіген
әңгімелеріңді, ондағы өздеріңе ұнаған кейіпкерлерді естеріңе түсіріңдер. Жазғы демалыста
өздеріңе әсер еткен іс - оқиғаларды еске алыңдар. Солармен байланыстырып, "Ауылға барғанда". "Жайлауда". "Маған ұнаған шығарма" деген тақырыптардың бірін таңдап алып, шығарма жазыңдар. Құраған сөйлемдерің түсінікті, көркем болуын ескеріңдер


Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
3 310
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен күнделікті жоспар. Жинақтық, болжалдық сан есімдер.
Қазақ тілінен күнделікті жоспар. Жинақтық, болжалдық сан есімдер.
Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу, қаншау деген Сұрақтарға жауап береді. Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге - ау, - еу жүрнағы жалғану арқылы жасалады.
Сын есімнің жасалуы (күнделікті сабақ жоспары 6 сынып)
Сын есімнің жасалуы (күнделікті сабақ жоспары 6 сынып)
Сын есім құрамы жағынан негізгі сын есім және туынды сын есім болып бөлінеді. Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалатын сын есімді негізгі сын есім дейді. Мысалы; қара, көк, биік, таза, жақсы, сары, терең, т. б.
Мәтін және сөздің мағынасы. Күнделікті сабақ жоспары
Мәтін және сөздің мағынасы. Күнделікті сабақ жоспары
Мәтін және сөздің мағынасы жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру. Ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
Лексикадан өткенді қайталау
Лексикадан өткенді қайталау
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Уткельбаева Айгуль Макажановна
Лексикадан өткенді қайталау
Лексикадан өткенді қайталау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Пшанова Гульнур Абубакировна
Лексикадан өткенді қайталау
Лексикадан өткенді қайталау
Өткенді есте сақтап, тапсырмаларды сауатты орындауға баулу. Халқымыздың салт-дәстүрін. Жеті атасын білуге және өткен сабақтарды толық игеріп түсінуге тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×