Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Лексикадан өткенді қайталау

03 ақпан 2015, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: Лексика бөлімдерінен алған білімдерін, іскерлік дағдыларын тексеру, бағалау, таным белсенділігін арттыру;
Оқытуда қолданылатын модульдер: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту мен оқудағы әдіс - тәсілдер, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;
Оқу нәтижелері: Іскерлік дағдылары, сыни ойлауы қалыптасады, таным белсенділігі артады, бірін - бірі бағалайды, логикалық ойлауы, сауаттылықтары артады;
Сыныптағы өзара әрекеттестік, әдіс - тәсілдер: Топтық, жұптық, жеке жұмыс,
талантты және дарынды оқушылармен жұмыс “Деңгейлік тапсырмалар” “Мюнстенберг” әдісі, тест;
Бағалау, оқыту үшін бағалау: Формативті бағалау (қол шапалақтау, жұлдызшалар беру, жетондар арқылы бағалау)
Сілтеме: АКТ, үлестірме, деңгейлік тапсырма, тірек - сызба, интернет - сайт материалдары

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Топқа бөлу (Білімділер, намыстылар, көріктілер)
Бағалау парақшаларын тарату
Психологиялық тренинг

ІІ. Мұғалімнің сөзі:
- Құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің сабағымыз лексикадан өткенді қайталау. Лексикадан өткен тақырыптардың барлығын қайталап, қорытындылап ой қорытамыз, ой түйіндейміз. Лексика ғылымы нені зерттейді? (Тірек сызбаға назар аударайық)

ІІІ. Берілген антонимдерді мақал - мәтел арқылы жалғастыру (топтық жұмыс)
“Білімділер” Дұшпан - дос, жақсы - жаман
“Көріктілер” Әдепті - әдепсіз, туады - өледі
“Намыстылар” Қорқақ - батыр, суық - жылы

ІV. Деңгейлік тапсырмалар
І топ. Табу сөз дегеніміз не?
- Бикеш - ау, күйеу таңдаймын деп, сен де жұртты басындырып болдың - ау!
(Мәтін қай ертегіден алынған үзінді. Ішінен табу сөзді көрсету)
ІІ топ. Эвфемизм мен дисфемизм дегеніміз не?
Мылжың, сараң, аузы жеңіл, өлді, қолының сұғанағы бар, ақсақ, қоспай айт, саңырау, боқмұрын, бақиға аттанды, қолынан түк келмейді, қолды болды, сөзуарлау.
( Эвфемизмді бір бөлек, дисфемизмді бір бөлек топтап жазу)
ІІІ топ. Көнерген сөздер дегеніміз не?
Басына дулығасын киіп, көп қол, әскерін жиып, мылтығын асынып ағаш үйдің қасында отырған кім?
(Бұл кім еді? Кімнің шығармасы? Тарихи сөздер мен архаизмдерді табу)

Сергіту сәті: «Жүйрік болсаң, озып көр»
(Мақал - мәтел арқылы жалғастыру)
1. Қар жана ма?
2. Инемен құдық қазуға бола ма?
3. Аппақ қарға бола ма?
4. Ең тәтті не?
5. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?
6. Етікті қонышынан басып киюге бола ма?
7. Ер неше рет батыр, неше рет қорқақ?
8. Тауық түс көре ме?
9. Көрдім, көрмедім деген неше сөз?
10. Оттан да ыстық не?
11. Отқа түсіп күймеуге бола ма?
12. Қандай бала сүйкімді?

Оқулықпен жұмыс:
216 - жаттығу
Сөздердің тура мағынасын табу
217 - жаттығу
Синонимдік қатар жаса
218 - жаттығу
Сөздерді фразеологизм, тұрақты тіркеске айналдыру

«Мюнстенберг» әдісі
(Шатысқан әріптер арасынан мағыналы сөз шығару)
Вншағашшедышыршанемоедарынжаотанымдплпоқуогшнәтижелдплджылолл
дмектеплдолғылымолплдәлеуметлдлоқушыолаплкөрушгдзейінждыжэхзппбалашещзбілімгещскезеңолвщкміндетлдыжоблыспнущдамытузелжойындвщшәрекетопгпедагогжвщшуақытжхухбасшыолпагшуақлдазжылущлдхтәжірибезхкндтдтұқымырщқұралдыушзпсезімдлаплпсыныпдмдвшввхат

Білімді тиянақтау:
Тест
1. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы.
А. Синтаксис. В. Морфология С. Лексика
2. Тұрақты сөз тіркесін ажырат.
А. Ашық жер. В. Қоян жүрек. С. Хат жазу.
3. Мақал - мәтелді тап.
А. Бала шаба жөнелді. В. Білімді бол. С. Ақылды бала - арлы бала.
4. Антонимді ажырат.
А. Қызыл - ақ. В. Ақ - қара. С. Қызыл - көк.
5. Омоним сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз.
А. Ел үмітін ер ақтар. В. Көк алманы алма. С. Қарақұс - жыртқыш құс.
6. Дұрыс жазылған сөз.
А. Жыуу В. Жуу С. Жуыу
7. «Жалығу» сөзінің синонимін табыңыз.
А. Зерігу, құмар болу. В. Еріну, көшіру. С. Зерігу, іш пысу.
8. Неологизм сөзді белгіле.
А. Несие. В. Гарантия. С. Процент
9. Көнерген сөзді тап
А. Саяжай. В. Найза. С. Сәулет
10. Табу сөзді көрсет.
А. Шырайлым. В. Бауырмал. С. Қайратты.

Үйге тапсырма:
Сынақ тапсырма
Ұлттық құндылықтар туралы
“Досыңа хат” (баяндау, суреттеу тәсілін қолдану)
6 705
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шохан Уәлиханов «Жоңғария очерктері»
Шохан Уәлиханов «Жоңғария очерктері»
Еңбектің мән - мазмұнын білу, Шоқанның әмбебап ғалым екендігін тану
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету; Болашақты жасайтын – қазіргі жастар екенін ұқтыру;
Өрнектерді тепе-тең түрлендіру
Өрнектерді тепе-тең түрлендіру
Сыни тұрғыдан ойлау, дарынды және талантты балалармен жұмыс, оқытудағы жаңа тәсілдер, диалог, оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау, көшбасшы, жас ерекшеліктеріне сай білім беру.
«Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі Кендебай бейнесі
«Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі Кендебай бейнесі
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қаюпова Жайнагүл Жақсылыққызы
"Құстар айтысы" үнді ертегісі
"Құстар айтысы" үнді ертегісі
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, "М. Ломоносов атындағы орта мектеп" КММ бастауыш сынып мұғалімі Абраимова Н. С.
Педагогикалық іс тәжірибемдегі жаңаша өзгерістер
Педагогикалық іс тәжірибемдегі жаңаша өзгерістер
Өз тәжірибемде қандай да бір жаңашылдық көрсетуде мен «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту»,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×