Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дауыссыз дыбыстар

28 қазан 2015, Сәрсенбі
Қазақ тілі мұғалімі Умарова Назгүл Сейпатталқызы

Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар. Олардың түрлері
Мақсаты: 1) Оқушылардың дауысты дыбыстар туралы алған білімдерін бекіту, дауыссыз дыбыстардың түрлерімен таныстыру, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
2) ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, дыбыстарды талдауда шапшаңдық танытуға үйрету.
3) Ана тілін құрметтеуге, ұлы ғұламалардың өсиеттерін бойына сіңіре отырып адамгершілікке, іздемпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы
Көрнекілігі: тірек сызбалар, семантикалық карта, кеспелер.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, өзі - өз тану

Сабақтың жүру жоспары
1. Қызығушылықты ояту.
2. Мағынаны ажырату.
3. Ой толғаныс.

I. Үй жұмысын сұрау, тексеру.
- Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қандай болады?
Жақтың қатысына қарай қандай болады?
Ерін мен езудің қатысына қарай қандай болады?
Әріп пен дыбыстың айырмашылығы неде?
Семантикалық картаны толтырыңдар.
Семантикалық картаны тексеру.

II. Ерте ерте ертеде ешкі жүні бөртеде аспан мен жердің арасында сонау Жайықтың жағасында «Дыбыс» хандығы болыпты. Дыбыс хандығын Фонетика деген хан басқарыпты. Хандықтың алып жатқан аумағы ұшқан құстың қанатын, жүрген аңның тұяғын, адамның аяғын талдыратындай үлкен болыпты. Фонетиканың қол астында дыбыстар қауымы өмір сүріпті. Қауым Дауысты дыбыстар ұлысы мен Дауыссыз дыбыстар ұлысына бөлініпті.
Дауыссыздармен көрші отырған Дауыстылар ұлысын Дауысты ақсақал басқарыпты. Дауысты қария табиғатынан сөзге шешен, әнге ұста, жезтаңдай, күміс көмей, рухани мәдениеті зор қария екен. Оның бұл жақсы қасиеті барлық ұрпақтарының бойында бар екен. Бұлардың ішінде жат адам көрсе шүйіркелесіп сөйлесіп кететін «ашықтар» да, бөтенді көргенде бұйығатын «қысаңдар» да бар.
Дауссыз дыбыстар ұлысын жасы жүзге таянған Дауыссыз қария басқарыпты. Дауыссыз ақсақалдан тараған жиырмадан астам ұрпағы болыпты. Ақсақал туысынан сөзге шорқақ, тұйық болғандықтан, өзінің балалары да сөзге сараң болып ер жетіпті.
Қария Қатубай, Кендірбай, Пернебек, Фазабек сияқты мінездері қатты, алған беттерінен қайтпайтын бір сөзді, қайсар да алғыр ұлдарын елдің қорғаны болсын деп алға бір бөлек қойыпты. Ал, орташа Бәтібек, Вагонбай, Ғаламшарлар алдыңғы буын ағаларына қарағанда мінездері өзгешелеу, жұмсақтау екен.
Кіші Ризабек, Лазыбек, Нарбай, Меңбек ұлдары алдыңғы ағалары сияқты қайтпас қайсар да, тұйық та емес, жиын - тойда «әу» деп айтарлық дауысы бар, «ауыздыға - сөз, аяқтыға – жол бермейтін» шешен де емес, бірақ ешкімге сөзден есе бермейтін «үнді» жандар болыпты.
Әр елдің бір тентегі болады дегендей, екі елдің арасында іріткі салып, не онда жоқ, не мұнда жоқ жүрген бір жан болыпты, оның аты Ужан екен.
Ужанның қылығына шыдамаған ақсақалдар оның мәселесін талқыға қояды. Ақсақалдар Фонетика хандығына жүгініпті. Фонетика хандығы мынадай шешім қабылдапты: «Дауыссыз ағайынмен тіркескенде дауыстының, дауысты ағайынмен тіркескенде дауыссыздың сөзін сөйлеп, екі рулы елдің арасын бітістіріп жүретін бол» деп үкім айтыпты.
Бұл шешімді Дыбыс атаның барлық ұрпақтары қолдапты. Сонан бері қаншама жылдар, ғасырлар өтсе де Дыбыс хандығы тұтастығы бұзылмай, іргелі ел болыпты. Ал, енді, балалар, Дауысты ақсақал басқарған елді танып білсек, енді Дауыссыз қария басқаратын елмен, оларды мекендейтін дыбыстармен танысайық.

Дауыссыз елде олардың жеті атасы өмір сүрген екен. Сол ауылдарды аралайық, балалар.

III. 1. АТА ауылы. Ата ауылында дауыссыз дыбыстың ережесімен танысасыңдар. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, салдыр пайда болады. Сондықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе үн өте аз болады.
Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай: қатаң, ұяң, үнді болып үш топқа бөлінеді.
Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз.
Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз.
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстарды үнді дауыссыздар деп атаймыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 855
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар
Оқушылардың дауысты дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар
Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар
Тіліміздегі дыбыстардың, соның ішіндегі дауысты дыбыстардың жіктелуін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіру
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауыссыз дыбыстар саны - 25. Дауыссыз дыбыстар түрлері 3-еу қатаң, ұяң, үнді.
Фонетика Дыбыстар
Фонетика Дыбыстар
Қазақ тілінен тест сұрақтары жауабымен. Фонетика. Дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстардан өткенді қайталау
Дауысты дыбыстардан өткенді қайталау
Дауысты дыбыстар бойынша алған білімін тексеру, талдау жұмыстарын жүргізе отырып білімдерін бекіту;
Ашық және қысаң дауыстылар
Ашық және қысаң дауыстылар
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а, ә, о, ө, е, э. Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз. Олар: ы, і, и, у, ү, ұ.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×