Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтыбақан ойын - сауық кеші

15 ақпан 2016, Дүйсенбі
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Алтыбақан» ойын - сауық кеші

(Сахнада құрылған Алтыбақан безендіріліп, халық әндері ойналып отырады, екпінді би фонында жүргізушілер (қыз бен жігіт) ортаға шығады.)

Тәрбие сағатының мақсаты: Алтыбақан – ұлттық ойын болғанымен, оның салт - дәстүрлік маңызы одан гөрі жоғары тұр. Бұл жастардың өнерін, ойын, көзқарасын, танымын қалыптастыруда зор тәрбиелік қызмет атқарады. «Алтыбақан» ойын - сауық кеші арқылы «Сыр сандық» үйірме жұмысын жинақтау, қорытындылау және оқушылардың көшбасшылық қабілетін шыңдау. Оқушылардың бойына мемлекеттік тілге деген құрмет пен білімділік дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:
Білімділік: мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, өз ойларын жеткізе білу, өзара сөйлеу ортасын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Отанын, туған жері мен өлкесін сүюге, елжандылыққа, шешендікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, этикалық, мәдени, рухани дүниетанымын және бойларындағы ерекше қасиеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: плакат, «Алтыбақан», қанатты сөздер, әр түрлі сыйлықтар және т. б.

Күй ойналады. (музыка)
1 - жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі әдемі кештің жыр мен ән - күй сүйер, сөз тыңдар қауымы!

2 - жүргізуші:
Жылдардың да жұлдызды жылы болады, айлардың да айшықты айы болады, күндердің де естен кетпес елеулі күні болады. Біздің мектебімізде де
естен кетпес сондай тамаша, жарқын күндердің бірі - бүгінгі
«Алтыбақан» ойын - сауық кеші!

Күй ойналады. (музыка)

3 - жүргізуші:
Бабамыздан қалған бізге көп мұра,
Көнеру де тозу оған жоқ, сірә.
Алтыбақан серік болған сан ғасыр,
Өнерімнің өскеніне сол куә.

4 - жүргізуші:
Сәлем достар, Семейімнің халқынан,
Жалында жас, құрметті де қартынан.
Сіздер үшін «алтыбақан» құрулы,
Аясында ән мен биі қалқыған.

1 - жүргізуші:
Болама мұндай да бір шалқымасаң,
Әсем ән, сыршыл күйге балқымасаң.
Осы үлкен мерекеге тарту етіп,
Біз бүгін құрып қойдық «алтыбақан».

2 - жүргізуші:
Қайырлы күн, балалар!
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш - нұр іздеген.
Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден!
Шеңбер болып, бір - бірімізге тілек жолдайық!

Күй ойналады. (музыка)
1. Намысты бол! Сенімді бол!
2. Жігерлі бол! Табысты бол!
3. Сабырлы бол! Батыл бол!
4. Шыншыл бол! Білімді бол!
5. Зерделі бол! Мейірімді бол!
6. Салмақты бол! Еңбекшіл бол!
7. Ержүрек бол! Төзімді бол!
8. Әділ бол! Қайырымды бол!
9. Сүйкімді бол! Ақылды бол!
10. Сезімтал бол! Есті бол!
11. Батыр бол! Зейінді бол!
12. Жаңашыл бол! Мәдениетті бол!

3 - жүргізуші:
Бүгінгі «Алтыбақан» ойын - сауық кешіміздің жүргізушілері:
Лилиана, Борис, Айдана, Юрий

4 - жүргізуші:
Қасиеттің бәрі керек адамға
Жұмбағы көп мынау үлкен ғаламда
Әрі тапқыр, әрі өнерлі жастар.
Кәне, шықсын, алтыбақан алаңға.

Музыкалық сәлем: қазақ биі
1 - жүргізуші:
Қыздарға рахмет!
Табиғаттың сұлулығы
Сұлу қызға тең емес пе?
Сылдырлаған судың үні
Әсем әнге тең емес пе?
Келіп қалды қыздар тобы
Жігіттерің дайын ба?
Айдана, ауылдың алты ауызы демекші, бізге бір ән айтып берсеңші.
Музыкалық сәлем: ән

2 - жүргізуші: Көп жаса, Айдана, рахмет!
Желкілдеген жас құрақ
Желпілдеген бүлдіршінге тең емес пе?
Самал желдің есуі
Ер жігітке тең емес пе?
Қыздарменен өнер - сайыс
Жігіттерге уайым ба?
Ал, жігіттер сіздер не дейсіздер?
Музыкалық сәлем: ән

3 - жүргізуші: Рахмет, Валерий, әнің бәрімізге ұнады.
Қыз - жігіт алға шығып басқармай ма,
Бар қызық – ойынды бастамай ма.
Келіңдер, құрбыларым орта толсын!
Ал, қане, ойынды бастар жастар қайда?

4 - жүргізуші: «СИҚЫРЛЫ ТАЯҚ»- қазақтың ұлттық ойыны.
Менің қолымда сиқырлы таяқ. Ойын шарты: мен таяқты ұстап тұрып кез келген бір ойыншының нөмірін айтамын да, жерге тіреп тұрған таяқты жібере саламын. Нөмірі аталған ойыншы таяқты жерге құлатпай ұстап алса, өз орнына барады, ал таяқты құлатып алса, ортаға шығып, өнер көрсетеді.
(Болған соң, ойыншыларға рахмет айтады)
Құрбы құрдастарым, ойын үшін сендерге рахмет!

1 - жүргізуші:
Алтыбақан бола ма күнде – күнде
Оза шауып біз қыздар алған жүлде
Өнерпаз жігіттерді көрейікші
Әзілдессін тағы да бізбен бірге.
Музыкалық сәлем: Жігіттер КТО (КВН):
Ақырын музыка ойнып тұруы керек.

2 - жүргізуші:
Жарайсыңдар.................................!
Біздің жігіт әзілдеуге келгенде,
Көрдіңдер ғой ешкімнен де тайынбас.
Қыз өнері үстем бе екен байқайық,
Күй кезегі сізге келді қарындас.
Музыкалық сәлем
3 - жүргізуші:
Рахмет,...............!
Қыздар, бәрекелді, тауып кетті,
Айыбын бір күйменен жауып кетті.
Сынайтұғын бір ойын бастайықшы,
Шығатын осылардан болмас епті – деп, қыздар мен жігіттер арасында тағы бір ойын ойнайық!

4 - жүргізуші: Санамақ
Ойынның шарты: Бір қыз бен бір жігіт ортаға шығады. Жігіт қызды, ал қыз жігітті сипаттайтын сын есімді сөздерді айту керек. Егер қателессе, ойыннан
шығады. Тоқтамай, қателеспей айтып шықса, жүлде алады.

Жігіт: Ару, сұлу, көркем, сүйкімді, әдемі, ғажап, айдай, күндей, кербез, сымбатты, инабатты, ажарлы, жайдарлы және т. б.
Қыз: батыр, ер, азамат, батыл, қаһарман, ержүрек, айбынды, қайсар, айбатты, жігіт, сымбатты, қорғаушы, жалынды, отты, және т. б.

1 - жүргізуші:
Тамаша, рахмет, ойын қызықты өтті.
Тілдің майын ағызып, сөздің балын тамызып, өз өнерлерімен тәнті еткен жыр сүйер жастарды ортаға шақырсақ қайтеді.

2 - жүргізуші:
Әрине, Білім өнер бағында
Гүлдей жайнап өсеміз
Мектебімнің намысын
Қолдан бермей өтеміз – деп, бүгін біздің қонағымыз - Феруза келіп отыр.

3 - жүргізуші:
Алуан алуан жүйрік бар
Бабына қарай шабады - дегендей, қалалық сайыстарда тек қана жүлделі орындарда ғана көрініп жүрген мақтанышымыз - Феруза бізге қандай қонақ кәдемен келді екен?

Ферузаның өлеңі
«Қазақ тіліне қамқорлық жасау менің перзенттік те, президенттік те парызым» деп елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, мемлекеттік тілді білу менің де перзенттік және азаматтық парызым!

4 - жүргізуші:
Рахмет, Феруза!
Иесің елдің бағына
Иесің жердің шарына
Сүйесің, шәкірт, көкті де
«Сөнбесін күнім» деп тіле - деп саған тілек тілейміз!

1 - жүргізуші:
Шешендік, көсемдік бар тілімізде
Оттылық, тектілік бар көзімізде.
Ұрпағымыз жаңа өмір, жаңа ғасыр!
Жарасып тұр үлгіміз, сәніміз де!
Бүгін менің сіздерге арналған біраз сұрақтарым бар, соған жауап іздеп көрелік!

Бірінші сұрақ Жеті қазынаны кім айтып берер екен?
Екінші сұрағым Не қымбат?
Үшінші сұрағым Не жақын?
Төртінші сұрақ Үш жұрт?
Бесінші сұрағым Үш байлық?
Музыкалық сәлем: күй

2 - жүргізуші:
Осындай әлем бар
Қызықты, шуақты.
Әлемде бір ел бар
Бақытты, қуатты.
Бәрі де керемет! ( бәрі бірге)

3 - жүргізуші:
Ондағы балалар
Жайдары, көңілді
Бақытты, өмірлі.
Жыл - он екі ай
Күні де шуақты
Тыныштық түні де.
Бәрі де керемет! ( бәрі бірге)

4 - жүргізуші:
Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Алтыбақан аясында кездесейік
Келесі кездескенше, сіздерменен!

Бәрі «Қара жорға» биін билейді.
7 525
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сандардың қосындысы мен айырмасы, сандарды салыстыру
Сандардың қосындысы мен айырмасы, сандарды салыстыру
Сандардың қосындысы мен айырмасын, сандарды салыстыру (артық, кем), көршілес сандарды, сандық аралықтарды, сандар қатарын көрсету үшін сан сәулесін пайдалану.
Ойындар
Ойындар
Қазақтың ұлттық ойындары өте көп. Олар: «Көкпар», «Тоғызқұмалақ», «Асық», «Алтыбақан», «Қыз қуу», «Ақсүйек», «Бәйге», «Теңге ілу» және тағы басқалары. Қазақ халқының тұрмысы, салт - дәстүрі, ойындары көбінесе төрт түлік малмен байланысты.
Рационал сандарды көбейту
Рационал сандарды көбейту
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Новенький ауылы, Новенький орта жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Сатаева Таттигул. Аблайовна
Ұлттық ойыным - ұлттық мақтанышым
Ұлттық ойыным - ұлттық мақтанышым
Атырау қаласы, Бірлік селосы Хамзина Нургул
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Ұлттық ойындар – тән мен жан саулығы
Ұлттық ойындар – тән мен жан саулығы
Алматы қаласы, №27 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Терликбаева М.Ж.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×