Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлттық ойындар – тән мен жан саулығы

12 қазан 2012, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
"Ұлттық ойындар – тән мен жан саулығы" сыныптан тыс шара

Мақсаты:
1. Жетілдіру – Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.
2. Тәрбиелік – Ұлттық ойындар арқылы оқушыларды белсенділікке, тапқырлыққа, дәлдікке, көрегенділікке және күштілікке тәрбиелеу.
3. Білімділік – Ұлттық ойындардың мәнін, мақсатын теориялық және іс жүзінде ұғындыру.

Өткізілетін орын: мектеп алаңы немесе спорт залы
1-бөлім
1-жүргізуші
Наурыз – жыл басы. Ол көктемнің, бірліктің татулықтың, еңбектің мерекесі. Осы ұлы күнге байланысты халықтың тамаша әдет-ғұрыптары мен жол-жоралғылары бар. Біз наурыз мерекесінің ерекшелігімен танысып, халықтық салт-дәстүрдің мәнін ашып көрсетеміз..
2-жүргізуші
Көктем жетті көл-көсір шуақ құрып,
Қыс барады қиылып, жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз жүр,
Мұз пердесін ақпанның лақтырып.
3- жүргізуші
Наурыз жырын жырлаймыз,
Онымен де тұрмаймыз.
Шыңдалып жеткен бұл күнге,
Ел дәстүрін сыйлаймыз.
1-жүргізуші
Наурыз келді тағы да,
Жасыл желек тағына.
Құтты болсын, мерекең!
Жаңа жылға береке!
2-жүргізуші
Ұлттық ойындар көбіне Наурыз мейрамында ойналады.
Қазақтың ұлттық ойындарының терең тәрбиелік, әскери-спорттық, салт-дәстүрлік, өзара қарым-қатынастық және көркем - эстетикалық сипаты бар. Ұлттық ойындар дене шынықтыру, жастардың ақыл-ой қабілетін арттыру сияқты міндеттер атқарған.
3-жүргізуші
Ежелден бар ойындардың бірі - ақсүйек. Жастардың айлы түнде ақсүйек іздеп кетулері қызықты-ақ. Бозбалалар мен жігіттердің ойыны аударыспақ кезінде олар екі-екіден ортадағы алаңға шығып, бірін-бірі ат үстінен аударып түсіру үшін күш сынасады. Әбжілдік пен төзімділікке тәрбиелейтін ойынның бірі ат үстінде шауып келе жатып жерден күміс алу болатын.

1-жүргізуші
Ер адамдардың кеңінен тараған ойыны - көкпар тарту.
Бәйгеге ондаған, кейде тіпті жүздеген бас мал, әсемдік әшекей бұйымдар, күміс және алтын тайтұяқтар тігілетін. Ат жарыстарына қазақтар да қатыстырыла беретін.
2- жүргізуші
Халық арасына кеңінен тараған спорт жарыстарының бірі — қазақша күрес. Ол барлық салтанатты жиындарда өткізіледі. Күрестің бұл түрінде балуандардың жас мөлшеріне де, салмағына да шек қойылмайды. Халық өзінің балуандарын төбесіне көтеріп, құрмет тұтқан. Қазақ тарихында Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Балуан Шолақ сияқты басқа да балуандар ұмытылмастай болып есте қалды. Үлкен мерекелерде, жиын-тойларда әр ру өз балуандарын күреске шығаратын.
3-жүргізуші
Қазақтарда бұлардан өзге алтыбақан тебу, асық ойнау, жамбы атy, қыз қуу, жілік сындыру сияқты ұлттық ойын түрлері мен спорт жарыстары да болды.
1-жүргізуші
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Той шашуға тойыңдар,
Бұдан кейін ойын бар.
2- бөлім
Әділқазылармен таныстыру
1. Әр топ /сынып/ өздерін таныстырады /Аты, ұраны/
2. «Көкпар» ойыны
3. «Қыз қуу» ойыны
4. «Тақия қағу» ойыны
5. «Бұқа тарту» ойыны
6. Капитандар сайысы «Қораздар ойыны
7. «Арқан тартыс» ойыны
Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау .
9 651
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз келді, құт келді
Наурыз келді, құт келді
Балалардың жыл мезгілдері туралы түсінігін, Наурыз мерекесі туралы білімдерін кеңейту. Халықтық салт – дәстүрді құрметтеуге баулу.
Наурыз келді
Наурыз келді
Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін түсіндіру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Балаларды халқымыздың салт - дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Қош келдің, әз- Наурыз!
Қош келдің, әз- Наурыз!
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №4 Алға орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. Таджибаева Ақкенже Боранбайқызы
Жыл басы - Наурыз
Жыл басы - Наурыз
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сапақкөл орта мектебінің психологы Есмұханова Индира Наурызбайқызы
22 наурыз мерекесіне арналған сценарий. Қош келдің, әз Наурыз!
22 наурыз мерекесіне арналған сценарий. Қош келдің, әз Наурыз!
Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып, Қыс та ұзап барады жылап тұрып. Шатырында үйлердің Наурыз да жүр, Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
Наурыз тойы – дәстүрлі мереке (сыныптан тыс шара)
Наурыз тойы – дәстүрлі мереке (сыныптан тыс шара)
Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы, Наурыздың 22 – інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол тіршілік арқауы – тамақ. Малының қыстан аман шығуы. Оның өсіп - өніп төлдеуі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×