Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ы. Алтынсариннің өмірі, ағартушылық қызметі

15 ақпан 2016, Дүйсенбі
Алматы облысы, Панфилов ауданы,
С. Аманбайұлы атындағы орта мектептің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кокенова Жанылкан Имангожаевна

Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсариннің өмірі, ағартушылық қызметі
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға ағартушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет бере отырып, өнегелі өмірі туралы таныстыру.
2. Өз ойын ашық білдіруге, оны қорғай білуге, шығармашылық ізденісін арттыруға дағдыландыру, тұлғалық қасиеттері қалыптасқан жеке тұлға ретінде пікірін айта білуге машықтандыру, қосымша тың деректер арқылы оқушының дүниетанымын кеңейту.
3. Елжандылыққа, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Көрнекіліктері: ҚР - ның географиялық картасы, Ы. Алтынсарин портреті, «Қазақ хрестоматиясы» кітабы, сызбалар, баспасөз материалдары
Сабақтың түрі: зерттеу сабағы
Сабақтың әдісі: зерттеу, талдау, топтастыру, Ассосация әдісі
Пәнаралық байланыс: география, тарих, орыс әдебиеті, пәннің өз ішіндегі байланысы
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
Шоқан Уәлиханов өмірі, балалық шағы
3. Өткен сабақты пысықтау
А) Ш. Уәлиханов кім?
Ассосация әдісі бойынша

Ә) Шоқан еңбегіне қандай баға берілді?

4. Жаңа сабақты түсіндіру
1. Шоқан Уәлиханов XIX ғ. 50 - 60 жылдарында крепоснойлық правоны жою үшін саяси күрес күшейген кезде өмір сүрді, ал бүгінгі танысатын Ы.Алтынсарин 70 - 80 жылдарды Ресейде крепоснойлық право жойылып, капитализм дами бастаған кезде дүниеге келген. 3 жасқа келмей әкесі қайтыс болып, атасы Балғожаның тәрбиесінде өседі. Балғожа атақты би, қыпшақ руының старшыны болды.
2. 1850ж Орынбор қазақ - орыс мектебіне береді.(мектеп жеті жылдық)
3. Оқуды үздік бітіріп тілмаштық қызмет атқарады.
4. Атасы Балғожамен ел аралай жүріп халық ауыз әдебиеті үлгілерімен танысады, халықтың тұрмыс - тіршілігімен де танысады. Аңыз, әңгімелер естиді.
5. «Қазақ халқы ұғымтал, дарынды, бірақ оқымаған» деген ойға келеді.
6. Сөйтіп өз үйінде балалар оқытады.
7. 1864ж Торғайда мектеп ашылады.
8. 1876ж Петербург, Қазан қалаларын аралап, орыс ағарту жүйесімен танысады.
9. 1879ж Орынборда «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы басылады. «Орыс тілін қазақтарға үйретудің бастауыш құралы» кітабын жазады.
10. Оқулыққа өзінің өлеңдері, әңгімелері, шағын новеллалары, аудармалары, «Қобыланды батыр» дастанынан үзінділер, аңыз әңгімелер енеді.
11. Орыс География Қоғамының мүшесі болады.
12. Халықтың әдеп - ғұрыптары, діни ұғымдарын зерттеп, ғылыми құнды пікірлер қалдырды.
13. Этнографияға байланысты еңбектер жинастырады. Құда түсу, қыз ұзату, той жасау дәстүрі туралы мәліметтер жинап, мақалалар жазады.
14. Ғылыми - әдістемелік көзқарас қалыптастыруда орыс достарының ықпалы зор болды.
15. Ыбырай Алтынсарин барлығы 14 мектеп ашқан (қыздар мектебі, өнер үйрететін мектептер, училищелер)

5. Жаңа сабақта түсінгендерін тексеру
«Кубизм» стратегиясы бойынша (кубтың әр бұрышына қарай сұрақтарға жауап)
«Зерттеңіз» «Қазақ хрестоматиясын» жазудағы мақсат не?
«Қолданыңыз» Білім, өнер туралы мақал айту.
«Салыстырыңыз» Ыбырай мен Шоқанның шығармашылығын салыстырыңыз, ортақ қасиеттерін табу
«Байланыстырыңыз» Өнер - білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Жылдам хабар алғызды.
Бүгінгі күнмен байланыстыру
«Суреттеңіз» Ыбырай өмірінің елеулі кезеңдерін ата.
«Талдаңыз» Ильминскийге жазған бір хатын оқулықтан оқып, талда.

6. Сабақты қорытындылау
7. Бағалау Арнайы кесте бойынша
8. Үйге тапсырма Ы. Алтынсарин өлеңдерін оқып, талдау

Толық нұсқасын жүктеу
2 965
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнына талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау;
Қазақ әдебиеті пәнінен емтихан билеттері 9 сынып
Қазақ әдебиеті пәнінен емтихан билеттері 9 сынып
Қазақ әдебиеті пәнінен емтихан билеттері 9 сынып. 1 - билет 1. Ауыз әдебиеті туралы түсінік, жазба әдебиетінен айырмашылықтары
Ыбырай Алтынсарин өмірі, шығармашылығы
Ыбырай Алтынсарин өмірі, шығармашылығы
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, өлеңдеріне, әңгімелеріне, нақыл сөздеріне тоқталу, мағынасын ашу, жан - жақты талдау жасау, бұрынғы алған білімдерін пысықтау; Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясымен берілген тапсырмаларды
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі. «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі. «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай ағартушылық қызметінің, шығармаларының қыр - сырларын меңгертіп, мазмұнына, тереңдей бойлату, өлеңдеріне жан - жақты талдау жасай отырып тақырыбын ашу.
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Мұхамеджанов Мейіржан Оразханұлы
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×