Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі. «Қазақ хрестоматиясы»

23 қараша 2015, Дүйсенбі
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы,
академик О. А. Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Асанова Индира Мукаевна

Сабақ тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі. «Қазақ хрестоматиясы»
Сабақтың мақсаты: А/ Білімділік: Ыбырай ағартушылық қызметінің, шығармаларының қыр - сырларын меңгертіп, мазмұнына, тереңдей бойлату, өлеңдеріне жан - жақты талдау жасай отырып тақырыбын ашу.
Ә/ Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру, шығарманың мазмұнын аша білу қабілетін дамыту.
Б/ Тәрбиелік: оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін оята отырып, еңбек сүйгіштікке, табиғатты қорғауға, елжандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, Ыбырайдың шығармалар жинағы, баспасөз материалдары
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау
Пәнаралық байланыс: тарих, география
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың барысы: А/ Ұйымдастыру.
Ә/ Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу - құралдарын түгендеу.
Б/ Үй тапсырмасын сұрау
В/ Жаңа сабақ
1. Ыбырай Алтынсарин кім?
Ақын ағартушы педагог
Жазушы оқулық авторы
Ғұлама шағын әңгіме шебері

1. Оқушылардың Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы жайлы не білетіндіктерін сұрап, толықтыру.
2. Ыбырай Алтынсариннің қандай әңгімелері мен өлеңдерін білетіндіктерін еске түсіріп, мазмұнын айтқызу.
3. Балқожа би жайлы мәліметтер беру.
2. Ыбырай Алтынсариннің өмір жолына шолу жасау.

Ы. Алтынсарин – оқулық авторы.
1. «Қазақ хрестоматиясына енген тақырыптар қандай бөлімдерден тұрады?
А/ Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Бұлар түрлі орыс хрестоматиясынан, көбінесе И. Паульсонның хрестоматиясынан алынды.
Ә/ Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгімелер.
Б/ Қазақ ақындарының ең таңдаулы өлең - жырларынан үзінді.
В/ қазақтың мақал – мәтелдері.
1. Білімге шақырған өлеңдері
«Кел, балалар, оқылық!», «Өнер, білім бар жұрттар»
Табиғат туралы «Өзен», «Жаз».
2. Әлеуметтік теңсіздік:
«Залым төреге», «Әй, жігіттер», «Азған елдің хандары», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері», «Азған елдің билері»
3. Орыс жазушыларының аудармалары:
И. Б. Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке», К. Д. Ушинский «Родное слово», Л. Н. Толстой, Крылов.
4. Қазақ ауыз әдебиеті «Лұқман хакім», «Жиренше шешен», Таза бұлақ», «Қар батыр», «Тазша бала», «Алтын айдар», «Қобыланды батыр»
Ыбырайдың өлеңдерін оқып, мазмұнын талдау.
«Жаз», «Өзен» - табиғат туралы
«Азған елдің билері, хандары, байлары», «Залым төреге»- ел ішіндегі теңсіздік, келеңсіздіктерді жырлайды.
«Әй, достары» атты өлеңінде қолдан келсе жас жеткіншектерге қолдан келсе жақсылық жаса, кең пейілді бол, өз еңбегіңмен күн көрге шақырады.
«Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен» өлеңінде адал еңбекті, шындықты жырлайды
Ыбырай өлеңдеріне байланысты кестелер толтыру

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 413
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнына талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау;
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ы. Алтынсариннің шығармашылығымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу, Ы. Алтынсариннің ел болу идеясының өміршеңдігіне көз жеткізу;
Ыбырай Алтынсарин – ұлы ағартушы, балалар әдебиетінің атасы
Ыбырай Алтынсарин – ұлы ағартушы, балалар әдебиетінің атасы
Ыбырай Алтынсариннің өмірі, ағартушылық қызметі, шығармашылық жолы туралы білімдерін тереңдету. “Қазақ хрестоматиясы”мазмұнымен таныстыру.
Ыбырай Алтынсарин өмірі, шығармашылығы
Ыбырай Алтынсарин өмірі, шығармашылығы
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, өлеңдеріне, әңгімелеріне, нақыл сөздеріне тоқталу, мағынасын ашу, жан - жақты талдау жасау, бұрынғы алған білімдерін пысықтау; Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясымен берілген тапсырмаларды
Ыбырай - шағын әңгіме шебері
Ыбырай - шағын әңгіме шебері
Жамбыл облысы, Қаратау қаласы, Қойгелді атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдибекова Айгүл Аханқызы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ешбаева Кенжегүл Өтелбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×