Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз тіркесі бойынша өткенді қайталау

22 сәуір 2016, Жұма
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,
Бірлік жалпы орта білім беру мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Байсеитова Сандуғаш Хазизатқызы

Сөз тіркесі бойынша өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тереңдету, ойда сақтаған мағұлұматтарды нақтылап, бір жүйеге жинақтау.
Дамытушылық: Сөз байлығын яғни сөздік қорын байыту, ойлау машықтары мен қабілеттерін дамыту. Өз позициясын қорғауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Пәнге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту.
Сабақтың түрі: Қайталау.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, өзіндік ізденіс жұмыстары, топтау, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақтада жемістер салынған вазаның суреті, кеспе қиықшалары, талдау үлгілері, кесте.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, сурет.

Сабақтың өту барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу рәсімі;
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Сынып 3 топқа бөлінеді. Топ басшылары белгіленіп, оларға бағалау парағы беріледі.
І топ аты: «Тілашар»;
ІІ топ аты: «Шамшырақ»;
ІІІ топ аты: Білімділер».

І. Гейм. Әр топ өзін таныстырады. Ұраны. Әр топ оқушылары өз есімдерін тіркес бойынша атап шығады. Мысалы: мен Айнаш - ақылды. Екінші оқушы Айнаш ақылды, мен Салтанат - сүйкімді.. осылай жалғасады.
Мұғалім: «Қайталау - оқу анасы» дегендей бүгінгі сабақта қайталау жұмыстарын жүргіземіз.
1 - тапсырма. «Маған ұнайтын жеміс» ойыны арқылы іске асады. Әр оқушы өзіне ұнаған жемісті таңдау барысында, артында жасырынған сұраққа жауап береді.
Сұрақтар:
1. Синтаксис деген ұғым гректің қандай сөзінен шыққан? («құрау», «біріктіру»мағынасын. )
2. Синтаксис саласы нені қарастырады? (сөз тіркесін, сөйлем құрылымы, ерекшеліктері).
3. Үздік оқушы, үш - төрт бала қандай тіркеске жатады? (есімді, етістікті тіркес)
4. Көзді ашып - жұмғанша, төбе шашы тік тұру тіркестері қандай мағынаны білдіреді?
5. Сөздердің байланысу түрлерін ата.
6. Абайдың бір өлеңінен үзінді жатқа айт.
7. Қазақ тілінде сөздер бір - бірімен 4 түрлі тәсіл арқылы байланысқа түседі. Ол қандай тәсілдер? (қосымшалар, септеулік шылаулар, орын тәртібі, дауыс ырғағы арқылы).
8. Сөз тіркесі дегеніміз не? Мысал келтір.
9. Өзіңе ұнайтын бір мақал - мәтел айт.

2 - тапсырма: Фразеологизмдердің мағынасын білдіретін сөздерді жаз. Фразеологиялық тіркестерге сөйлем құра.
І топқа: а) Жүрегі алып ұшты -
б) төбесі көкке жетті –
в) желдей есті –
г) ат тонын ала қашты –
ІІ топқа: а) жүрек жұтқан –
б) бір шыбықпен айдады –
в) бармағын тістеу –
г) бетінен оты шығу –
ІІІ топқа: а) ит арқасы қиянда –
б) төбе шашы тік тұрды –
в) көз аларту –
г) мұрнын шүйірді –

3 - тапсырма: Интербелсенді тақтада:
Портрет жасауға қатысты төмендегі тірек сөз тіркестерін пайдаланып, кейіпкерге, өз құрбыңа т. б. мінездеме жазыңдар. Тірек сөз тіркестері: қыпша бел, қолаң шаш, алма мойын, ай десе аузы, күн десе көзі.

4 - тапсырма: Интербелсенді тақтада: «Кім жылдам» ойыны ойналады.
Мысалдар ----------- қиысу ---------- матасу ---------- меңгеру ------------ қабысу жанасу
Асқар тау
Күміс күлкі
Біздің ферма
Көзін жұму
Шапшаң жүру
Бес оқушы
Ананың тілегі
Үлкен үміт
Басты парыз

ІІ Гейм.
1 - тапсырма: Берілген сөздерге фонетикалық талдау жаса.
І топқа: «талапты» сөзі;
ІІ топқа: «өнерлі» сөзі;
ІІІ топқа: « үздік» сөзі.

2 - тапсырма: Берілген сөйлемдерге синтаксистік сатылай кешенді талдау жаса.
І топқа: Мен жақында ғана қаладан келдім.
ІІ топқа: Дәрігерлер ауылға келіпті.
ІІІ топқа: Мұнымен сәске кезінде таныстым.

3 - тапсырма: Топ басшылары ортаға шақырылады.
Үстелде (қоржын ішінде) Мақалбай атайдың тапсырмаларына мақал - мәтелмен жауап беру жарысы өткізіледі.
1. Оқу - білім туралы;
2. Туған жер туралы;
3. Ата - ана туралы.
Сабақты бекіту: Әр топқа сурет таратылады. І топ: гүл, ІІ топ: күннің көзі, ІІІ топ: бәйтерек. Осы суреттерге бүгінгі синтаксис саласы бойынша нені меңгердім, нені қарастырады, соның сызбасын түсіру.

Сабақты қорыту: «Сұхбат алу» ойыны тележүргізушінің рөлі арқылы іске асырылады. Мынадай сұрақтар қойылады.
1. Бүгінгі сабақтың өзгешелігі неде?
2. Сізге осы сабақ ұнады ма? Ұнаса несімен ұнады?
3. Сіз осы сабақтан қандай әсер алдыңыз?

Үйге тапсырма: І топқа: Поезбен сапарға аттанады.
ІІ топқа: Кемемен сапарға аттанады.
ІІІ топқа: Шөл далаға түйемен сапарға шығады. Тапсырмасы: Сөз тіркесі тақырыбына байланысты мәтін құрастыру.
Әр топ басшылары бағалау парағына өз бағаларын қойып тапсырады.
Бағалау.

Толық нұсқасын жүктеу
5 296
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Фонетикадан өткенді қайталау
Фонетикадан өткенді қайталау
Оқушылардың фонетикадан алған білімдерін нығайту, тиянақтау, теориялық білімін практикамен ұштастыру. Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, оқу - білімге деген ынталарын арттыра отырып, сөздік қорын дамыту.
Есімдердің түрленуінен өткенді қайталау
Есімдердің түрленуінен өткенді қайталау
Бүгінгі сабағымыз морфология тарауы, соның ішінде есім сөздердің түрленуінен өткенді қайталау мен бекітуге арналып «Білім керуені» деп аталады.
Менің мектебім
Менің мектебім
Тақырып бойынша өткен материалды қайталау арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеп, бекіту, оларды өз ойын айта білуге үйрету, тақырыптың негізгі идеясын ашу.
Лексикадан өткенді қайталау
Лексикадан өткенді қайталау
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Уткельбаева Айгуль Макажановна
Сөзжасамнан өткенді қайталау
Сөзжасамнан өткенді қайталау
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қайнар ауылы, №32 В. В. Маяковский атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Мықтыбекова Фатима Жексенбековна
Сын есімнен өткенді қайталау
Сын есімнен өткенді қайталау
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шынаргүл Сағындыққызы Мальшубаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×