Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қырық өтірік ертегісі (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)

10 қыркүйек 2016, Сенбі
Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып.
Тақырыптар:
11. «Қырық өтірік» ертегісі
12. Аңыз – әңгімелер, Асан Қайғы
13. Ақсақ құлан, Жошы хан
14. Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу
15. Жиреншенің хан сынағына түскені


№3 Сабақ үлгісі:
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы: 13 қазан
4. Тоқсан:
5. Мұғалім: Р. Қалматаева
Сабақтың тақырыбы: «Қырық өтірік» ертегісі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларды ертегі мазмұнымен таныстыру, кейіпкерлерге мінездеме беру.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылыққа, елді қорғауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: талдау, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: тіл, тарих, география
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. «Сырттандар» ертегісі туралы түсінік.
2. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме жазу.

ІІІ. Білім тексеру:
«Сырттандар» ертегісі бойынша
1. Бай баласы қандай түс көрді?
2. Әке – шешесі не істеді?
3. Түсті кім және қалай жорыды?
4. Бала қасқырдан қалай қашып құтылды?
5. Баланың қасқырдан қашып құтылуына кім көмектесті?
6. Қара ауыз ит қара қасқырды қалай жеңді?

ІV Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Жоспар:
1. Ханның халқына шығарған жарлығы.
2. Тазша баланың хан алдына келуі.
3. Ханның Тазша баланы мысқылдауы.
4. Тазша баланың өтірік әңгімесі.
5. Тазша баланың өтірік әңгімесінің аяқталуы.
6. Ханның Тазша балаға таң қалуы.
7. Тазша баланың өтірік өлеңі.
8. Ханның жеңілуі.
Жоспар бойынша мәтін бөлімдерге бөлініп, әр қатарға топтастырылған тапсырмалар беріледі.

VІ. Түсінік тексеру:
1. Өтірік әңгімені толық оқып шығып, мазмұнын естеріңе сақтаңдар.
2. Өтірік әңгіменің оқиғасының қызық та күлкілі болып шығуына, мән мағынасына зер салыңдар.
3. Өтірік әңгіменің оқиға тұтастығын аңғар.
4. «Қырық өтірік» атты әңгіменің тууына себепші болған оқиғаны баяндап, мәтіннен тауып оқыңдар.
5. Тазша баланың қырық өтірік әңгімесін өз алдына оқып, бөлімдерге бөліп қараңдар:
а) жоғалған құлын хикаясы;
ә) қоянның оқиғасы;
б) етіктің шатағы.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
1. Әр бөлімнің мазмұны мен оның ішіндегі әңгімені бөлек айтыңдар, оның неге өтірік екенін дәлелдеңдер.
2. Өтірік өлеңнің әр шумағын жеке – жеке оқып, оның мәнін, мағынасын түсіндіріңдер.
3. Өтірік әңгімеден тұтастай қарағанда қандай құндылықтар аңғаруға болады?
4. Ертегінің басталуы мен аяқталуында өздерің бұрын оқыған ертегілермен ұқсастық бар ма?
5. «Қырық өтірік» ертегісін ертегілердің шыншыл түріне қандай сипаты жағынан жатқызуға болады?
6. Ертегіге берілген суреттерге қарап әңгімелеңдер.

VІІІ. Сабақты қорыту:
1. Бағалау
2. Үй тапсырмасын беру.
1. «Өтірік өлең» туралы түсінік
2. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
4 689
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аңыз әңгімелер, шешендік сөздер
Аңыз әңгімелер, шешендік сөздер
Аңыз дегеніміз – тарихта болған адамдардың халық үшін еткен еңбегі, жасаған игілікті іс - әрекеттері жайлы туындаған шығарма. Аңыз әңгіменің өзіне тән ерекшелігі – тарихи шындық пен қиялдың аралас жүретіндігі.
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 26. «Сөз және мағына» атты тарауды қайталау 27. Жазбаша жұмыс 28. Сөздік қор туралы түсінік 29. Сөздік қордың өзіндік ерекшелігі 30. Қазақ тілінің сөздік құрамы
Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 6. Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып 7. Сөз бен мағына 8. Сөз мағыналарының сипаты 9. Сөз мағынасының өзгеруі 10. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Күнделікті сабақ жоспары топтамасы. Шешендік сөздер
Күнделікті сабақ жоспары топтамасы. Шешендік сөздер
Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы – шешендік сөздер. Шешендік сөздер – елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр сөздері. Ол сөздер мәйекті, өткір болғандықтан елге тез тарап, ауыздан – ауызға көшіп сақталып отырған.
Қысқа мерзімді жоспар
Қысқа мерзімді жоспар
Ертегі мазмұнын сұрау, басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білуге үйрету
"Ақсақ құлан, Жошы хан" аңызы
"Ақсақ құлан, Жошы хан" аңызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сыздықова Жанар Қиноятқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×