Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Ақсақ құлан, Жошы хан" аңызы

07 қаңтар 2014, Сейсенбі
Әдебиет (5 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Ақсақ құлан, Жошы хан
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға «Ақсақ құлан, Жошы хан» аңызы туралы түсінік беру, оларды тілдік тараптан талдауға үйрету.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, табиғаттың берген сыйына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: Ашық сабақ.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Мәнерлеп оқу, әңгімелеу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Аңыз – әңгімелер жинағы. «Ақсақ құлан, Жошы хан» ертегісі
Пәнаралық байланыс: Тіл, тарих, география.
Пәнге қажет құрал - жабдықтар: Интер белсенді тақта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Асан Қайғының жерұйықты іздеп жүрген кезінде аралаған жерлерін суретке түсіріп келу.

ІІІ. Білімдерін тексеру:
Кеспе қағаздармен жұмыс:
1. Аңыз дегеніміз не?
2. Аңыз қалай пайда болған?
3. Аңыз – әңгіме неден құралады?
4. Аңыз – әңгіме бізге қалай жеткен?
5. Асан Қайғы жерұйықты қалай іздеген?
6. Асан Қайғы қайда қайтыс болған?

ІV. Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Интер белсенді тақта арқылы «Ақсақ құлан, Жошы хан» туралы аңызды көру. /9 минут/. Оқушылардан мазмұнын сұрату.

VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ - жауап:
1. Жошы ханның жас баласы қалай қайтыс болған?
2. Жошы қаһарын қалай төкті?
3. Жошы не деп жарлық шығарды?
4. Жошыға баласының өлгенін кім және қалай естіртті?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
• Аңыздың оқулықта келтіріліп отырған екі нұсқасын да ой сала, мәнерлеп оқып шығыңдар.
• Кет Бұға күйшіге оқулықтағы суретті пайдалана отырып, мінездеме беріңдер.

VІІІ. Сабақты қорыту:
1. Бағалау: Бағалау парақшалары арқылы оқушылар өздерін бағалайды.
2. Үй тапсырмасын беру.
1. Аңыздың фольклорлық нұсқасы мен белгілі жазушы Мұхтар Мағауин жазған әдеби үлгісін салыстырып, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің ұқсастығы мен айырмашылығына зер салыңдар.
18 455
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қырық өтірік ертегісі (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Қырық өтірік ертегісі (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып. Тақырыптар: 11. «Қырық өтірік» ертегісі 12. Аңыз – әңгімелер, Асан Қайғы 13. Ақсақ құлан, Жошы хан 14. Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу 15. Жиреншенің хан сынағына түскені
Асанқайғының Жерұйықты іздегені
Асанқайғының Жерұйықты іздегені
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шаған Жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ханов Шохан Уалиханович
Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай аулында»
Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай аулында»
Жалпы мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, тілдік тараптан талдауға үйрету, адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
Ақсақ құлан
Ақсақ құлан
Атырау облысы,Исатай ауданы, Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Есқалиева Ақзагүл
Ақсақ құлан, Жошы хан
Ақсақ құлан, Жошы хан
Өтегенова Набия Төлегенқызы Қазақ тілі мен әдебиеті және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі БҚО Казталов ауданы, Казталов ауылы, Казталовка ОЖББМ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×