Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күнделікті сабақ жоспары топтамасы. Шешендік сөздер

16 қыркүйек 2016, Жұма
Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып.
Тақырыптар:
16. Шешендік сөздер. Тайкелтірдің төрелігі
17. Байдалы бидің көңіл айтуы
18. Қазыбек би мен Бұқар жырау
19. Сырым мен Малайсары
20. Қасиетті Құран Кәрім жайында


№4 Сабақ үлгісі:
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы: 14 қараша
4. Тоқсан: ІІ
5. Мұғалім: Р. Қалматаева
Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздер.
Тайкелтірдің төрелігі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды Шешендік сөздер туралы түсінік беру, Тайкелтірдің төрелігі шешендік сөздерімен таныстыру, түсінік беру,
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік сөздер» кітабы
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, география.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Жиреншенің хан сынағына түскені туралы аңызды әңгімелеу.

ІІІ. Білім тексеру:
Сұрақ жауап
1. Хан Жиреншеге қырық сиыр беріп қалай сынады?
2. Хан Жиреншеге: «Біздікіне келгенде жолмен де жүрмесін, жолсызбен де жүрмесін» - деген сөзіне қалай жауап берді?
3. Хан Жиреншеге сексен еркек қой бері: «Көктемде қой қоздағанда осы қойларды қоздатып кел» - деген сөзіне қандай айла тапты?

ІV Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Шешендік сөздер
Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы – шешендік сөздер. Шешендік сөздер – елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр сөздері. Ол сөздер мәйекті, өткір болғандықтан елге тез тарап, ауыздан – ауызға көшіп сақталып отырған. Шешендік сөздер әдетте екі адамның белгілі бір талас мәселені шешудегі сөз жарысында туып, елге жайылып кетеді. Ондай дауды негізінен билер шешіп отырған. Сондықтан да шешендік сөздерді айтушылар көбіне билер мен шешендер болып келеді.
Шешендік сөздер дау - тартыстардағы айтылған айтыстармен шектелмеген. Көпті көрген өнегелі адамдардың бата – тілек, насихат – нақыл сөздері түрінде де айтылып отырған. Шешендік сөздерде халықтың бастан кешкен оқиғалары, ақыл – ойы, арман – тілегі бейнеленгендігі, тілінің байлығы, оралымдылығы байқалады.
Шешендік сөздер адамды жақсы мінездерге баулиды, бірлікке, татулыққа, сыйластыққа шақырады.
Тайкелтірдің төрелігі
Төле би Тайкелтірдің болашағын болжайды. Төле би атқосшы жігітін шақырып:
- Қонақ үйдегі екі кісіні таласып жүрген ертұрманымен осында әкелші!
- Иә, балам Тайкелтір, осы ертұрманға мына екеуі талас. Бұлар тоқтарлық бітім айтып екеуінде риза етші! – дейді Төле би.
Тайкелтір кереге ілулі тұрған Төле бидің қамшысын қолына алып, ортадағы ерге жақындап барып қамшымен тартып жібередіде есік алдында тұрған Төле бидің жігітіне ерді береді. Дауласып жүрген екі кісі ердің Төле бидің атқозшысына берілгеніне ризалығын білдірді.

VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
1. Шешендік сөздер деген не?
2. Шешендік сөздер қандай сөздерден жасалады?
3. Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні неде?
4. Төле би Тайкелтірді қалай сынады?
5. Тайкелтір даукестерге қандай төрелік сөз айтты?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
• Тайкелтірдің тапқыр сөзін оқып бер
• Өздерің білетін Төле бидің төрелік сөзінен мысал келтір.

VІІІ. Сабақты қорыту:
1. Бағалау
2. Үй тапсырмасын беру.
1. Шешендік сөзер. Тайкелтірдің төрелігі туралы мазмұндау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
8 103
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық шешендік өнер (таңдаулы курс)
Ұлттық шешендік өнер (таңдаулы курс)
Ұлттық шешендік өнер Пән: қазақ әдебиеті Сынып: 6 сынып Аптасына: 1 сағат Барлығы: 34 сағат
Билер сөзі – нақылдың көзі
Билер сөзі – нақылдың көзі
Қызылорда қаласы, М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Керимханкызы Актоты
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді жоспар
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді жоспар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы №31 Т. Бигелдинов атындаға жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шабаева Патима Пазылқызы
1 сынып оқушыларына арналған "Шешендік сөздер" бағдарламасы
1 сынып оқушыларына арналған "Шешендік сөздер" бағдарламасы
Екібастұз қаласының №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Арынова Гүлбану Серікқызы
Шешендік сөздер
Шешендік сөздер
Ақтөбе қаласы, №1 орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Анесова Бейбит Бисенгалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×