Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысқа мерзімді жоспар

26 қараша 2015, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
БҚО, Ақсай қаласының № 5 ЖОББМ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Насретденова Анаргүл Елдосқызы

Тақырыптар
1. Қырық өтірік ертегісі
2. Ахмет Байтұрсынұлы «Екі шыбын»
3. Тазша баланың тапқырлығы

Әдебиет 5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: «Қырық өтірік» ертегісі
Мақсаты: Ертегі мазмұнын сұрау, басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білуге үйрету
Күтілетін нәтиже: А. Ертегі мазмұнын айта алады;
Б. Басты кейіпкерге мінездеме береді
С. Өз ойын еркін жеткізеді, тапқыр болуға дағдыланады
Керекті жабдықтар 5 - сынып оқулығы, кері байланыс парағы
Пайдаланылған әдіс – тәсілдер: СТО: Жоғары, төменгі дәрежелі сұрақтар
ЖАҢА ТӘСІЛДЕР: Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау
Сабақ барысы
Мұғалім әрекеті
Кіріспе 2 минут
Оқушыларды топқа бөлу
2. Үй тапсырмасын тексеру 15 минут
1 - топ
«Керқұла атта Кендебай» ертегісін композициялық құрылысына талдау
1) Кендебайдың дүниеге келуі
2) Керқұланың тағдыры
3) Кендебай мен жетім бала
4) Кедебайдың аралға баруы
5) Кендебайдың биені күзетуі
6) Хан бұйрығы
7) Кендебайдың бұйрықты орындауы
8) Кендебай мен ханның бір - біріне шарттары
9) Баланың ата - анасымен қауышуы
10) Керқұла атты Кендебайдың елі

1 - топ «5 жолды өлең» (Батыр)

2 - топ
Венн диаграммасы
Қендебай
Ер Төстік

3 - топ «Кубизм әдісі» бойынша сұрақтарға жауап береді
1. Сипаттама қай ертегіден?
Ол өзгеше болып өседі. Бір айда бір жастағы баладай, екі айда екі жастағы баладай, бір жылда жаңа өспірімдей алып бала болып өсіпті.
2. «Керқұла атты Кендебай» ертегісінен үзінді. Кімнің сөзі?
«Ардақтаған анаңды алса, Төгілмей ме ырысың. Асқар таудай әкеңді алса, Көрген күнің құрысын».
3. «Керқұла атты Кендебай» ертегісінде Қазанғаптың баласының аты
4. Кендебайдың орнында болсаң қозы баққан балаға қандай жақсылық жасар едің?
5. Керқұла атты Кендебай» ертегісі қандай ертегі түріне жатады?
6. Кендебайдың аты қалай аталады? Жылқы туралы мақал айт.
Кез келген шығарманың тақырыбы және идеясы болады.
Тақырыбы: Керқұла атты Кендебайдың ерлік істері
Идеясы: Жақсылықтың жамандықты жеңуі

Тұсаукесер 3 мин
«Қырық өтірік» ертегісі
- Өтірік дегеніміз не?
- Өтірік айтуға бола ма?
Олай болса, бүгінгі сабағымыз «Қырық өтірік» деп аталады
Әңгімені топқа бөліп беремін.
«әткеншек» әдісі арқылы орындайды
Негізгі бөлім 10 мин
Бүгінгі сабағымыз «Қырық өтірік» ертегісі
«Қырық өтірік» атты әңгіменің тууына себепші болған оқиғаны баяндап, мәтіннен тауып оқы.

Сөздікпен жұмыс 5 мин

Қорытынды 5 мин

Үйге тапсырма:
«Қырық өтірік» ертегісін оқып келу.
Бірнеше бөлімге бөліп, әр бөлімге тақырып қою.
Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 247
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Керқұла атты Кендебай ертегісі
Керқұла атты Кендебай ертегісі
ертегі мазмұнын түсіндіру, басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білуді үйрету, Кендебай бойындағы адами қасиеттердің нақтылап ашу;
Керқұла атты Кендебай ертегісін оқыту
Керқұла атты Кендебай ертегісін оқыту
Ертегінің мазмұнын меңгерте отырып, оның негізіндегі идеяны түсіндіру. Оқушылардың ой қорыту. пікір айту, өз беттерімен ертегіні талдау, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын жетілдіру.
Керқұла атты Кендебай ертегісі
Керқұла атты Кендебай ертегісі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оразалина Әсия Кабиденқызы
«Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі Кендебай бейнесі
«Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі Кендебай бейнесі
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қаюпова Жайнагүл Жақсылыққызы
"Керқұла атты Кендебай" ертегісі
"Керқұла атты Кендебай" ертегісі
Жамбыл облысы, Қаратау қаласы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Батешова Гулжазира Қайырғалиқызы
Керқұла атты Кендебай
Керқұла атты Кендебай
Жангелдин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекенова Индира Қонысбекқызы Сыныбы: 5 сынып Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» Мақсаты: Білімділік: ертегі мазмұнын түсіндіру, басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×