Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күнделікті сабақ жоспары, Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас...»

14 қыркүйек 2016, Сәрсенбі
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 6 сынып
Тақырыптар:
11 - сабақ. Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас...»
12 - сабақ. Сүйінбай Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»
13 - сабақ. Абай Құнанбайұлы «Шоқпардай кекілі қамыс құлақ»
14 - сабақ. Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп бойды алар». «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңдері.
15 - сабақ. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жолама қулар маңайға»

11. Сабақтың өтілетін мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас...»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға Дулат Бабатайұлының өмірі, «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі жайлы толық түрде мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру.
э) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ - жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдеби еттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші мәлімдемесі.
3. Журнал бойынша түгелдеу.
4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.
1. «Күлтегін» жырының мазмұны жайлы сұраймын.
2. Қосымша сұрақтар қойып, өткен тақырыпты қорытындылаймын
3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Дулат Бабатайұлының өмірі, шығармашылығы «О, Ақтан жас, Ақтан жас...» өлеңі жайлы түсіндіремін.
Қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында туады. Ауыл молдасынан оқып, мұсылманша сауат ашады. Алайда, ақындық өнерді ерекше қастерлеген аймақта өмір сүрген, көне ақын, жыраулар мұрасынан, ескі тарихи аңыздар мен эпикалық жырлардан нәр алып өскен Дулат оз заманындағы аса зерделі адамдардың бірі болды. Өнер жолына ерте түскен Дулат XIX ғасырдың орта шенінде Сарыарқадағы ең атақты ақындардың санатына қосылды. Өмірінің соңғы күндеріне дейін үлкен құрметке, даңққа бөленіп өткен ақын 1874 жылы өз елінде қайтыс болады.
Бұқар мен Ақтамберді жырауларды ұстаз тұтқан, көне түркі поэзиясынан тағылым алған, өлеңді суырып салып та, жазып та шығарған Дулат қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып жағынан барынша байыта түсті, түр, көркемдік тәсілдер тұрғысынан жаңа сатыға көтерді. Ақынның терең мағыналы өлеңдері ұлы Абайға да әсер етті.
О, Ақтан жас, Ақтан жас... О, Ақтан жас, Ақтан жас, Сен де жетер ме екенсің? Жетімдіктің белінен Асып өтер ме екенсің? Жарық сәуле көре алмай, Ел шаңына ере алмай, Сол бойы кетер ме екенсің? Жапанға біткен жапырақ Жамылсаң тоңар ма екенсің? Жазғы шыққан бүлдірген Сұғынсаң тояр ма екенсің? Күрек тісін қасқайтып Сұлу сүйер ме екенсің? Бадана көз, тоғыз тор Сауыт киер ме екенсің?

Сабақтың қорытындысы: 1. Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.
2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
3. Үйге тапсырма: Дулат Бабатайұлының «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңін мәнерлеп оқып келу.
Тексердім:

11, 12, 13, 14, 15 сабақтарды қарау
7 485
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, «Адамдық борышың» өлеңі жайлы толық түрде мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру.
Тест, Қазақ әдебиеті 6-сынып
Тест, Қазақ әдебиеті 6-сынып
Тест, Қазақ әдебиеті 6-сынып 1. Дулат Бабатайұлының шығармасын көрсетіңіз? А) «Құлақтан кіріп бойды алар» *В) «О, Ақтан жас, Ақтан жас» С) «Адамдық борышың» Д) «Домбыра» Е) «Әсемпаз болма, әрнеге»
Қазақ әдебиеті пәні бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспар 5 - сынып
Қазақ әдебиеті пәні бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспар 5 - сынып
Қазақ әдебиеті пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар 5 - сынып
Ақтан жырау
Ақтан жырау
Ақтан жырау шығармашылығын, «Не жаман» термесін білу
Ақтан жырау. «Он жаман»
Ақтан жырау. «Он жаман»
Ақтан жырау шығармашылығымен таныстыру. Жыраулық өнер және жыраулар шығармашылығының ерекшелігі, халыққа айтқан өсиеті, батырларға рух беруі жайлы әңгімелеу. Музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғына білу.
Дулат Бабатайұлы "Еспенбет" дастаны
Дулат Бабатайұлы "Еспенбет" дастаны
Тақырыбы: Дулат Бабатайұлы, «Еспенбет» дастаны
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×