Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)

15 қыркүйек 2016, Бейсенбі
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 7 сынып
Тақырыптар:
41 - сабақ. Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы»
42 - сабақ. Ғ. Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесін оқыту
43 - сабақ. Қасым Аманжолов «Өзім туралы»
44 - сабақ. Қасым Аманжолов «Өзім туралы»
45 - сабақ. Шығарма


Қазақ әдебиеті 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы»
Сабақтың мақсаты:
а) «Сөз зергері» аталған Ғ. Мүсіреповтің шығармашылығы туралы оқушылардың таным, білім көкжиегін кеңейту, шығарма мазмұнын ұғындыру;
ә) оқушыларды мейірімділікке, анасын сүйіп құрметтеуге, ананы сыйлап, қадірлей білуге тәрбиелеу; дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру;
б) оқушының өз бетінше салыстыра білу, зерттеу, қорытынды, тұжырым жасаудағы – машығын дамыту;
Сабақтың түрі: іскерлік пен дағдыны жетілдіру, білімді жүйелеу
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену т. б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, кестелері, кітаптары т. б
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Сабақ сұрақ - жауап әдісімен басталады.
1. Ғ. Мүсірепов туралы не білесің?
2. Қандай шығармаларын білесің?
3. Ғ. Мүсірепов кім?

Ғабит Мүсірепов

Ана тақырыбына көп жазған
драматург
жазушы
әдебиеттанушы
киносценарист
қоғам қайраткері
көркем сөз шебері
академик

Мәтінді талдау.
1. Әңгіме неге «Ананың анасы» деп аталған?
2. Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?
3. Әңгімедегі өзіңе ұнаған кейіпкер?
4. Әңгіме қандай тәсілмен жазылған?
5. Табиғатты суреттеген жерін табыңдар?
Табиғат дегеніміз не? Табиғат туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
Шығарманың құрылысы.
Басталуы → Байланысуы → Шиеленісуі → Шарықтау шегі → Шешімі
1. Әңгіме қалай басталады?
2. Әңгіме қалай байланысады?
3. Барымташылар қолында кеткен қыз тағдыры немен аяқталды?
4. Ана сөзіне қарсы тұрған кім?
5. Жалпақ балуан қандай шешімге келді?
Міне, осындай оқиғаларды бір - бірімен байланысып жатқан шығарманы қандай шығарма дейміз?

Мәтінмен жұмыс:
І топ. Шығарманың ішіндегі диалогты тап
ІІ топ. Әңгімедегі сөз айшықтарын тап. Ана бейнесіне жазған қандай шығармаларды білесіздер? Ана Жалпақты қалай тоқтатады? Қандай күш? (дәптерлеріне жаздыру)
Ананың махаббаты

Баласын жақсы көруі
ерекше нәзік сезім
Балаға деген жүрек жылуы

Ананың тілі

Жылы сөзі
еркелетіп айтуы
Мейірімді сөйлеуі

1. Дүниеде не қымбат?
2. Ананы қай кезден бастап іздейсің?
3. Ананың махаббаты қандай?
4. Сенің ең жақын досың, ұстазың кім?
5. Сендер алысқа кеткенде ең бірінші кімді сағынасыңдар? Сонда анаңның қандай қасиеті есіңнен кетпейді?
Ендеше, балалар, дүниеде екі ана бар. Бірі – табиғат ана, екіншісі – адамның анасы. Сол табиғат құдіреттерін анамен қоса айтамыз. Неге? Ол қандай құдірет?
І топ. Топтастырыңыз және 5 жолдық тұжырымдама жазыңыз.
Ана

Өз анамыз
Жер - Ана
Су - Ана
Ауа - Ана
Отан – Ана

1. Зат есім (бір сөз) - Ана
2. Сын есім (екі сөз) - мейірімді, қамқор
3. Етістік (үш сөз) – мәпелейді, өсіреді, тәрбиелейді.
4. Үстеу ( төрт сөз) – шырылдап жерге түскен кезде
5. Түйін сөз (бес сөз) – Ана – ақылшың, ұстазың, досың, қамқоршың.

ІІ топ. Ана туралы мақал - мәтел жазайық немесе «Әлемдегі асыл жан» деген тақырыпқа ой - толғау жазайық.

Қорытынды: Балалар, қай заманда да ана бейнеті ауыр. Түн ұйқысын төрт бөліп, асырап - бағып жеткізген ата - анасын жалғыз қалдыру не болмаса қарттар үйіне өткізу деген қазақ тарихында болмаған. Өмірде кездесіп жататын осындай келеңсіз жағдайлардан аулақ болыңыз, аналарыңның өлшеусіз еңбегін бағалап, мәңгілік қамқор болып өтіңдер.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ананың ұлы махаббаты туралы қазіргі кезеңмен байланыстыра отырып шағын шығарма жазып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
2 632
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы" әңгімесі
Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы" әңгімесі
«Ананың анасы» әңгімесінің мазмұны Соқыр Әйтілес қарттың әңгімесі болатын. Жалпақ балуанға еріп, Ергенектің елін шабуға аттанды. Бала бидің батыры Жалпақ балуан Ергенекті елінің екі рет шабуылдағанын.
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі
Алматы облысы, Талғар қаласындағы №7 мектеп-лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дарменқұлова Ғалия
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Пшанова Аманкул Абубакировна
Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы"
Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы"
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Көшенова Шара Шаймұханбетқызы
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы»
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы»
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рахметқалиева Бақыт
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×