Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі

04 наурыз 2015, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Сабақтың мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру, шығармаларымен таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін, әдеби тіл байлығын, көркем сөз шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге, елін – жерін сүюге, Отанын қорғап қастерлеуге және имандылыққа білімді болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі талдау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап,
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, бүктеме, үлестірме қағаздар, сызба қағаздар, дыбысталған үн таспасы.
Пәнаралық байланыс: музыка.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды дұрыс отырғызып түгелдеу. Оқу құралдарын алдырып, сабаққа назарларын аудару.

Үй тапсырмасын сұрау: Ғабит Мүсірепов кім? Ғабиттің өмірі мен шығармашылығы жайлы түсіндіріп біріңіз? Әңгімені неге «Ананың анасы» деп аталған? Әңгімедегі кейіпкерлерді атап беріңіз? «Боранды түнде» әңгімедегі кейіпкерлерді атап, мінездеме беріңдер.

Жаңа сабақ.
Математикалық ойын «Ғажайып алаң»
Таңбаларды әр түрлі сандарға амалдар қолдану арқылы мына есептерді шығарып, төмендегі үшаяқтардағы жасырын сөзді табайық.
Жауабы: «Өзім туралы»
Бейнетаспадан ақын Қасым Аманжолов туралы өмірдерек көрсету.
Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы Қасым Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы топырағында дүниеге келген. Ол жастайынан жыр шығарып, ән салып, домбыра, скрипкада, күйсандықта жақсы ойнаған. Қасым жастайынан жоқшылықты, жетімдікті сәби кезінен басынан өткізген. Қой бағып, тезек теріп, кісі есігінде де телміреді. Содан болар өткір тілді, қажырлы, қайратты, тік мінезді болып өседі. Қасымның өзі айтқандай «жасық өлең емес, асыл өлең» жазуды өмірінің бар мақсаты еді. Ақын шыншыл, бүкпесіз ақын ұрпағымен ашық сөйлесіп, мақсат – мүддесін, қуаныш – сүйінішін, сенімі мен дүдәмәлін алдыңа жайып тастайды. Ақын қайтыс болғаннан кейін «Өзім туралы» атты өлеңі жарияланады. Бұл өлеңде:
Оның әнін өзі шығарған «Дариға сол қыз», «Туған жер», «Өзім туралы» шығармалары халықтың сүйікті әніне айт Ей, тәкәппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танисың ба сен мені,
Мен қазақтың баласы,- деп, кезінде ағынан жарыла толғаған ақиық ақын Қасым Аманжолов... Тірісінде - ақ аңызға айналған Қасым – ешкімге ұқсамайтын дара тұлға, ақындық шабыты жүрдек тұлпардай шапқан сайын өрлей береді. Оның жалынды да дауылды, нәзік те сыршыл поэзиясы жаныңа жайлы тиіп, баурап алады.
Бейнетаспадан «Өзім туралы» өлеңін тыңдатамын.
Поэмалары: «Ақын өлімі туралы аңыз», «Қытай қызы», «Құпия қыз», «Бикеш», «Естай - Қорлығайын», т. б.
Мәтінмен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Оқушыларға мәнерлеп оқыту. Мәнерлеп оқу дағдысына мән беру.
Абайдың «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» деген ойымен Қасымның өлеңіндегі қай жол үндеседі?
Шаң басқан архивтерден табылармыз» деген М. Мақатаев өлеңі қай жолдармен үндеседі?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 679
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Оқушыларды мейірімділікке, анасын сүйіп құрметтеуге, ананы сыйлап, қадірлей білуге тәрбиелеу; дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру
Күнделікті сабақ жоспары Қ. Аманжолов «Дауыл»
Күнделікті сабақ жоспары Қ. Аманжолов «Дауыл»
Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай жасау, «Дауыл» өлеңі жайлы түсінік беру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
Қасым – жыр, Қасым – ән.
Қасым – жыр, Қасым – ән.
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, «Ю. А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кутпаева Раушан Рамазановна
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бесарық ауылы, №147 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тайғараева Эльмира Нақыпқызы
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев қазақ мектеп – интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әсем Қайратқызы
Қасым Аманжолов Өзім туралы
Қасым Аманжолов Өзім туралы
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы «Шетпе гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Көшкінбаева Динара Мусағалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×