Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы"

23 мам 2014, Жұма
7 - сынып
Сабақтың тақырыбы:
Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы"
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жазушының өмірі, шығармашылығынан мәліметтер беру оның мазмұнын ашу.
Дамытушылық: ізденгіштік қасиеттерін арттыра отырып, дәлелді пікір айтуға үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық жұмыс істей білуге, өзінше тұжырымды ой айта білуге тәрбиелеу.
Тәрбиелік: шығарма идеясы негізінде оқушыларды адамгершілікке, ата – ананы құрметтеуге баулу.
Бірлескен іс - әрекетке бейімдеу.
Әдісі: Жаңа әдіс - тәсілдер. Формативті бағалау. СТО стратегиялары, сұрақ – жауап. Блум таксономиясы
Көрнекілік: Слайд, стикерлер, постерлер, электронды оқулық, интербелсенді тақта.
Барысы
І. Ұйымдастыру
Балалармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру
Сыныпты 4 - топқа бөлу. Гүлдердің түрлеріне. Түймедақ. Қызғалдақ Раушангүл. Сарғалдақ.
1. Білу. Жазушы және оның шығармашылығы туралы біледі.
2. Түсіну. Шығарманы құрылысына қарай мазмұндайды..
3. Қолдану. Мәтінмен жұмыс істей алады.
4. Талдау. Жазушы туындыларын бір - бірімен салыстыра алады.
5. Жинақтау. Проблемалық сұрақ төңірегінде ой өрбітеді.
6. Бағалау. Шығарманы ұғына отырып, мәніне баға береді.

Білу. Жазушы туралы мәліметтер, хронологиялық кесте.
Тақтамен жұмыс. Топтық жұмыс Шапалақтау арқылы бағалау.
Ғ. Мүсірепов туындыларының жанрлық түрлері бойынша постерлер қорғау

Әңгімелері: «Ананың анасы», «Ер ана», «Талпақ танау»
Повестері: «Қос шалқар», «Тулаған толқында»
Романдары: «Қазақ солдаты», «Оянған өлке», «Ұлпан»
Драмалары: «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»
Балладалары: «Жапон балладасы»
Ғылыми еңбектері: «Заман және әдебиет», «Суреткер парызы», «Дәуір дидары»

2. Түсіну. Серпілген сауал әдісі.
Әңгімені композициялық құрылымына қарай талдау. Топпен жұмыс
Әйтілестің:«Оқыңдар, шулап»деп қойып саудагер Рамазанға ертеде өткен оқиғаны жаңғыртып айтуынан басталады.
Әңгіменің дамуы: Әңгімедегі оқиға желісі Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуға аттануынан басталып, әрі қарай жылқыны барымталап келе жатуы, тезек арқалап келе жатқан жас қызды олжалап, аттарына мінгестіріп алуы сияқты жайттарға ұласады. Осылайша оқиға желісі дамып, бір - бірімен байланысып жалғаса береді.
Әңгіменің шиеленісуі: Артынан қуып келген қыз анасының барымташыларды орап алуы.
Әңгіменің шарықтау шегі: Әумесер Кейкінің үкімі қызды шешесімен бірге ат жалына өңгеріп, күндікке алып кету.
Әңгіменің шешімі: Сөзден жеңіліп, ойға шомып, тосылып қалған Жалпақ балуан Ана мен қызына бостандық береді.
Сұрақ - жауап. Сен қалай ойлайсың? Ұшқыр сұрақтар.
Қолдану. Мәтінмен жұмыс. Бағдаршам
1. Ананың сөзі
2. Ананың батырлығы
3. Ананың портреті
4. Жалпақтың сөзі

Семантикалық картамен жұмыс

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 135
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғабит Мүсірепов "Жаңа достар" әңгімесі 2-сағат
Ғабит Мүсірепов "Жаңа достар" әңгімесі 2-сағат
Оқушылардың шығарма авторы туралы жинаған мәліметтерін білген білімдерін бекіту, шығарманы жан - жақты талдауға үйрете отырып, меңгерту
Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Оқушыларды мейірімділікке, анасын сүйіп құрметтеуге, ананы сыйлап, қадірлей білуге тәрбиелеу; дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы Тыштықаева
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы»
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы»
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рахметқалиева Бақыт
Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы"
Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы"
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Дөң орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жұмағазина Г.Ш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×