Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сегіз сері (күнделікті сабақ жоспарлар)

02 қазан 2016, Жексенбі
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 9 сынып.
Тақырыптар:
11. Сегіз сері
12. Біржан сал Қожағұлұлы
13. Біржан мен Сара айтысы
14. Ақан Қорамсаұлы
15. Шоқан Уәлиханов


Сабақтың тақырыбы: Сегіз сері
Сабақтың мақсаты: а) Сал - серілер поэзиясы туралы айта отырып, сал мен серінің айырмашылығын түсіндіру;
ә) оқушыларды адамгершілікке, қайырымды болуға, қоғамдық - саяси дүниетанымын дамыту;
б) Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т. б
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Сал - сері деп кімдерді айтамыз?
2. Сал мен серінің қандай айырмашылығы бар?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Өз кезінде ерекше мұрасымен қалған, қазақ әдебиетіне ақындығымен, айтыскерлігімен, жыршылығымен, білімділігімен атағы жеткен әйгілі Сегіз (шын аты Мұхамет - Қанапия Баһрамұлы Шақшақов) сері екендігі белгілі. Академик Әлкей Марғұлан Сегіз серінің туған уақыты 1808 жыл дейді. «Ол XIX ғасырдың бірінші жартысында жасаған атақты сері. Туған жері Обаған төңірегінен, Ашамайлы Керейлерінен, қыстаулары Маманай Орманның іші. Он екі жасына дейін ауылдағы мектепте оқып, содан кейін Омбыдағы Азия (Азиатская школа) мектебін бітіреді». (Әлкей Марғұлан 1985. А., Ежелгі жыр, аңыздар).

Тоғызға толмай Сегіз ата - анасынан айырылып жетім қалады. Әкесінен айырылған ұл сол өңірге белгілі Шақшақ шешеннің, ұлы атасының тәрбиесінде болады. Сегіздің әкесі Баһрамның арғы аталары қазақ халқы бас ұрып құрметтеген Толыбай сыншы болады. Демек, Сегіз серінің арғы ата - бабалары даңққа бөленген.

Батырлықпенен балуандықтың шыңына жеткен ұлы бабалардың ұрпағы болады.
Жастайынан шалт қимылымен, ерекше ісіменен танылған Сегіз кейіндері қазақша оқуды тастап, Қызылжардағы «Приходьская школада» білім алады. Орыс тілін оңай меңгерген талантты ұл Омбы қаласындағы офицерлер даярлайтын училищені бітіріп шығады. Бірақ, сері елін қанап отырған, жерін талап отырған орыс өкіметіне құлдық қызмет етуден бас тартып, досы Нияз Бағланұлымен патша құрығынан қашып, Сыр бойына кетеді. Сырдың бойында Телікөл, Айнакөл деген жерлерде жаз бойы жүріп, серілік дәурен кешіп, сол маңайдағы қазақты өнерімен тамсандырып, хас жігіт екендігін танытады. Өзі ақын, өзі жыршы, өзі палуан Сегіз күйшілігімен де ерекше көзге түсіп, сол елдегі Рысбике деген сұлуға үйленді, осындай серіге тамсанған Біржан сал өз өлеңінде былай дейді:
Жалғанда мұратына кімдер жеткен,
Көп жақсы менен бұрын өтіп кеткен

Кітаппен жұмыс: Сегіз серінің өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Сегіз серінің өмір сүрген кезеңіндегі жалпы қазақ жағдайы қандай?
2. Сегіз сері бейнесі әлем әдебиетіндегі кімдерге ұқсайды?
3. Сегіз серінің махаббат тақырыбына жазылған қандай өлеңдерін білесіңдер?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Сегіз серінің өмірі мен шығармаларын оқып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
4 226
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ХІХ ғасыр әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
ХІХ ғасыр әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақ әдебиетінің аса бір сүбелі кезеңі ХІХ ғасыр – ХХ ғасыр бас екені анық. Бұл қазақ елінің бостандыққа ұмтылған, өзін - өзі іздеген, өткен күндерін аңсай еске алып, бүгінінен түңіліп, бірақ болашағына үмітпен қараған шағы еді.
Қорқыт ата кітабы (күнделікті сабақ жоспары)
Қорқыт ата кітабы (күнделікті сабақ жоспары)
Қорқыт ата ҮІІІ – ІХ ғасырларда Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген. Ол кісінің мазары қармақшы стансасынан 18 шақырымдай жерде тұр. Қорқыт – түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы. Қобыз
Тоқсандық қайталау (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Тоқсандық қайталау (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Оқушылардың әдебиет пәнінен алған білімдерін тиянақтау; Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
Дәстүрлі әншілік өнер. Ақан Сері, Біржан Сал, Сегіз Сері
Дәстүрлі әншілік өнер. Ақан Сері, Біржан Сал, Сегіз Сері
Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, №4 орта мектебі музыка пәнінің мұғалімі: Сейітова Зергүл Қалиқызы
Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы – ақын, әнші, сазгер
Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы – ақын, әнші, сазгер
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Ж. Бисембаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×