Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХІХ ғасыр әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)

25 қыркүйек 2016, Жексенбі
Қазақ әдебиеті пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 8 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 8 сынып.
Тақырыптар:
21. ХІХ ғасыр әдебиеті
22. Махамбет Өтемісұлы
23. Майлықожа Сұлтанқожаұлы
24. Шортанбай Қанайұлы
25. Қарауылбек Қазиевтің «Менің шешем» әңгімесі


Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасыр әдебиеті
Сабақтың мақсаты:
а) ХІХ ғасыр әдебиеті туралы түсінік бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, т. б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, т. б
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Демалыста оқыған шығармаларын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазақ әдебиетінің аса бір сүбелі кезеңі ХІХ ғасыр – ХХ ғасыр бас екені анық. Бұл қазақ елінің бостандыққа ұмтылған, өзін - өзі іздеген, өткен күндерін аңсай еске алып, бүгінінен түңіліп, бірақ болашағына үмітпен қараған шағы еді. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басы әдебиеттің шын толысып, ауыз әдебиеті кемеліне келіп, жазба әдебиетінің жарағын сайлап, өзге өркениетті елдермен бой таластырған уақыты десек те қателеспейміз.
Бұл дәуір Абай кезі болатын. Бір ғасырдан аса әр тарапты, әр бағытта жолдар Абай маңайында түйісіп, ары қарай Абай әсерін сездіре, ұлттық рухты бойына сіңіре ұласты.
Топтастыру стратегиясы:
ХІХ ғасыр әдебиеті

Қарсылықты поэзия
Сал - серілер поэзиясы
Ағартушылық - жаңартушылық бағыт
мемлекетшілдік - ұлтшылдық бағыт

Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?
2. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
3. ХІХ ғасырда қандай тарихи жағдай болды?
4. ХІХ ғасыр әдебиетіне кімдердің шығармаларын жатқызамыз?

Білімді бағалау:
Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: ХІХ ғасыр әдебиетін оқып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
3 211
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (күнделікті сабақ жоспары)
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (күнделікті сабақ жоспары)
Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармалары тағлымдық шығарма екенін түсіндіру; оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып, шешендік өнерге баулу
Халық ауыз әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
Халық ауыз әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
Ауыз әдебиеті — халқымыздың асыл мұрасы. Ол — төгілген сөз маржандарына бай. Онда халқымыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген тарихи белестері, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлық қимылдары, халықтың әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі, арман -
Етістіктің райлары (күнделікті сабақ жоспары)
Етістіктің райлары (күнделікті сабақ жоспары)
оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау; тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
Тоқсандық қайталау (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Тоқсандық қайталау (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Оқушылардың әдебиет пәнінен алған білімдерін тиянақтау; Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу
Сөз басы (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Сөз басы (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Қазақ әдебиетінен сабақтар топтамасы 7 сынып
Қазақ әдебиетінен сабақтар топтамасы 7 сынып
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Кошбаева Алтынгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×