Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қорқыт ата кітабы (күнделікті сабақ жоспары)

24 желтоқсан 2016, Сенбі
Қазақ әдебиеті пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 8 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 8 сынып.
Тақырыптар:
6. Қорқыт ата кітабы. (ҮІІІ – ІХ ғғ.)
7. Қорқыттың нақыл сөздері.
8. Оғыз қаған жыры
9. Әбунасыр Әл - Фараби
10. Әбунасыр Әл - Фараби шығармалары


Қазақ әдебиеті 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата кітабы. (ҮІІІ – ІХ ғғ.)
Сабақтың мақсаты: а) Қорқыт ата туралы айта отырып, ол туралы аңыздардан мәлімет беру;
ә) оқушыларды адамгершілікке, қайырымды болуға, қоғамдық - саяси дүниетанымын дамыту;
б) Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, деңгейлік тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
1. Түркілердің тауғаштарға елу жыл ісін - күшін беру себебі не?
2. Түрік қағанаты қалай құрылған еді?
3. Орхон жырларының қазақ эпостарымен ұқсастығы неде?
4. Айтар ойы қандай?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Қорқыт ата ҮІІІ – ІХ ғасырларда Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген. Ол кісінің мазары қармақшы стансасынан 18 шақырымдай жерде тұр.
Қорқыт – түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы. Қобыз аспабын алғаш жасап, тартқан адам дейді. Жиырма жасқа жеткенде, түс көріп, түсіндегі ақ киімді кісі: «Қырықтан артық өмір сүрмейсін», - деген соң, нағашылары сыйлаған желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздейді. Қайда барса да алдынан жер қазып жатқан адамдар шығады. «Бұл не?» - деп сұраса, олар: «Бұл Қорқыттың көрі», - деп жауап береді. Жан сақтауға жер қалмаған соң, Сыр суының үстіне кілемін төсеп, аңыратып қобыз тартады. Оның жанын алуға келген ажал күйдің әсерінен неге келгенін ұмытып, тұрып қалады. Қорқыт қалғып кеткен кезде ғана қайрақ жылан болып келіп шығады.
Қорқыт бабаның «Ұшардың ұлуы», «Аққу», «Кілем жайған», «Желмая», «Әупбай», «Башпай», т. б. он шақты күйін қобызшылар сақтап қалған. Қорқытты ажалдан құтқарған қобызы болғандықтан, кейінгі бақсылар ауруды қобызбен емдейтін болған.
Қорқыт айтқан жырлар ХҮ ғасырда қара сөзбен хатқа түскен. Кітапта он екі жыр бар: «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр», «Байбөрі баласы Алып Бамсы», «Тоқа баласы Ержүрек Темірұл», «Төбекөз дәуді өлтірген Бисат батыр», «Хан Төрәлі», «Қазан Саларбектің ауылын жау шапқаны», т. б.
Кітаппен жұмыс: Қорқыт ата туралы аңыздарды мәнерлеп оқиды.

Топтастыру стратегиясы:
Қорқыттың күйлері

Ұшардың ұлуы
Кілем жайған
Желмая
Әупбай
Башпай
Аққу

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Қорқыт ата кітабын оқып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
5 722
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
Қорқыт ата кітабы
Қорқыт ата кітабы
«Қорқыт ата кітабының» тарихилығын, көркемдік ерекшелігін таныту, білімді дамыта отырып, танымдық қабілетін арттыру.
Қорқыт ата кітабы
Қорқыт ата кітабы
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Бөгетсай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маханалина Багдагул Разакбергеновна
Аңыздар. Қорқыт
Аңыздар. Қорқыт
Ана тілі Тақырыбы: Аңыздар Қорқыт Мақсаты мен міндеттері: халық ауыз әдебиеті аңыз үлгілерімен таныстыру;
Қорқыт ата кітабы
Қорқыт ата кітабы
Атырау қаласы, Амангелді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанатаева Айымгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×