Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын есім

22 қаңтар 2017, Жексенбі
Сын есім
Сабақтың мақсаты: Сын есім жайында түсініктерін пысықтау, сын есімнің сұрақтарымен таныстыру, сын есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу дағдыларын дамыту; адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу.

Психологиялық тренинг
Топқа бөліну: Зат есім, Етістік
● Ой қозғау: Баяғы өткен заманда Етістік деген әлемде әртүрлі заттар тіршілік етіпті. Заттардың не түсі, не пішіні болмай қызықсыз өмір сүріпті. Күндердің күнінде бұл елге өте алыс жерден Сын есім қария келіп елмен танысады екен. Сонда қария аң - таң болып, әр тұрғынмен танысып, сөйлеседі: - Сенің атын кім? - деді қария заттың атымен танысайын деп.
- Алма – деп жауап берді ештеңеге ұқсамайтын зат.
- Мұнда не істеп жүрсің? – деді қария іс - қимылын білейін деп.
- Күз келгендіктен біз пісеміз – деп жауап береді.
- Сын есімнің жаны қатты ашып, барлық заттарға қуаныш сыйлайын деп сөзін бастайды.
- Алма сен бұдан былай, қызыл, домалақ, дәмді алмасын – дегені сол еді алмамыз қып - қызыл, домалақ болды да қалды. Солай бір апта бойы қонаққа келген Сын есім қария қол үзбей жұмыс істейді екен. Бұл елде бақыт орнау үшін бізде өзіміздің қол ұшымызды беріп көрейік. - Шөп қандай болады? (жазыл, сары) - Аспан қандай болады? (көгілдір, үлкен)
- Жарайсыңдар балалар, енді ой түйіп көрейік.
● Сын есім
(заттың сынын, пішінің, түрін білдіреді Қандай? Қай? сұрақтарына жауап береді.
Мысалы: Сәбіз - қызғылтсары, сопақ, тәтті
Гүл - сары, домалақ, әдемі
Кітап - көк, төртбұрыш, әртүрлі
Доп - ақ, домалақ.

Мағынаны тану: «Ақ қалпақ»- статистикалық
«Сары қалпақ» - сәттілік (сәтті кезеңдерді айтады)
«Қара қалпақ» - сәтсіздік, оқып жатқан мәтіннің сәтсіз тұстарын айтады.
«Көк қалпақ» - аналитикалық, барлық топтың пікіріне талдау жасайды.
«Жасыл қалпақ» - шығармашылық, жаңаша идеялар мен болжамдар жасайды.
«Қызыл қалпақ» - сезімтал, топ оқиғаны оқу барысында бастан кешірген сезімдерін тұжырымдайды. Әр тапсырма сайын екі топ бір бірлерін бағалау.( Жасыл ­ түсінікті, бәрі дұрыс: Қызыл­ қате көп, түк түсінген жоқпын: Сары ­ сұрағым бар.
Ақ қалпақ: 1 - жаттығу: Сөйлемдерді көшіріп жаз, және сын есімдердің астын сыз.
Гүлнүр әдепті қыз. Ұстаз құрметті адам. Көмір пайдалы қазбаларға жатады. Бүркіт ұясын биік қияға салады. Еркін көрші ауылға кетті
Сары қалпақ: 2 - жаттығу: Берілген сөйлемдерді көшіріп алып, жағымды сын есімдердің астын сыз.
Түйенің жаңа туған ботасы әдемі, сүйкімді болады. Қап қара, мөп мөлдір екі көзі бал бұл жанып тұрады. Сол үшін қазақтар қызын сұлу ботаға теңеп, оған “Ботагөз” деп ат қойған. Бота әдеміліктің, сұлулықтың белгісі.
Қара қалпақ: Сөйлемдерді көшіріп жаз, Жақсы сөздердің мағынасына қарама - қарсы сыңарын тап.
Жақсы, әдемі, сұлу, тәтті, ақылды, таза, ақ.
Көк қалпақ: Берілген сөздердің түсі, дәмі, пішіні, көлемі бойынша білдіретін белгілерді кестеге орналастыр: қияр, гүл, сандық, кітап, сәбіз.
Зат атауы - алма
Түсі - қызыл
Дәмі - тәтті
Пішіні – домалақ
Көлемі – кішкентай

Сергіту сәті: видео гүлдердің көрсету және сын есімге байланысты сөздерді айту.
Жасыл қалпақ: 5 – жаттығу:
Сурет бойынша жазылған мәтінді сын есімдермен толықтыр.
Қызыл қалпақ:
Рефлексия: «Менің көңіл­ күйім» Сабақ бүгінгі ұнады ма?

Ой қорыту:
Бұл екеуінің ұқсастығы неде деп ойлайсыңдар?
Екеуі де сөз табы
Зат есім деген не?
Сын есім деген не?

Үйге тапсырма: 3 жаттығу.
Бағалау.
3 828
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сын есім
Сын есім
Сын есім жайында түсініктерін пысықтау, сын есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу дағдыларын дамыту; адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім туралы білімдерін тереңдету, сан есімнің мағыналық түріне қарай неше топқа бөлінетінін таныстыру. Оқушылар сан есім және сан есімнің түрлерін, есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыруды біледі.
Зат есім
Зат есім
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ынтымақ негізгі жалпы білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұржанова Қызғалдақ
Сан есімді бекіту
Сан есімді бекіту
№16 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова А. М.
381 - 384 жаттығу жұмыстары
381 - 384 жаттығу жұмыстары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Еңсегенова Бақтыгүл
Сөз таптары Қазақ тілі 3-сынып
Сөз таптары Қазақ тілі 3-сынып
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың сөз таптары туралы білім, білік, дағдыларын жетілдіру; Дамытушылық: Оқушылардың қиялын шыңдау, байланыстыра сөйлеу тілін арттыру, сауатты жазуға баулу;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×