Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


М. Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай», «Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны» өлеңдері

01 ақпан 2017, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: М. Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай», «Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны» өлеңдері
Сабақтың мақсаты: Білімділік. Махамбеттің өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімдерін тереңдету, қосымша мәліметтер арқылы ақын туралы деректермен таныстыру, өлеңдерінің мазмұнын меңгерте отырып, тақырыбы мен идеясына, тілінің көркемдік ерекшелігіне назар аударту, талдату.
Тәрбиелік. Өлеңдерінің мазмұны мен идеясы арқылы оқушыларды батырлыққа, ерлікке, елдікке, отансүйгіштікке, ар - намысты жоғары қоя білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық. Оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызша тіл байлығын шығарманы талдау арқылы, өз көзқарастарын жеткізе, дәлелдей білуін дамыту.
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, мәнерлеп жатқа оқу, мәтінмен жұмыс, өзіндік жұмыс, топпен жұмыс;
Сабақтың көрнекілігі: Графопроектор, слайд, электрондық оқулық

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеп, сабаққа назарларын аудару. ә) Топқа бөлу
Сабақты бастамас бұрын Психологиялық дайындық.
Арайлап шықты жаңа күн,
Шуағын шашып баршаға.
Кәне, досым, күлімде
Шаттық орнасын жүзіңде!
Сыныпта жақсы көңіл - күй орнатып, балалардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабаққа шолу:
Балалар, біз сендермен өткен сабағымызда Махамбет Өтемісұлының өмірі мен өмір сүрген заманына, шығармашылығына шолу жасағанбыз. Бүгін енді осы тақырыбымызды талдауды ары қарай жалғастырамыз. Бүгінгі сабағымызды мен мынадай 3 бөлікке бөліп қарастырып отырмын. Бүгін осы бөлік бойынша жұмыс жүргіземіз.
1. Махамбет және ол өмір сүрген заман
2. Махамбет поэзиясы, тілі
3. Махамбет және бүгінгі кез
- Енді бірінші кезеңге тоқталайық.
Махамбет және ол өмір сүрген заман
Махамбеттің өмір сүрген кезеңін біз үш кезеңге бөліп қарастырамыз:
Махамбет және ол өмір сүрген заман
1. Балалық, жастық шағы
2. 2. Көтеріліс кезінде
3. Көтерілістен кейінгі кезең

1. Балалық жастық шағы
Махамбеттің жастық шағына шолу жасау үшін сұрақ - жауап әдісі бойынша жауап аламын
Сұрақтар:
1. Махамбеттің туған жылы мен туған жерін атаңыз.
2. Ханның Махамбетті өзіне жақын тартып, ордасында ұстаудағы мақсаты не?
3. Махамбет Өтемісұлының хан ордасынан қол үзіп кетуіне не себеп болды?
4. Он екі төбет, шұнақ хан,
Шабатының ел екен,
Күндейтінің мен екем,
Хан ұлына қас болу,
Қара ұлына бас болу,
Мендей ерге жөн екен, - деген өлең жолдарын ақын қай кезде және кімдерге арнап айтқан?
Мұғалімнің қорытындысы:
Сарай ішіндегі өмір, байлар мен билермен жақын араласуы Махамбетке олардың шын бет пердесін ашып, оларды тануға көмектеседі. Махамбет Жәңгірден біржола кеткенге дейін екеуі біраз уақыт келісе алмай жүрген. Жәңгір өзін ақсүйек ханмын десе, Махамбет өзін елге беделді ақынмын, қайтпас батырмын деп есептеген. Ақыры хан ордасынан қол үзіп кетерінде сарайдағыларға осы өлеңін айтып кеткен екен. Бұл шамамен 1826 - 1827 жылдар шамасы болса керек.
2. Көтеріліс кезінде

Көтеріліс кезіндегі Махамбет өмірін еске түсіру үшін мынадай тапсырмалар берілген:
Тапсырма:
Берілген цифрлар кестесіне сүйене отырып, 2 - кезеңді айтып шығыңыз
Сұрақтар:
1.« Әй, Махамбет жолдасым» өлеңі қалай жазылған?
2. Осы өлеңінде ақын көтерілісшілер айбынынан сескенген хан айналасындағылардың кескін - келбетін қалай суреттеген? Мәтіннен тауып оқыңдар.
3. Исатай батырдың елі үшін, дос - жарандары үшін жанын қиюға бар батыр екенін өлеңнің қай жерінен аңғарамыз?
4. Махамбеттің көтеріліс кезінде шыққан тағы қандай өлеңдерін білесіңдер?
( « Соғыс», « Ереулі атқа ер салмай», « Беркініп садақ асынбай», « Толарсақтан саз кешіп», « Мұңайма», « Исатай деген ағам бар», « Мен құстан туған құмаймын», т. б.)
5. Бұл кездегі өлеңдерінің ерекшелігі неде еді?
6..« Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жатқа оқыңыз
3. Көтеріліс басталғаннан кейігі кезең.
Сұрақтар:
1. Көтеріліс басылғаннан кейінгі кезең туралы не білесіз?
(Исатай қаза тауып, көтеріліс басылған кезеңді екіге бөліп қарастыруға болады:
Махамбеттің жайықтан өтіп, қол жиюға әрекеттенуі
Ол ісі жүзеге аспай, 8 жыл бойы сергелдеңге түсіп, қуғынға ұшырауы, сатқындықпен өлтірілуі.
2. Махамбеттің осы кезде өмірге келген қандай өлеңдерін білесіңдер?
( «Мінкен ер», «Тарланым», «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Қызғыш құс», «Жалғыздық», «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны», т. б.)
3. Махамбеттің бұл кезеңдегі өлеңдерінің сарыны қалай еді?

Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Жалаңаш ауылы,
Жамал Ермегияев атындағы
орта мектебінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі
Қуатбекова Асылхан Тұрсынқызы

Толық нұсқасын жүктеу
16 784
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Өтемісұлы шығармаларының тақырыбы
М. Өтемісұлы шығармаларының тақырыбы
Махамбеттің шығармашылығы туралы түсінік беру, өлеңдерінің мазмұнын игерту, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру; Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру;
Махамбет - күрескер ақын
Махамбет - күрескер ақын
Атырау облысы, Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагулова Гүлжан Жардемқызы
Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі
Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, №1 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупбекова Жанар Куанышевна
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ксупова Базаркул Жарылкасыновна
Махамбет – егемен елдіктің өшпес рухы
Махамбет – егемен елдіктің өшпес рухы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каржаубаев Руслан Мулдабаевич
Махамбет Өтемісұлы "Соғыс"
Махамбет Өтемісұлы "Соғыс"
Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын селосы, Нарын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бөбек Есмағанбетова Ғалымжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×