Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл дыбыстары

01 ақпан 2017, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Тіл дыбыстары
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тіл дыбыстары туралы бастауышта алған білімдерін еске түсіре отырып, тіл дыбыстары туралы кеңінен түсінік беру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты:
Алынған білімді есте сақтауға дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін ұштау, нақты, дәлелді сөйлеу дағдыларын дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
Орындалатын тапсырмалар арқылы бір - бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру. Өз еңбегін әділ бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу. Оқу құралдарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 128 - жаттығу. Берілген шартын толық орындау.
ІІІ. Жаңа сабақ: Тіл дыбыстары дегенде қандай түсініктер ойларыңа келеді? Бастауыш сыныпта өткендеріңді естеріңе түсіріңдерші.
Оқушылардан күтілетін жауап: дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар т. б.
Сөздік жұмыс (дәптерге жазғызу)
Фонетика гректің «фоне» деген сөзі негізінде қолданысқа енген. Фоненің мағынасы - дыбыс, үн, дауыс.
Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала. Фонетика дыбыстардың жасалуы, айтылуы, естілуі және буын, екпін, интонация мәселелерін қарастырады.
Адамның тілі - дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары болмаса, тіл өмір сүре салмайды. Егер сөз дыбыстардың тіркесі түрінде айтылмаса, тіл қатынас құралы да, пікір алысу құралы да болмас еді.
Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бір дыбыс әлденеше сөздің құрамында қолданыла береді. Ол үш түрлі сипатта болады. Мысалы: мал, тал, қал. Бұл сөздердегі дыбыстардың саны бірдей, бірақ бір дыбыс өзгеше болғандықтан, мұндағы сөздердің мағынасы да әр түрлі болып тұр. Екіншісі – сөздердегі дыбыс санының әр түрлі болып келуі (бала, ала, ал). Үшіншісі: сөздегі дыбыстардың орын тәртібі (тас – сат, қас – сақ)
Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу мүшелеріне өкпе, дауыс шымылдығы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, таңдай, тіл, ерін жатады. әр дыбыстың жасалуына сөйлеу мүшелерінің қатысы да әр түрлі. Соған орай тілдегі дыбыстар да әр түрлі болады.

Проблемалық сұрақ қою арқылы жаңа сабақты түсіндіру
Мына сөздерге назар аудартып, сөздердің қандай өзгеріске ұшырап тұрғанын айтқызу:
Бас, тас, жас, қас, нас
Ескек, кек, ек
Қал - лақ, түс - сүт, кел - лек
Интерактивті тақта арқылы кестелерді пайдалана отырып, оқушылармен бірге жаңа сабақты меңгеру

Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Жаланаш ауылы, Ж. Ермегияев атындағы
орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі Қуатбекова Асылхан Турсынқызы

Толық нұсқасын жүктеу
3 163
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Х, Һ дыбыстары
Х, Һ дыбыстары
Дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін пысықтау. Х дауыссыз дыбыс негізінен орыс тілі арқылы кіргенін, ал һ дауыссыз дыбыс кейбір шығыс сөзінде қолданатынын түсінеді.
Х, Һ дыбыстары жаттығу жұмыстарын орындау
Х, Һ дыбыстары жаттығу жұмыстарын орындау
Әріптер мен дыбыстарды ажырату талдау жасау.
Дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстар жайлы алған білімдерін кеңейту, тіл дыбыстары және олардың жіктелуін еске түсіру. Тіл дыбыстарын дұрыс қолдана білуге және ұлттық салт дәстүрді бағалай білуге тәрбиелеу.
Ы - І дыбыстарын ажырату
Ы - І дыбыстарын ажырату
[Ы] және [І] дыбыстары қатысты сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту 2. балалардың танымдық қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Фонетика - фонематикалық есту қабілетін арттыру. Өз
Тіл дыбыстары
Тіл дыбыстары
Астана қаласы, «№66 мектеп - лицей» мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Толеубаева Самал Жақсылыққызы
Тіл дыбыстары
Тіл дыбыстары
Қызылорда облысы, Шиелі кенті, №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Рүстемова Гүлмира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×