Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етіс түрлерін қайталау

11 қыркүйек 2017, Дүйсенбі
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Етіс түрлерін қайталау
Лексикалық тақырыбы:«Менің арман мектебім. Назарбаев зияткерлік мектебі»
Сабақтың мақсаты:
білімділік - етіс түрлерін ажырата білуге дағдыландыру, әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың меңгеру деңгейін байқай отырып, өткен сабақтарды бекіту.
дамытушылық - тіл, сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөйлеу машықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін дамыту;
тәрбиелік - ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, талдауға алынған мысалдар арқылы адамгершілік қасиеттерге, ұлттық құндылықтарды сүйе білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
 Етіс түрлерін бір - бірінен ажырата алады, етіс түрлеріне еркін талдау жасап, өмірде қолдана алады;
 Топтық, жеке жұмыстар арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағытталады, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады;
 Ойлау қабілеттері дамиды, тілдік қоры көбейіп, жазу машықтары қалыптасады.
Сабақтың түрі: өткен сабақты бекіту
Сабақтың әдісі: оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері
Пәнаралық байланыс: этнопедагогика, ән, әдебиет, бейнелеу
Қолданылатын көрнекіліктер: интербелсенді тақта, флипчарт, стикер, постер, маркер

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе.
- Балалар, бүгін сабақта сендерге сәттілік тілеймін, өйткені бүгінгі сабақ ерекше. Сендердің өткен сабақтарың бойынша алған білімдеріңді пысықтап, қорытынды жасаймыз және жаңа мағлұматтар аламыз.
- Бүгін сендердің сабаққа деген көзқарастарың, алған білімдеріңнің сапасы анықталады. Әр оқушының міндеті «4» пен «5»- ке оқу, өйткені келешекте сіздер өз республикамыздың жақсы азаматы болуларыңыз тиіс. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың халқына арналған жолдауында айтқандай, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін толық біліп, жоғары білімді және жоғары төлемді жақсы білімдеріңді көрсете аласыңдар деп сенемін.
- Бұрын бір кезде М. Горкий былай деп айтыпты: «Жазуды бастардың алдында мен өзіме үш сұрақ қоямын: не жазғым келеді?, қалай жазғым келеді?, не үшін жазғым келеді?»
(«Прежде чем начать писать, я задаю себя три вопроса: что хочу писать?, как написать?, и для чего написать?» М. Горький)
М. Горький айтқандай, мен де бүгінгі сабақта үш сұрақтың жауабын тыңдағым келеді.
«Мен не білемін?», «Мен не білгім келеді?», «Мен не білдім?»

Өткенді қайталау, тиянақтау «Мен не білемін?»
І тапсырма: «Сұрақты тап?»
Сұрақтың бірнеше жауабы ұсынылған, қандай сұрақ екенін табу.

ІІ. Семантикалық карта

«Мен не білгім келеді?»
«Ой қозғау»
1. Назарбаев атындағы Зияткерлік мектебі туралы қандай мәлімет білесіңдер?
2. Бұл мектептің басқа мектептерден айырмашылығы не деп ойлайсыңдар?
3. Назарбаев атындағы Зияткерлік мектебі қай қалаларда орналасқан?

(Қосымша мәліметтер беріледі, фотосуреттер мен видеофильмдер көрсету).

ІІІ тапсырма: Крестиктер - нөлдіктер
1. 1 - ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.
2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.
3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1 - ші команда сол квадратқа крестик қояды.
4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2 - ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.
1. Етістік дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
2. Етістіктер құрамына қарай нешеге бөлінеді?
3. Болымсыз етістік қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
4. Салт, сабақты етістіктерді қалай ажыратамыз?
5. Қимылдың, іс - әрекеттің орындаушыға, яғни қимыл иесінің істелетін іске қатысын білдіру үшін белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын етістіктің түрі қалай аталады?
6. Етістің неше түрі бар? Қандай?
7. Өздік етістің жұрнағы?
8.- ғыз,- гіз, қыз,- кіз,- дыр,- дір,- тыр,- тір,- ыр,- ір,- т жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі?
9. Ырықсыз етіс дегеніміз не?
10. Бірнеше орындаушы арқылы іске асатын етіс түрі?
11. Бір жұрнақ екі етіске ортақ. Ол қай етістер? Оны қалай ажыратамыз?
12. Омар мен Оспан хат жазысты деген сөйлемде қандай етіс қолданған?

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы,
Жамбыл ЖОББ мектеп - балабақшасының
жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Олжатаева Камшат Хамзақызы

Толық нұсқасын жүктеу
3 524
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бірлік пен ынтымақ елі. Ортақ етіс
Бірлік пен ынтымақ елі. Ортақ етіс
Өскемен қаласы. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ахметова Маншук
Ортақ етіс
Ортақ етіс
БҚО, Казталов ауданы, Қараөзен мектеп - лицейі Тасқалиева Альбина Ерболатқызы
Есімше
Есімше
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ескене ауылы Талдыбұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Садықова Өрік
Өздік етіс
Өздік етіс
Қызылорда қаласы, № 267 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күнтуарова Ақмарал Амангельдықызы
Етістер
Етістер
Етістіктің етіс түрінің өзіне тән ерекшеліктерін түсінуге бағыт - бағдар беру, олардың түрлерімен танысу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, тіл өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Ырықсыз етіс
Ырықсыз етіс
Астана қаласы №53 мектеп - лицей мұғалімі Базарова Ақкенже Мырзақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×