Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістер

07 наурыз 2013, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Етістер (презентация сабақ)
Сабақтың мақсаты: Етістіктің түрлерін ажырата білуге үйрету
• 1. Білімділік: Етістіктің етіс түрінің өзіне тән ерекшеліктерін түсінуге бағыт - бағдар беру, олардың түрлерімен танысу.
• 2. Тәрбиелік: Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, тіл өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
• 3. Дамытушылық: Жаңа әдісті қолдану арқылы білімдерін көтеру.
Күтілетін нәтижелер:
• Етістіктен етісті ажырата білу
• Оқушылардың сөздік қорын кеңейту
• Ұйқастарды таба білу
Сабақтың әдісі: Проблемаларды мазмұндау, ішінара іздену.
Ұйымдастыру формасы: Блум таксономиясы.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, қазақ әдебиеті.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта. Иллюстрациялармен жұмыс.

Сабақтың құрылымы:
Ой қозғау: Үй тапсырмасын сұрау (5 мин)
Топтық жұмыс (5 мин)
Мағынаны тану: Иллюстрациямен жұмыс (3 мин)
Оқулықпен жұмыс (10 мин)
Сатылай кешенді талдау (10 мин)
Ой толғаныс: Бес жолды өлең шығару (10 мин)
Бағалау (2 мин)

Қызығушылықты ояту. Оқушыларды сурет арқылы топқа бөлу.
Топ басшысы тақтадағы «Вассерман» технологиясы бойынша сызылған бағалау парағына топ мүшелерінің аты - жөнін жазып шығады.

Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген 234 - жаттығудың орындалуын тексеру.
Сабаққа ену, оқушыларды қызықтыру үшін түрлі қимылдағы анимациялар көрсету арқылы жаңа сабаққа енемін.
Білу(Диалогтік әдіс)
1. Етіс дегеніміз не?
2. Етістің қандай түрлері бар?
3. Етістіктер мен етістерді қалай ажырата аламыз?
Түсіну кезеңінде құралған суреттерге өз топтарының атаулары бойынша етістің жұрнағын жалғап, сөз тіркесі не сөйлем құрау тапсырылады.
Қолдану кезеңінде жаттығулармен жұмыс орындалады. Төрт топқа төрт түрлі жаттығу беріледі. Жаттығуды А4форматты параққа орындалады.
Талдау кезеңінде арнайы шығарылған парақтарға етістіктерге сатылай кешенді талдау жасау тапсырылады.
«Сергіту сәті»
Сабақты қорытындылау. Жинақтау бөлімінде «бес жолды өлең» әдісін қолданамын. Төрт топқа төрт түрлі етістерге өлең құрауды тапсырамын.
Сабақтың рефлексиясын Инсерт – «түртіп алу» әдісімен қорытындылаймын.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы,
Байырқұм ауылы Мұхтар Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мырзабекова Мадина Дауылбайқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 183
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есімшенің түрленуі
Есімшенің түрленуі
Есімше етістіктің негізгі және туынды түбіріне етіс және болымсыз етістік тұлғаларына төмендегідей жұрнақтар қосылу арқылы жасалады. Тақтаға жұрнақтар жазылған плакат ілінеді.
Етістіктен өткенді қайталау
Етістіктен өткенді қайталау
Алматы облысы, Балхаш ауданы, Береке ауылы, Береке орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Исаева Күлмайра Хасенқызы
Өздік етіс
Өздік етіс
Қызылорда қаласы, № 267 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күнтуарова Ақмарал Амангельдықызы
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева Баяндама: Әдебиет сабағында «Сатылай кешенді талдау” технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Өнердің түрлері
Өнердің түрлері
Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, № 31 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Н.Н. Әлімбетова
Ақсақ құлан, Жошы хан
Ақсақ құлан, Жошы хан
Өтегенова Набия Төлегенқызы Қазақ тілі мен әдебиеті және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі БҚО Казталов ауданы, Казталов ауылы, Казталовка ОЖББМ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×