Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есімше

01 сәуір 2014, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Есімше туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: Есімшенің туралы толық мағлұмат беру.
Білімділік: Есімше - етістіктің ерекше түрі екендігіне байланысты түсінік бере отырып, есімшенің жасалу жолдары, есімшенің жұрнақтары туралы түсінік беру.
Дамытушылық: оқушыларға жаттығулар орындату арқылы ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, тіл байлықтарының молаюына ықпал ету;
Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу, келтірілген мысалдар арқылы туған жерге деген сүйіспеншілік, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, ауызша тестік сұрақтарға тез жауап алу, оқулықпен жұмыс жасау, сергіту сәті.
Көрнекілік: оқулық, топтастыру, дидактикалық қосымша, слайдтар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу;
Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау;
Оқу құралдарын тексеру;

ІІ. Өткен тақырыптарға шолу жасау:
Барша заттың бір өзімде қимылы
Сөз табының күрделісі, қиыны.
Сабақты, салт, есімше, көсемше боп,
Шақ, рай, етісте боп жиылдың.

Ауызша тестік жұмыс:
1. Етіс дегеніміз не?
А. Тек қана іс қимылды білдіреді;
Б. Іс әрекеттің орындалуында орындаушының қатысы қандай екенін білдіреді.
В. Қимылдың, іс - әрекеттің болу болмауын білдіреді.

2. Етістің неше түрі бар?
А. 5
Б. 2
В. 4

3. Сабақты етістіктерге – ын, - ін, - н жұрнақтары арқылы жасалатын етістіктің түрі:
А. ырықсыз етіс;
Б. өздік етіс
В. өзгелік етіс
D. ортақ етіс

4. Қимылды, іс - әрекетті орындаушы өзге біреу / қимылды өзге біреуге орындатады/
А. ырықсыз етіс;
Б. өздік етіс
В. өзгелік етіс
D. ортақ етіс

5. Қимылды орындаушы өзі істейді.
А. ырықсыз етіс;
Б. өздік етіс
В. өзгелік етіс
D. ортақ етіс
6. Қимылдың орындаушысы айтылмай, іс - әрекет өздігінен жасалғандай көрінеді
А. ырықсыз етіс;
Б. өздік етіс
В. өзгелік етіс
D. ортақ етіс

7. Қимылды орындаушы біреумен бірлесіп ортақтасып істейді.
А. ырықсыз етіс;
Б. өздік етіс
В. өзгелік етіс
D. ортақ етіс

8. Жасалу жолдары:
А. ырықсыз етіс: - ыл,- іл, - л, - ын,- ін,- н
Б. өздік етіс: - ын,- ін,- н;
В. өзгелік етіс: - дыр,- дір,- тыр,- тір,- ғыз, - гіз, - қыз, - кіз,- т
D. ортақ етіс: - ыс, - іс, - с.

ІІІ. Жаңа сабақ. Есімше
Есімше мен көсемше етістіктің ерекше түрі.
Есімше бірде есім сөздердің бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі.
Ешқандай қосымшасы қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарса, кім? не? деген сұрақтарға жауап беріп бастауыш, баяндауыш қызметін атқарады.
Есімше есім сөздерше септеліп, тәуелденіп, көптеліп есім қызметін атқарады. Есімше жіктеліп етістік қызметін атқарады да, сөйлемнің баяндауышы болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 716
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есімшенің түрленуі
Есімшенің түрленуі
Есімше мына жұрнақтар арқылы жасалады: 1) - ған, - ген, - қан, - кен: ал - ған, көр - ген, айт - қан, кет - кен;
Есімшенің түрленуі
Есімшенің түрленуі
Сабақтың мақсаты: 1. Есімшенің тәуелдену, жіктелу, көптелу, септелу жолдарын түсіндіру; білім, білік дағдыларын жетілдіру. 2. Оқушылардың ойларын дамыта түсу, салыстыра отырып ерекшеліктерін анықтауға төселдіру. Тіл байлығын арттыру.
Менің сүйікті асым. Есімше
Менің сүйікті асым. Есімше
Оқушыларды қазақ халқының тағамдарымен таныстыру, есімше сөздерді бекіту Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, оқушының дүниетанымын кеңейту, ауызша ойлау мен сөйлесу қабілетін дамыту, сөз тіркесін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру
Көсемше
Көсемше
көсемше туралы теориялық және тәжірибелік білім деңгейін, ой - өрісін, білім - біліктілік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін байқау, бағалау.
Есімшенің түрленуі
Есімшенің түрленуі
Есімше етістіктің негізгі және туынды түбіріне етіс және болымсыз етістік тұлғаларына төмендегідей жұрнақтар қосылу арқылы жасалады. Тақтаға жұрнақтар жазылған плакат ілінеді.
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Есімше дегеніміз не екенін «есімше» сөзінің өзін құрамына талдату арқылы айтқызу. (Яғни, есімшенің түбірі – есім, жұрнағы – - ше болса,- ше жұрнағы «секілді, сияқты» деген мағынаны білдіреді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×