Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің күн тәртібім. Есімше

11 желтоқсан 2017, Дүйсенбі
Сабақ тақырыбы: Менің күн тәртібім. Есімше (8 - сынып)

Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік: Оқушыларды Азаттың күн тәртібімен таныстыру, сауатты сөйлеуге, жазуға, оқуға үйрету.
Дамытушылығы: Жаңа сөздер арқылы сөздік қорларын, ойындар, сөзжұмбақтар арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Азаттың күн тәртібін балаларға үлгі өнеге етіп, уақыттарын бос өткізбей тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру Амандасу, сабаққа дайындығын қадағалау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Кубизм» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын қайталау.
1 - жағы: «Етістік дегеніміз не?»
2 - жағы: «Қарағанды қаласында қандай кинотеатрлар бар?»
3 - жағы: «Етістіктің ерекше формаларын атаңыз.»
4 - жағы: «Сенің сүйікті кинофильмің қандай?»
5 - жағы: «Есімшенің жұрнақтарын атаңыз»
6 - жағы: «Сөйлемдерді аяқтаңыз:
1. Сіздің соңғы көрген кинофильміңіз -...
2. Сіздің сүйікті киноактеріңіз -...»

Психологиялық ахуал тудыру арқылы топқа бөлу:
Гүлдер бейнесі арқылы сынып оқушыларын топқа бөлу:
- Әр түрлі түстегі гүлдерді оқушылар бір - біріне сыйлап, тілек айтады;
- Олардың түстеріне қарай топқа бөлінеді.
Бейне ролик негізінде жаңа тақырыпты тауып, оның мақсат - міндеттерін анықтайды. (бейнеролик)

ІІІ. Жаңа сабақ
Менің күн тәртібім
Сөздікпен жұмыс
Күн тәртібі - режим дня
Ояну - просыпаться
Кесте - график
Таңертеңгі ас - завтрак
Демалады - отдыхает
Ұйықтайды - спит
Ауысым - смена
Серуендеу - гулять
Орындау - выполнять
Ұйықтамас бұрын - перед сном

Мәтінмен жұмыс

Вильям - сегізінші сынып оқушысы. Ол Қарағанды қаласында тұрады. Вильям күнде ерте тұрады, себебі ол таңертеңгі ауысымда оқитын.
Вильям сағат жетіде тұрады, дене шынықтыру жаттығуларын орындайды да, жуынады. Таңертеңгі асын ішеді.
Үйден таңертеңгі сағат сегізде шығады. Автобусқа отырып, мектебіне барады. Сағат екіде мектептен шығып, үйіне келеді. Үйге келгенде, түскі асын ішіп, біраз демалады. Үй ішін тазалайды.
Сағат бес болған уақытта ол әдеттегіндей грек - рим күресіне барады. Оған бұл үйірмеге барған ұнайды.
Сағат жетіде кешкі асын ішкен соң, ертеңгі сабағына дайындалады. Ұйқыға жатпас бұрын, Вильям өзінің сүйіп оқитын кітабын оқып, сағат он жарымда жатады.

Тапсырмалары:
1. 3 топ бөлікке бөлінген мәтіндерді аударады (ауызша орыс тіліне аударады)
2. 1 - топ аударылған толық мәтін негізінде «Менің күн тәртібім» тақырыбына диалог құрастырады.
3. 2 - топ сурет бойынша мәтін құрайды. (күн тәртібіне байланысты)
4. 3 - топ арнайы берілген мәтін бойынша мимиканы қолдана отырып, кішігірім инсценировка дайындайды. («Айдостың бір күні»)

Айдос бүгін ерте тұрды. Таңертеңгі жаттығуын жасап, жуынды. Таңғы асын ішті де, сөмкесін алды. Інісін балабақшаға апарып, өзі мектепке кетті. Мектепте ол сабақ оқыды. Сағат екі жарымда үйге келді де, түскі асын ішті. Кітап оқыды, теледидар қарады. Сонан соң үйдің ішін тазалай бастады. Ертеңгі сабағына дайындалып, анасына кешкі асты дайындауға көмектесті. Анасы оған риза болып, бетінен сүйді. Бүгінгі күніне көңілі толған Айдос, жақсы көңіл - күйде ұйықтауға жатты.
Әр тапсырма сайын топ мүшелері әр топты бағалап отырады (бағалау түрлері: күн, ай, бұлт; геометриялық фигуралар; бағдаршам)

Сергіту сәті:
Грамматикалық тапсырма:
Алдыңғы берілген мәтін бойынша әр топқа 1 - 1 тапсырма беріледі:
- 1 - топ: «оқитын» есімшесін септейді
- 2 - топ: «барған» сөзін тәуелдейді (жекеше, көпше түрде)
- 3 - топ «келер» сөзін жіктейді (жекеше, көпше түрде)

Бекіту:
«Бес жолды өлең» стратегиясы бойынша жаңа сабақты бекіту
Қорытынды:
«Бес саусақ» әдісі арқылы жаңа сабақты қорытындылау (слайд)

Үйге тапсырмасы: «Уақыт – алтыннан да қымбат» эссе жазып келу
Бағалау.

Менің күн тәртібім. Есімше. жүктеу
3 394
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есімшенің түрленуі
Есімшенің түрленуі
Есімше мына жұрнақтар арқылы жасалады: 1) - ған, - ген, - қан, - кен: ал - ған, көр - ген, айт - қан, кет - кен;
Призма мен пирамиданың жазықтықпен қималарын салу
Призма мен пирамиданың жазықтықпен қималарын салу
Оқушыларды көпбұрыштың жеке түрлерімен және кеңістіктегі фигураларды бейнелеуге қойылатын талаптармен таныстыру;
Менің сүйікті асым. Есімше
Менің сүйікті асым. Есімше
Оқушыларды қазақ халқының тағамдарымен таныстыру, есімше сөздерді бекіту Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, оқушының дүниетанымын кеңейту, ауызша ойлау мен сөйлесу қабілетін дамыту, сөз тіркесін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Есімше дегеніміз не екенін «есімше» сөзінің өзін құрамына талдату арқылы айтқызу. (Яғни, есімшенің түбірі – есім, жұрнағы – - ше болса,- ше жұрнағы «секілді, сияқты» деген мағынаны білдіреді.
Пирамида
Пирамида
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Құйған ауылы, Н. Бозжанов атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Садыков Аскар Садыкович
Сөз таптары 3 сынып
Сөз таптары 3 сынып
Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру. Өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×