Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің сүйікті асым. Есімше

14 қаңтар 2016, Бейсенбі
Солтүстік Қазақстан, Петропавл қаласы
"№42 орта мектеп" КММ
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Оразалина Әсия Қабиденовна

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті асым. Есімше.
8 сынып
Сабақтың мақсаты:
1) білімділік: оқушыларды қазақ халқының тағамдарымен таныстыру, есімше сөздерді бекіту
2) тіл дамытушылық: ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, оқушының дүниетанымын кеңейту, ауызша ойлау мен сөйлесу қабілетін дамыту, сөз тіркесін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру
3) тәрбиелік: туған жерін, елін, салт - дәстүрін сүюге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа
Сабақтың типі: дәстүрлі
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сөйлесу, сұрақ - жауап
Жұмыс түрлері: жазбаша, ауызша

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Тексеру.
3. Сұхбат.
Психологиялық дайындық:
1. Бүгін нешесі?
2. Таңертең нешеде тұрдың?
3. Таңғы асқа не жедің?

II. Үй жұмысын тексеру. «Асханада» тақырыбы бойынша сұхбаттасу
II. Жаңа тақырып. « Менің сүйікті асым»
93 бет. Мәтінді мазмұндап оқы. Сөздікті пайдаланып, орыс тіліне аударамыз.
94 бет. Берілген синонимдік қатардағы сөздерден артығын тауып, сөйлемдерді көшіріп жазамыз.
Есімше ережесінің кестесін таратып, оның жасалу жолдарымен танысамыз.
Есімше (причастие)
Есімге де, етістікке де тән грамматикалық белгілерді қамтитын етістіктің түрін есімше дейміз. Есімшенің үш түрі бар: өткен шақ есімше, келер шақ есімше, ауыспалы шақ есімше.

Есімшенің жасалуы
Түрлері------------------------------------Жұрнақтары--------------------------------------Мысалдар
1. Өткен шақ есімше ------------------- ған; - ген;- қан; - кен--------------------------ал+ған, кел+ген, бар+ған, пісір+ген, кес+кен, қос+қан
2. Ауыспалы шақ есімше ------------- атын; - етін; - йтын; - йтін-------------------ал+атын, кел+етін, жу+атын, ки+етін, сөйле+йтін, байла+йтын
3. Болжалды келер шақ есімше------ р; - ар; - ер-------------------------------------сөйле+р, айт+ар, бар+ар, жаз+ар
4. Мақсатты келер шақ----------------- мақ; - мек, - бақ; - бек, - пақ; - пек-------бар+мақ, кел+мек, жаз+бақ, кес+пек

Ережеге байланысты 94 беттегі жаттығу жұмысын орындаймыз.
Y. Қорыту. Нені білдің? Нені білгің келеді?
YI. Үй жұмысы. Ережені жаттау
YII. Бағалау.
3 402
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Астана қаласына қатысты мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу, оқығанын мазмұндап айту дағдысын қалыптастыру
Менің сүйікті спортшым
Менің сүйікті спортшым
Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгеру, сөздік қорларын байыту. Сөздерді түрлі қолданыста орынды қолдана білу Оқушылардың қазақша сөйлеу тілін дамыту. Сүйікті спортшылар жайлы әңгімелей білуге әзірлеу.
Көсемше
Көсемше
көсемше туралы теориялық және тәжірибелік білім деңгейін, ой - өрісін, білім - біліктілік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін байқау, бағалау.
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Есімше дегеніміз не екенін «есімше» сөзінің өзін құрамына талдату арқылы айтқызу. (Яғни, есімшенің түбірі – есім, жұрнағы – - ше болса,- ше жұрнағы «секілді, сияқты» деген мағынаны білдіреді.
Есімше мен көсемшеден өткенді бекіту сабағы
Есімше мен көсемшеден өткенді бекіту сабағы
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Ащысай орта жалпы білім беретін мектеп – балабақшасы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нурушева Ақкүміс Мұқташқызы
Ілияс Есенберлин
Ілияс Есенберлин
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, №42 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Оразалина Әсия Қабиденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×