Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Призма мен пирамиданың жазықтықпен қималарын салу

09 қараша 2018, Жұма
Категориясы: Математика
CАБАҚ ЖОСПАРЫ
Геометрия 10 сынып
Сабақ тақырыбы: Призма мен пирамиданың жазықтықпен қималарын салу
Мақсаты:
Білімділік.
- Оқушыларды көпбұрыштың жеке түрлерімен және кеңістіктегі фигураларды бейнелеуге қойылатын талаптармен таныстыру;
- Көпжақтардың қималары туралы түсінік беру;
- Көпжақтардың қимасына арналған жаттығуларды орындау негізінде оқушылардың бойында кеңістік елестету қабілетін қалыптастырып, дамыту;
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылығын, ойлау қабілетін дамыту, қиялын ұштап, білімін шыңдауға жетелеу.
Тәрбиелік: Топпен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ойын ашық жеткізуге, берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: деңгелік тапсырмалар.
Қанатты сөздер: Білім асыл қазыналы сандық, оны алатын кілт – еңбек. (П. Буаст)
Сабақтың әдісі: жекелей және топпен жұмыс
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер:
• Білімді жеткізу: көрнекіліктерді қолдану арқылы
• Практикалық (ауызша жаттығу жұмыстарын орындату кезінде және сызба жұмыстары кезінде)
• Ішінара ізденушілік (шығармашылық тапсырмалар орындату)
• Оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану (компьютер, электронды оқулық).

САБАҚ БАРЫСЫ:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушылар тізімін тексеру
б) Сабақтың мақсатын нұсқау

ӨТКЕНДІ ҚАЙТАЛАУ
- КӨПБҰРЫШТАР
- КӨПЖАҚТАР
- ЖАЗЫҚТЫҚТЫҢ БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ
- ПАРАЛЛЕЛЬ ТҮЗУЛЕР
- ПАРАЛЛЕЛЬ ЖАЗЫҚТЫҚТАР
- ПАРАЛЛЕЛЬ ПРОЕКЦИЯЛАУ

ЖАҢА САБАҚ (Білім беру)
Көпжақтардың тек екі түрін: параллелепипед және тетраэдрді қарастырамыз.
Тікбұрышты параллелепипед: 6 жағы, 12 қыры, 8 төбесі, барлық жағы тіктөртбұрыш, дербес түрі: куб (барлық жағы квадрат).
Тетраэдр (үшбұрышты пирамида): 4 жағы, 6 қыры, 4 төбесі, жағы - үшбұрыш, барлық жағы тең болса - дұрыс тетраэдр.
Көпжақтың қимасы деген не?
Егер көпжақтың ең болмағанда екі нүктесі \ жазықтықтың әртүрлі жағында жатса, онда осы жазықтық\ көпжақты қияды дейді. – қима жазықтық.
Көпжақ пен қима жазықтығының ортақ нүктелерінен тұратын фигураны берілген жазықтықпен көпжақ қимасы деп аталады.
Тетраэдрдың төрт жағы бар сондықтан оның қимасы үшбұрыш немесе төртбұрыш болады.
Параллелепипедтің қимасы не болады?
Параллелепипедтің алты жағы бар. Оның қимасы үшбұрыш немесе төртбұрыш, бесбұрыш, алтыбұрыш болып табылады.
Параллелепипедтің табандарының диогональдары арқылы өтетін жазықтықпен қимасы – диагональ қима деп аталады.

Мысалдар қарастыру (Түсіну)
Есеп. К, Р, Т нүктелері тетраэдрдің бір төбесінен шықпайтын үш қырында жатыр. Осы нүктелер арқылы өтетін жазықтықпен тетраэдрдің қимасын салу.
Есеп. К, Р, Т нүктелері кубтың үш айқас қырларының ортасы. Осы нүктелер арқылы өтетін жазықтық пен кубтың арасындағы қимасын салу.

Бағалау.
Үйге тапсырма. Тест жұмысы 10 есеп
Призма мен пирамиданың жазықтықпен қималарын салу жүктеу
4 500
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Цилиндр жазбасы, бетінің ауданы
Цилиндр жазбасы, бетінің ауданы
Цилиндр туралы ұғым, оның элементтерін, қималарын, жазбасын және бетінің аудандарын табу білімдерін жүйелеу.
Геометриялық денелерді жазықтықпен қию (сызудан күнделікті сабақ жоспары)
Геометриялық денелерді жазықтықпен қию (сызудан күнделікті сабақ жоспары)
Дұрыс үшбұрышты призманы фронталь проекциялаушы жазықтықпен қияйық (86 - сурет). Тұтас призманың проекциялары 86, а - суретте кескінделген. Онда қиюшы жазықтықтың түзуге кескінделетін проекциясы а1 көрсетілген.
Көпжақтардың қималары
Көпжақтардың қималары
Егер қандай да бір нүкте көпжаққа тиісті болса, онда ол нүкте немесе көпжақтың қырында, немесе жағында, немесе көпжақтың ішінде орналасады.
Параллелепипед. Призма. Пирамида
Параллелепипед. Призма. Пирамида
Кубтың көлемін, толық бетінің ауданын, қырын, қарама - қарсы жақтарының арақашықтығың, қырының ұзындығын, пирамиданың, тік призманың толық бетінің ауданын табуды игерту.
Пирамида бетінің ауданы
Пирамида бетінің ауданы
Сабақтың мақсаттары: Білімділік: «Пирамида бетінің ауданы» ұғымымен, оның негізгі формулаларымен таныстыру.
Стереометрия патшалығы
Стереометрия патшалығы
№247 орта мектеп Орындағандар: 9 - сынып оқушылары Ықтяиров Аяз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×