Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа сөздердің жасалуы

02 ақпан 2020, Жексенбі
Қазақ тілі 5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Жаңа сөздердің жасалуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға неологизмдердің өзіне тән ерекшеліктерін, жасалуын мысалдар арқылы түсіндіріп, жаттығу жұмыстарын жүргізу;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, ой жинақтау еркін сөйлеу қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелік: Мәтін арқылы халқымыздың салт - дәстүр, әдет - ғұрпын дәріптеу, оқушы бойына патриоттық сезім ұялату.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, таратпа материалдар, түрлі түсті қағаздар
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, жаттығу, ой жинақтау, сұрақ - жауап, ой толғау
Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа дайындау. Ынтымақтастық атмосфера құру - өзара тілек айту
ә) Үй тапсырмасын тексеру
«Түртіп алу» стратегиясы арқылы оқушылардың өткен сабақтағы білімдерін бекіту, яғни берілген мәтіннен көнерген сөздерді теріп алу.
І жұп Екі шонжар бұл жолы ханның айтқанына қарсы болып жатады. Хан нөкерін ертіп, сейілге шықты. Жандарал келді, жандарал келді,- деген хабар жұртты дүрліктірді. Хан бұйрыған соң, амал жоқ, уәзірлері өзара ақылдасып, іздеуге кіреседі. Бастарындағы дулыға жағылары, белдеріндегі кісілері, асынған бес қарулары түгелінен бір миясардың қолынан шыққандай.
ІІ жұп Сыбан, Тобықты, Керей, Уақ, болыстары, кандидаттары, долынжы билері қастарына тілмаштарын алыпты. Ұлық үйлерінен урядниктер, стражниктер де шықты. Мынау жалғыз ояз емес, көп төренің тобы ғой. Бұны биыл Құнанбай өзі аға сұлтан болғаннан кейін осы Тобықтыға болыстық старшын еткенді.
І жұп
Бадана көзді кіреуке
Жауға қарсы жетпеген,
Жел айырдың оғы өтпеген,
Сатуға басын сұрасаң,
Мың ділдә да жетпеген. (Ер Тарғын)
ІІ жұп
Алдына дабыл төңкерген,
Артына сауыт бөктерген...
Барабан соғып, шың қағып. (Қобыланды )
- Көнерген сөздер дегеніміз не?
- Нешеге бөлінеді?
- Архаизм дегеніміз не?
- Историзм дегеніміз не?

б) Жаңа сабақ
Жаңа сөздер - Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер немесе(нологизм, грек)- қоғамдық қатынастардың, ғылым мен техниканың, мәдениеттің өсіп, дамуына байланысты тілге енген сөздер мен сөз тіркестері, фразелогиялық оралымдар. Неологизм лексикалық және сематикалық болып екіге бөлінеді. Лексикалық неологизмге жаңа ұғымдардың тууымен бірге пайда болған жаңа сөздер жатса, семантикалық неологизм деп сөзбе – сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағынаны айтуға болады. Олар тілге алғаш енген кез інде ғана жаңа сөз болудан қалады. Мысалы, компас, космонавт, спутник, қор, кесте, шарт, қорғау, жүйе, талдау. Олар төл сөзбен аударылғанда негізгі сөздік қордың негізінде сөз тудырудың барлық тәсілдері арқылы жасалады. Аялдама, өміршең жұрнақтар жалғану арқылы, балмұздақ, баспасөз, зейнетақы, бірігу арқылы, жер серігі, ғарыш кемесі тіркесу жолымен, ТМД, АлМУ қысқару жолымен деген сөздер алғаш пайда болған кезде жаңа сөздер болатын. Кейін бұлар қолданыла келе жаңа сөз болудан қалды. Жиі қолданылатын сөздердің қатарына енген бұл сөздер соңғы жылдары ғарыш, ғарышкер, жер серігі деген қазақтың төл сөздерімен беріліп, жаңа сөздер болып есептеліп жүр. Осы тектес жаңа сөздердің қатарына жолсерік, үнтаспа, жеделхат, саяжай, ермексаз, теңге, құжат, отбасы, кеден, зейнетақы, зейнеткер, сынып, үнқағаз, және тағы сөздер жатады.
Соңғы жылдары қазақ тілінің мәртебесі өсіп, қолданылу аясы кеңеюіне байланысты өсімдік, бау - бақша саласына қатысты тілімізге көптеген жаңа сөздер енді: жылыжай, қызанақ, орамжапырақ, жасуша, ағза, т. б.
Мұғалім: Шарипова Ботагөз Ермешқызы
leech=https://yadi.sk/i/aThTLCnouk3X2Q]Жаңа сөздердің жасалуы жүктеу[/leech]
9 146
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Оқушыларға тұрақты тіркестердің мағынасын мысалдар келтіру арқылы түсіндіріп, жаттығу жұмыстарын жүргізу
Жаңа сөздер
Жаңа сөздер
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы, №31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Тутеева Динара Серикбаевна
Көнерген сөздер, түрлері
Көнерген сөздер, түрлері
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Темірбекова Күләш Ахметқызы
Буын
Буын
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы, КММ Академик О. А. Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебінің мұғалімі Нарымбекова Гульнар Шайзадаевна
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кенті, "№17 орта мектебі" КММ - нің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Түсіп Батима Мақсұтқызы
Жаңа сөздер
Жаңа сөздер
Өтегенова Набия Төлегенқызы БҚО, Казталов ауданы, Казталов ауылы, Казталовка ОЖББМ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×