Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа сөздер

04 сәуір 2013, Бейсенбі
Сыныбы: 5
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жаңа сөздер (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың жаңа сөздер туралы білім бере отырып түсініктерін кеңейту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Тіл құдіретін таныта отырып, оқушының сөздік қорын байыту, ойындар арқылы ойлай білу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, ой қозғау, түртіп алу, эссе жазу, автор орындығы, 5 жолды өлең.
Сабақтың көрнекілігі: топшамалар, слайд.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
(Оқушыларды тренинг арқылы 3 топқа бөлемін.)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. «Түртіп алу» стратегиясы арқылы оқушылардың өткен сабақтағы білімдерін бекіту, яғни берілген мәтіннен көнерген сөздерді теріп алу.

І топ. Екі шонжар бұл жолы ханның айтқанына қарсы болып жатады. Хан нөкерін ертіп, сейілге шықты. Жандарал келді, жандарал келді,- деген хабар жұртты дүрліктірді. Хан бұйырған соң, амал жоқ, уәзірлері өзара ақылдасып, іздеуге кіріседі. Бастарындағы дулыға жағылары, белдеріндегі кіселері, асынған бес қарулары түгелінен бір миясардың қолынан шыққандай.

ІІ топ. Сыбан, Тобықты, Керей, Уақ, болыстары, кандидаттары, долынжы билері қастарына тілмаштарын алыпты. Ұлық үйлерінен урядниктер, стражниктер де шықты. Мынау жалғыз ояз емес, көп төренің тобы ғой. Бұны биыл Құнанбай өзі аға сұлтан болғаннан кейін осы Тобықтыға болыстық старшын еткенді. Мұндайлық айналма пәленің ашық аты — “недоимке”, “қарашығын” және биыл түскен “түңдік басы”.

ІІІ топ. Жырдан көнерген сөзді тап
Бадана көзді кіреуке
Жауға қарсы жетпеген,
Жел айырдың оғы өтпеген,
Сатуға басын сұрасаң,
Мың ділдә да жетпеген. ( «Ер Тарғын»)
Алдына дабыл төңкерген,
Артына сауыт бөктерген…
Барабан соғып, шың қағып. («Қобыланды»).

2. «Ой қозғау» тапсырмадан соң оқушыларға сұрақтар қойылады.
- Көнерген сөздер дегеніміз не?
- Нешеге бөлінеді?
- Архаизм дегеніміз не?
- Историзм дегеніміз не?
- Мысал келтір.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер жаңа сөздер немесе неологизмдер деп аталады. Неологизм – (гр. neos – жаңа, logos – сөз) – қоғамдағы саяси, мәдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар. Неологизм лексикалық және семантикалық. болып екіге бөлінеді. Лексикалық неологизмге жаңа ұғымдардың тууымен бірге пайда болған жаңа сөздер жатса, семантикалық неологизм деп сөзбе - сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағынаны айтуға болады.

Олар тілге алғаш енген кезінде ғана жаңа болады. Кейін тілге сіңісіп, халыққа әбден танылып, жаппай қолданылған кезде жаңа сөз болудан қалады. Мысалы, компас, космонавт, спуткик деген сөздер алғаш пайда болған кезде жаңа сөздер болатын. Кейін бұлар қолданыла келе жаңа сөз болудан қалды. Жиі қолданылатын сөздердің қатарына енген бұл сөздер соңғы жылдары ғарыш, ғарышкер, жер серігі деген қазақтың төл сөздерімен беріліп, жаңа сөздер болып есептеліп жүр. Осы тектес жаңа сөздердің қатарына жолсерік, үнтаспа, жеделхат, саяжай, ермексаз, теңге, құжат, отбасы, кеден, зейнетақы, зейнеткер, сынып, үнқағаз және т. б. сөздер жатады.
Соңғы жылдары қазақ тілінің мәртебесі өсіп, қолданылу аясы кеңеюіне байланысты өсімдік, бау – бақша саласына қатысты тілімізге көптеген жаңа сөздер енді: жылыжай (жарық жақсы түсу үшін төбесі мен қабырғалары шыныдан жасалған көкөністер өсіретін орын), қызанақ, орамжапырақ, қаудан, дернәсіл, үлескі, өскін, жасуша, ағза және т. б.
Тақтамен жұмыс.
166 - жаттығу.

І топтан 1 оқушы шығып, мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазады.
167 - жаттығу.
ІІ топтан 1 оқушы шығып, мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазады.
ІІІ топтан 1 оқушы шығып, төмендегі сөздерден жаңа сөздерді теріп жаз.
Мектеп, карта, телевизор, аялдама, кеден, өнеркәсіп, қағаз, оқулық, баспасөз, ғарыш, әмбебап, желтоқсан айы, сынып, қорғаушы, сұраныс, тапсырыс, асаба, оқушы, ұстаз.
Сыныппен жұмыс. «5 минуттық эссе»
1) Ата заң, әнұран, елтаңба, рәміз, зейнетақы, даңғыл, елбасы, елорда сөздері Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қолданысқа енген сөздер. Осы сөздерді қатыстырып, «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына шағын эссе жазу. («Автор орындығына» шығарып оқыту.)
2) Төлқұжат, сынып, сазгер, елтаңба, заңгер, әуежай, отбасы, ғарышкер, теледидар, үнтаспа, үнпарақ, дереккөз, мұрағат, бағдаршам, мұражай, жеделхат, балмұздақ, оқулық, ұшақ, жолсерік, тоңазытқыш, ермексаз сөздерінің орысша аудармасын табу.
Тапқыр болсаң, тауып көр (жеке оқушылармен жұмыс)
№1
Қазақ тілін жаңа үйреніп жүрген Дымбілместің білмейтін сөздерін айтып бер
Мен...................... ұшқанын көрдім. Ол маған қатты ұнады. Мен өскенде.............................. болуды армандаймын.
№2
Жылыжай, қызанақ, орамжапырақ, түйнеме сөздерін қатыстырып сөйлем құраңыз.
№3
Сөйлемдерден неологизмдерді табу.
1. Елбасы мінген ұшақ Астана әуежайына келіп қонды.
2. Орал қаласындағы Достық даңғылы бойында Сырым бабамызға ескерткіш орнатылған.
3. Үстіміздегі жылы атам мен әжемнің зейнетақысы көбейді.

ІV. Сабақты бекіту:
Әр топ қалаған жаңа сөздеріне 5 жолды өлең құрастырады.
1. Ғарышкер
2. Ержүрек, білімді.
3. Ұшады, зерттейді, тамашалайды.
4. Тұңғыш ғарышкер – Тоқтар Әубәкіров.
5. Тоқтар.
- Жаңа сөздер деген не?
- Жаңа сөздерге мысалдар жаз.
- Жаңа сөздер қанша түрлі жолмен пайда болады?
- Мысалдармен дәлелде.
V. Үйге тапсырма: 169 - жаттығу, 74 - бет.
VІ. Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 155
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бірігу жолмен жасалған туынды сөздер
Бірігу жолмен жасалған туынды сөздер
Екі я оданда көп сөзден бірігіп, жаңа лексикалық мағына беретін сөздер жасалады. Мысалы: Ақтөбе, көкқұтан, өнеркәсіп, Үштөбе, Сырдария, Болатбек, тасбақа, т. б. Бұларды тіл білімінде біріккен сөздер деп атайды.
Көнерген сөздер (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Көнерген сөздер (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Қолданыстан шығып қалып, тарихи шығармаларда ғана кездесетін, мағынасы көмескі сөздерді көнерген сөздер дейміз. Кейбір көнерген сөздердің қайтадан жаңаратын кездері де болады.
Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 11. Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы 12. Көп мағыналы сөздер 13. Жаттығулар орындау 14. Омонимдер 15. Жаттығулар орындау
Диалект сөздер
Диалект сөздер
Диалект сөздер - белгілі бір жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер. Диалект сөздер жалпыхалықтық болып есептелмейді.
Жаңа сөздер
Жаңа сөздер
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы, №31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Тутеева Динара Серикбаевна
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күзекбаев Жеңісбек Дүзелбайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×