Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұрақты тіркестер

09 желтоқсан 2018, Жексенбі
Тұрақты тіркестер
Тіл арқылы қатынас жасағанда, сөздер дара күйінде емес, бір - бірімен тіркесіп қолданылады. Тіркес екі түрлі болады.

1. Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөздермен алмастыруға бола беретін еркін тіркес. Мысалы: үлгілі бала дегеннің орнына үлгілі қыз деуге болады, диктант жазу дегеннің орнына шығарма жазу, хат жазу, мазмұндама жазу десе де болады. Мұндай еркін тіркестер сөз тіркесі деп аталады. Еркін сөз тіркесінің беретін мағынасы сол тіркесті құрайтын сөздердің мағыналарымен байланысты болады.
2. Мағынасы бір тұтас, құрамын өзгертуге, басқа сөзбен алмастыруға болмайтын, бір сөздің орнына ғана жұмсалатын да тіркестер бар. Мысалы: қой аузынан шөп алмас, ит жанды, таяқ тастам жер, мұзға отырғызып кету, жұмған аузын ашпау, көзді ашып жұмганша т. б. Қой аузынан шөп алмас дегеннің орнына - түйе аузынан шөп алмас, ит жанды дегеннің орнына мысық жанды деп өзгертіп айтуға көнбейді.
Сондай - ақ мұндай тіркес көркем, бейнелі бір ұғымды білдіреді: қой аузынан шөп алмас — жуас, ит жанды — көнбіс, таяқ тастам — жақын, мұзға отырғызып кету — алдау, жұмған аузын ашпау — үндемеу, көзді ашып - жұмғанша — лезде деген мағыналарды білдіріп, бір сөздің орнына қолданылады. Сондықтан мұндай тіркестерді тұрақты тіркестер дейді. Тұрақты тіркестің мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағыналарынан тумайды, басқа бір мағынаны білдіреді. Мысалы: қабырғаңмен кеңес — ойлан, бесіктен белі шықпай — ерте, қас пен көздің арасында — шапшаң мағыналарын білдіреді.
Еркін сөз тіркесі мен тұрақты тіркесті салыстырып көрейік.

Сөз тіркесі
1. Таза дәптер, таза киім, әдемі дәптер, әдемі киім,
2. Әдепті оқушы, әдепті кісі, баланың ісі, үлкеннің ісі.

Тұрақты тіркес
тайга таңба басқандай (анық),
біреудің ала жібін аттамау (ұрламау),
жүрек жұтқан (батыр), қоян жүрек (қорқақ,), таяқ тастам (жақын), тіс жармау (үндемеу).

Неше сөзден құралса да, тұрақты тіркес бір ғана ұғымды білдіреді. Сөйлем ішінде бір ғана мүшенің қызметін атқарады. Мысалы: Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар елге қызмет етеді. Осы сөйлемдегі көзі ашық, көкірегі ояу тұрақты тіркестің сұрағы қандай? Саналы деген бір мағынаны білдіреді, анықтауыштық қызмет атқарады.
Орын жағынан әбден қалыптасқан, құрамы өзгертуге келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаны білдіретін, бір ғана сөйлем мүшесі ретінде қолданылатын тіркесті тұрақты тіркес дейміз. Тұрақты тіркестер ғылым тілінде фразеология, фразеологизм деп те аталады.
7 535
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер
Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру, олардың өзіне тән ерекшелігін түсіндіру, тіліміздегі басқа тіркестерден ажырата білу;
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Екі не одан көп сөздің тіркесінен құралып, біртұтас ұғымды беретін, сөйтіп бір сөздің орнына жұмсалатын ауыспалы мағынадағы тіркесті тұрақты тіркес деп атаймыз. Мысалы: аузын ашпау – үндемеу, көзді ашып - жұмғанша – лезде.
Қысқа мерзімді жоспарлар
Қысқа мерзімді жоспарлар
Қазақ тілі мен әдебиеттен қысқа мерзімді жоспарлар.
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер туралы түсінік беру және оларды сөз аралығында қолдана білуге үйрету. Тұрақты сөз тіркесін сөйлеу, жазу дағдысына енгізе отырып, оқушылардың тіл байлығын, ақыл – ойын, сана – сезімін дамыту. Оқушылардың дағды - машықтарын, таным
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №125 С. Сапарбеков атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асанова Жаннат Шымырбекқызы
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Қызылорда қаласы, "Казрис" негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әсем Пірімова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×