Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кәсіби сөздер және термин сөздер

25 ақпан 2019, Дүйсенбі
Сабақ жоспары 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Кәсіби сөздер және термин сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: термин сөздер туралы түсінік беру, бастауышта алынған білімдерін еске түсіру.
Дамытушылық: алынған білімді есте сақтауға дағдыландыру, сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: орындалатын тапсырмалар арқылы бірін - бірі тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: кітап, дәптер
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап т. б

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру.
Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім - деп
анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді құрметтеп, бүгінгі сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген жаттығуды тексеремін
1. диалект сөздер дегеніміз не?
2. кірме сөздер дегеніміз не?
3. антонимдер дегеніміз не?
4. синонимдер дегеніміз не?
5. омонимдер дегеніміз не?
6. кәсіби сөздер дегеніміз не?
7. термин сөздер дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ
Кәсіби сөздер дегеніміз – жұрттың бәріне бірдей түсінікті бола бермейтін, белгілі бір кәсіппен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын сөздер.
● Кәсіби сөздер
▪ қолөнершілікке
(ағашшылық, ұсталық, өрімшілік, зергерлік)
▪ ауыл шаруашылығына
(мал, астық, балық, аңшылық, темекі, мақта, күріш, қызылша)

Термин сөздер дегеніміз - ғылым, техника, өндіріс және т. б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер.
Термин сөздердің басты сипаттары мынадай:
1. Термин ғылым мен техниканың әр саласына тән болуы керек;
2. Термин сөздер дара, бір ғана мағыналы болуы керек;
3. Термин сөздердің көпшілігі дүние сөзі тілдерінің халықтарына ортақ болуы керек.
Термин сөздерді кейде арнаулы сөздер деп те атайды.
Терминдердің пайда болуы ғылым мен техниканың атауларына тығыз байланысты. Ғылымы жоқ, техникасы болмаған елдерде термин жайында сөз болуы мүмкін емес.
Бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминдерді түгелдей жинақтап, жүйелейтін ғылымды терминология деп атайды. Қазақ терминологиясы қазіргі таңда жан - жақты қарастырылып, қауырт жиналуда, қазірдің өзінде терминдердің жетпістен астам сөздігі басылып шықты.
Тапсырмалар
192 - жаттығу. Ата - аналарының істейтін кәсібіне қатысты термин сөздерді қатыстырып әңгіме жазу.
Мәтінмен жұмыс.
198 - жаттығу. Берілген сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Егер сен өнерден ләззат алғың келсе, онда өнер жөнінде білімдар адам болуың керек. (К. Маркс) Музыканы сүю үшін ең алдымен, оны тыңдай білу керек. (Д. Шостакович) Көркемөнер біздің ішкі дүниемізге, жан жүйемізге әсер етіп, адамдық қалпымызды тәрбиелейді. (М. Әуезов)
Сұрақтарға жауап беру.
1. Әр сөйлемдегі ойды өз сөздеріңмен таратып айтқызу.
2. Өздерің білетін өнер түрлерін, олардың әрқайсысына қатысты термин сөздерді топтап жаздырту.
3. Өздері сүйетін өнер туралы әңгімелесу.

ІV. Сабақты бекіту.
Кәсіби сөздер
Термин сөздер
1. Термин сөздер дегеніміз не?
2. Кәсіби сөздерден қандай айырмашылығы бар?
3. Қазақ тіліне тән терминдерді атаңдар?

V. Бағалау. Белсенділік көрсеткен оқушылар білімдеріне қарай бағаланады.
VІ. Үйге тапсырма. «Қазақтың тұрмыстық бұйымдары» деген тақырыпта шағын мәтін құрастырып келу.

Петропавл қаласы
Қазақ мектеп - гимназиясы
Орындаған: Хамитова Аяулым Кемелевна
Кәсіби сөздер және термин сөздер жүктеу
7 007
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау. мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
Қазақ тілінен түсініктеме
Қазақ тілінен түсініктеме
Лексика (грек.) - “сөздік қор” Лингвистика (латын) – тіл білімі
Тіл мерекесі
Тіл мерекесі
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым дара тілім.
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелерді мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту
Бастауыш сынып сабақ жоспарлары
Бастауыш сынып сабақ жоспарлары
Бастауыш сынып мұғалімі Кусикбаева Света
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөз туралы түсінік Біріккен сөздердің жазылу ережесі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×