Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дыбыс және оның түрлері 7 - 9 жаттығулар

11 сәуір 2019, Бейсенбі
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және оның түрлері 7 - 9 жаттығулар.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыс және дыбыс әріптерін меңгеру барысын пысықтау, 1 - сыныпта өткенді еске түсіру.
Дамытушылық: Дұрыс дыбыстау, сауатты оқу мен көркем жазу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ - жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Көрнекілік: Дыбыстар кестесі, алфавит, суреттер, қима қағаздар.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: Дыбыс пен әріп. 5 - жаттығу, 2 - жаттығу (жаттау)
Білімді жан - жақты тексеру кезеңі. «Кім білгір?» ойын ұйымдастыру немесе қатар аралық жарыс.
1 сыныпта өткенді еске түсіру.
- Дыбыс деген не?
- Дыбыс түрлерін ата.
- Дауысты дыбыс түрлері.(жуан, жіңішке)
- Дауыссыз дыбыс түрлері.(қатаң, ұяң, үнді)
- Дыбыс пен әріптің ерекшелігі т. б.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).

Пысықтау жұмысы.
Қазақ тілінде
37 дыбыс, 42 әріп бар.
Дыбыстар: а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ,
ы, і, э.
Әріптер: а, ә, б, в, г, ғ, д, е, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ,
ь, ы, і, ъ, э, ю, я.
Дыбыстау мүшелері арқылы жасалып, естілетін физикалық құбылыс дыбыс деп аталады.

Ойынды тағы жалғастыру: «Аквариумге балық салу»(балықтардың артына дыбыс әріптері жазылған. Оқушы балықты алады. Егер дауысты дыбыс болса қызыл аквариумге, дауыссыз болса, көк аквариумге салады).
Дыбыс және оның түрлері 7 - 9 жаттығулар жүктеу
3 266
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен сабақ жоспарлары
Қазақ тілінен сабақ жоспарлары
Қазақ тілі № 1. Тақырыбы: Сөйлем және сөз № 2 Тақырыбы: Дыбыс және әріп (5 - 9 жаттығулар) № 3 Тақырыбы: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. 10 - 14 жаттығу. № 4. Тақырыбы: Буын және тасымал. 14 - 18 жаттығулар
Әдептілік әліппесі. 44 – 45 жаттығулар (күнделікті сабақ жоспар)
Әдептілік әліппесі. 44 – 45 жаттығулар (күнделікті сабақ жоспар)
Сөйлемнен жуан және жіңішке айтылатын сөздерді таба білу дағдыларын пысықтау. Адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу. Үлкенді сыйлауға, ананы құрметтеуге тәрбиелеу.
Дауысты дыбыстар. Шопан еңбегі. Саққұлақ. Күнделікті сабақ жоспарлары
Дауысты дыбыстар. Шопан еңбегі. Саққұлақ. Күнделікті сабақ жоспарлары
Күнделікті сабақ жоспарлары (Ана тілі 1 сынып). Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар. Шопан еңбегі. Саққұлақ.
Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Төлді қалай шақырады?
Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Төлді қалай шақырады?
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі. Бастауыш сынып мұғалімі: Базарова Ақмарал Қайыржанқызы
Өзіңді - өзің тексер
Өзіңді - өзің тексер
Бастауыш сынып мұғалімі: Күлән Керешова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×