Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан - біздің Отанымыз

10 ақпан 2013, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан - біздің Отанымыз.
Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тексеру және пысықтау. Олқылықтары болса толықтыру.
Дамытушылық: Балалардың ауызекі сөйлеу тілдерін және тілдік қорларын байыту. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін ояту, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, отырғызу, кезекшімен диалог
ІІ. Тақтаға оқушылардың назарын аудару. Интербелсенді тақтада мақал жазылған.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас

- Балалар, бұл мақалды қалай түсінесіңдер? Кім аудармасын айта алады?
- Ал «Туған жер» сөз тіркесінің синонимін кім айтады?
- Ал біздің Отанымыз қалай аталады?
Сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан - біздің Отанымыз»
Дәптермен жұмыс: күнді, тақырыпты жазу
Интербелсенді тақтамен жұмыс.
- Балалар қазір назарларыңды интербелсенді тақтаға, мына мәтінге аударғым келеді...
Мәтінді оқушылар өздіктерінен оқиды, аударма жұмысын жасайды. Аударма жасау барысында кездескен жаңа сөздерден қиындықтар туындаса сол сөздердің астын сызады.

Қазақстан Республикасы.
Қазақстан Республикасы - Еуразия құрлығында орналасқан. Қазақстанның жері кең-байтақ және өте бай. Табиғаты әр-алуан. Мұнда жазық дала да, орман да, өзен де, шөлді аймақтар да бар.

ІІІ. - Ендеше сабағымыздың мақсатын анықтап алайық...
Сабақта не үйренуіміз керек? Балалар өздіктерінен сабақтың мақсатын қояды, ал мұғалім толықтырады.
ІV. Сөздік жұмыс.
Мәтін бойынша білмеген сөздерді меңгерту.
Жаңа сөздер:
Құрлық - материк (суша)
Кең - байтақ – просторная
Бай – богатая
Әр алуан – различная
Жазық дала – равнина
Шөлді аймақтар - пустыни

- Балалар, Қазақстан туралы біз не білеміз?
1 - тапсырма
Қазақстан туралы әр оқушы бір сөйлем құрастырады жаңа сөздерді пайдалана отырып.
2 - тапсырма.
Жұппен жұмыс.
Оқушылар жұппен Қазақстан Республикасы туралы өтілген тақырыптар бойынша сұрақ - жауап ұйымдастырады.
3 - тапсырма.
Топпен жұмыс.
Әр топ өтілген модуль бойынша алған білімдерін жинақтап, тақырып аясында мәтін құрастырады.
4 - тапсырма.
Интербелсенді тақтада Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңі қойылады. Балалар тыңдайды.
Үш бақытым
Ең бірінші бақытым - Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым - Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші - Отан деген,
Кім мықты?- десе біреу, - Отан дер ем!...
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай - ақ кел - дағы от ал менен.
Мұқағали Мақатаев

Сұрақ - жауап ұйымдастыру.
Мұғалім:
- Балалар, «Үш бақытым» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Өз өлеңінде ақын «бақытым» деп нені айтады?
5 - тапсырма.
Әр топ жеке өздеріне ұсынылған тақырыпқа әңгіме құрастырады.
1 топ 2 топ 3 топ
Халық туралы Тіл туралы «Отан» туралы мақал - мәтелдер айтады
(ҚР халқы) (Қазақ тілі туралы және өзге де ҚР тұратын халықтардың тілі жайлы)
6 - тапсырма.
Шағын сайыс. Кім ең көп сөз құрастырады?
«Қазақстан» сөзінен басқа сөздерді құрастыру.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Үйге тапсырманы деңгейлері бойынша ұсыну.
1. Амалия, Алина, Ольга, Алишер, Артем, Данил - эссе жазу
“Мен үшін бақыт - ол...”
2. Катя, Дима, Диана, Виталий, Егор – “Үш бақытым” өлеңін немесе “Отан” туралы басқа өздері қалаған өлеңді жаттау, бірақ жазған ақынды білу.
VIІ. Қорытындылау.
Әр оқушыға қағаздан жасалған «смайлдар» таратылады. Олардың тек көздерінің суреті бар. Оқушыларға бүгінгі сабақтан алған әсерін көрсету ұсынылады. Әр оқушы өз смайлына ауызын салады. Күліп тұрған смайл болса - ұнады, ренжіген болса - ұнаған жоқ, т. б. Бұл әдіс әр оқушыға сабақ барысында сабақты түсінгенін немесе түсінбегенін, ұнап - ұнамағанын және сабақ барысындағы көңіл - күйін көрсетуге жол ашады.
- Балалар, сабақтың басында қойған мақсатымызға жеттік пе?
- Сабақ аяқталды. Сау болыңдар, балалар!
7 182
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
ашық сабақ жоспары беріледі. мұғалімдерге көмек ретінде
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Қазақстан – біздің Отанымыз
Қазақстан – біздің Отанымыз
Сабақтың міндеттері: 1. Тақырып бойынша толық түсінік беріп, мәтіндерді талдау арқылы жаңа сабақты жан - жақты меңгерту. 2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Менің Отаным - Қазақстан!
Менің Отаным - Қазақстан!
Ақтөбе қаласы, №1 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Мурынова Алия Ордабаевна
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж»МКҚК Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы: Айсариева П. А
Біздің Отанымыз
Біздің Отанымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гульфаира Токтаргазиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×