Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңаша оқыту тәсілдерін қолданудың тиімділігі

25 сәуір 2015, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы, Сарға селосы
«Бейнеу мектеп - интернаты» КММ - нің
химия пәні мұғалімі Жетпісова Айжақсы Бегейбайқызы

Жаңаша оқыту тәсілдерін қолданудың тиімділігі
«Ұстаз болу - өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялау» демекші, табандылықпен жұмыс жасап, әлемдік оқыту жүйесінің жаңа технологияларын ұтымды пайдалана отырып, шәкірт жүрегіне жол табу – инемен құдық қазғандай.
Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез - келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Деңгейлеп оқыту орталығының ұйымдастыруымен ІІІ (базалық) деңгейлік курс оқуынан өтіп сертификат алған педагогтардың бірімін.

Біліктілік арттырудың деңгейлік оқу курсынан өтіп, өз мектебімнің оқу үдерісіне жаңалық әкеліп, жаңа бағдарлама бойынша сабақ жүргізіп, өз іс - тәжірибемді әріптестеріммен бөлісіп жүрген жанмын.
Әрине, бұл жаңа бағдарламаның қиындығы мен қызығын бірден игеріп кету оңай іс емес екендігі белгілі. Бірақ, ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талап та зор, сол талаптан шығу үшін мұғалім жан - жақты, білімді болуға тиіс.

Мен де оқыту үдерісіне енгізіліп жатқан жаңа бағдарламаның тиімділігі жөнінде айтпақпын.
Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез - келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Оқушылар оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай пікір - көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым – түсініктерін өрістетуге ықпал ету.

Оқушы тақырыптық түсіну деңгейін анықтап, оның түсінігін толықтыруға немесе қайта құруға көмектесу мұғалімнің міндеті.
Мұғалімге қойылатын талап заманауи талаптарға сәйкес келуі.
Ең негізгісі ”Балалар қалай оқиды” қағидасы, ал қалғаны:
Нені оқыту керек?
Оқытудың реттілігін қалай құрылымдау керек?
Табыстылық деңгейді қалай бағалауға болады?
Қазіргі жаңа оқыту жүйесінде 7 модульді басшылыққа алып жүргізген топтық жұмыс оқушының да, мұғалімнің де ой өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін арттырып, құлшынысқа итермелейді.
Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым - қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Бұл, өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады.
Топтық жұмыста оқушылар білуге тиісті негізгі ережелер бар, соны ескеру керек. Олар:
● кезекпен сөйлеу;
● белсенді тыңдау;
● сұрақ қою және сұрақ барма екенін сұрау;
● ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау;
● өз ойларын және пікірлерін ортаға салу;
● ұсыныс, идеяларды ұжыммен талқылау;
● көмектесу және көмек сұрау;
● түсініктеме беру;
● топтық шешім қабылдау және ортақ бір шешімге келу;
● дәйекті айғақтар келтіру.
Сабақтарда “сабақ беру және оқыту үдерісінде” 7 модульді қолдана отырып, мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятуға болады.
Топ мүшелері сабаққа түгелдей қатысып, өздерін еркін сезінеді, сабаққа қатыспай, зерігіп, бос отыратын оқушы болмайды.
Сабақта АКТ - ны пайдалана отырып, жаңа тақырыпты қабылдауды жеңілдетіп, берілген топтық тапсырмалар арқылы сапалы оқыту жүзеге асады.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету 3 фазадан тұрады:
1. Қызығушылықты ояту
2. Мағынаны тану(ажырату)
3. Ой толғаныс кезеңі
“Ой толғаныс” фазасының мақсаты - оқушылардың логикалық ойларын ояту, жеке шығармашылық қабілеттерін ашу, өз пікірін қорғауға үйрету.
Міндеттері: 1. Өздігінен білім алуға, сыни ойлауға жетелеу.
2. Оқушы толықтай сабаққа қатысады.
Жаңа тақырыпты меңгермес бұрын, оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында өткен тақырып бойынша “Ассоциация” құру, ”Топтастыру”, ”Ой қозғау немесе миға шабуыл”, Венн диаграммасын, т. б. стратегияларды қолдануға болады. Көбінесе үй тапсырмасы сыныпта сұрақ қоюдың үлгісі “бастама - жауап - кейінгі әрекет”(БЖӘ) нысаны бойынша қойылған сұрақ екендігі анықталды. Мысалға:

Бастама (мұғалім):
Адам организмі массасының неше пайызы оттектің үлесі?
Жауап(оқушы): 65%
Кейінгі әрекет(мұғалім):
Дұрыс.
Бұл модель әңгімеге сыныпта бастама жасайтын және де оны бақылап отыратын адам мұғалім болатын жағдайларды көрсетеді. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады.
Сұрақ қою арқылы мұғалім:
Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге
ынталандырады.
Оқушылардың шынайы қызығушылығын анықтайды.
Білімге құштарлығы дамиды.
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.
Оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.
Ойын жинақтауға көмектеседі.
Басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуге және бағалауына
ықпал етеді.
“Мағынаны тану” фазасы бойынша ”Оқушы нені білу керек?”, ”Оқушы нені меңгеру керек?”, негізгі ұғымдардың мән - мағынасы ашылуы керек. Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктер:
1. Ұтқырлық
2. Пайым
3. Тәртіп
4. Өзіндік сана - сезім
Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде сипаттамалар қолданады, мұндай адамдар жаңашыл идеялармен қаруланады.
«Мағынаны тану» фазасында «Өзара оқыту», «Нобайлау», «Тірек сөздер», т. б. стратегияларды қолдануға болады.
”Ой толғаныс”фазасы бойынша әр топқа ”Венн диаграммасы”, ”Блум сұрақтары”,”Кім жылдам” стратегияларын және барлық топқа ортақ «Сіз білесіз бе?» тест тапсырмаларын пайдалана отырып, жаңа тақырыпты меңгерту, теориялық білімді практикамен ұштастыру, негізгі идеяны түсіну, шығармашылық кезінде көшбасшылықты анықтау мақсатында түрлі тапсырмалар орындатуға болады.
Оқыту нәтижесі қандай?:
1. Мұғалім және оқушы арасындағы мәдениет қалыптасады.
2. Өздеріне сыни көзбен қарайды.
3. Өз ой - пікірлерін ашық, еркін жеткізе біледі.
4. Іс - әрекетті сыни бағалауды үйренеді.
5. Топта бірін - бірі тыңдайды.
6. Сыни тұрғыдан бағалайды.
4 137
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі
Оқыту барысында озық, тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Біз білім - ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз.
Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары
Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары
Деңгейлік оқыту бағдарламасының мазмұны сындарлы оқыту теориясына негізделген. Оқытудың сындарлы теориясы оқушылардың ойларын дамыту - олардың бұрынғы алған білімдерімен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек-көздерінен, мұғалімнен оқулықтан және
Жаңаша оқытудың білім беру жүйесіндегі маңызы
Жаңаша оқытудың білім беру жүйесіндегі маңызы
Атырау қаласы, №2 орта мектебінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Унгаралиева Назгул Имашевна
Оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі (баяндама)
Оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі (баяндама)
Павлодар облысы, Май ауданы «Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп»ММ ағылшын тілі пән мұғалімі Майманова Альмира Акылбековна
Оқу үшін бағалаудағы кері байланыстың тиімділігі
Оқу үшін бағалаудағы кері байланыстың тиімділігі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Абай орта мектебінде физика пәні мұғалімі Науканбаева Алия
Инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі
Инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы М. Мәметова атындағы орта мектеп мұғалімі Дауленбекова Назира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×