Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы

19 маусым 2016, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы,
С. Сейфуллин атындағы ЖОББ мектебі
география пәнінің мұғалімі:
Күлпейсова Айгүл Құрмансейтқызы

География 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы
Сабақтың мақсаты – тақырыпты тереңдете меңгерту, картографиялық сауаттылығының қалыптасуына, оқушылардың білімдерін жан - жақты дамытуға, өз бетінше білім алуына жағдай жасау.

1. Пәндік мақсат
Жаңа тақырыпты үйрену жобасын оқушыларға ұсынып, оқушылардың өз білімін жүйелеу және жалпылау іс әрекетін ұйымдастыру:
- оқушылардың оқу үдерісі кезеңдерінде өз білімінің меңгергендігін басқару және қайта ақпарат алу
- жауап беруде талдауға, оқу белсенділігін арттыруға көмектесу
Функционалды сауаттылыққа баулу, оқушылардың өз бетінше жұмыс жасап, үйренуіне көмектесу.

1. Тұлғалық дамуына бағытталған
Оқушылардың креативті (шығармашылық) ойлау дағдыларын, топтық жұмыстар кезінде ой - пікірін еркін жеткізіп, жүйелі сөйлеу, талдау, дәлелдеу, ұсыныс жасау дағдыларын дамыту.
- оқушылардың интеллектуалды, зерттеу, оқу іс - әрекетін өздік басқару, ақпараттық, коммуникативті мәдениетінің дамуына жағдай жасау.

1. Тәрбиелік мақсат
Оқушыларды кәсіби сауаттылыққа баулу, рефлексивті мәдениетінің дамуына ықпал ету
- өзінің болашақ мамандығын таңдаудағы құзыреттілігін дамытуға көмектесу.
Оқыту формасы: Жеке, топтық
Қоры: Қазақстанның экономикалық және физикалық карталары, атластағы тақырыптық карталар, презентация, үлестірмелер

Сабақтың барысы:
Кіріспе 1 мин
Сыныпты ұйымдастырып, оқушылар зейінін тұрақтандыру.
Тренинг: «Гүл сыйлау» 1 мин
Жылы қарым - қатынасты орнықтыру
(сыныпта жылы атмосфера орнату үшін)
Оқушыларға шеңбер құрғыза тұрғызып, әр қайсысына өзінің сол жағында тұрған оқушыға гүл сыйлап, бір жақсы тілегін айтады.

Топқа бөлу: топқа бөлу кезінде үш түрлі геометриялық фигуралары бар шағын белгі қолданылады.

Спикерлер ауысып отырады 2 мин
топтық жұмыс арқылы анағұрлым жоғары нәтижеге жету үшін

Үй тапсырмасын тексеру 6 мин
Тест
«Білу» 7мин
1) ББҮ стратегиясын қолдану
А) қызығушылығын ояту сатысы. (Оңтүстік Қазақстан туралы не біледі?)
Б) мағынаны тани білу (мәтінді топтарға бөліп беру)
В) ой толғаныс сатысы
І тапсырма (картаны пайдаланып әр топ сұрақтарға жауап береді) 1мин, тексереді, дұрыс жауап 1ұпай)
Тест тапсырмалары
1. Қай облыс ОҚ - ның құрамына кірмейді?
а) Жамбыл
ә) Ақтөбе
б) Алматы

2. ОҚ жер аумағы жөнінен нешінші орын алады?
а) 1 - ші
ә) 4 - ші
б) 2 - ші

3. ОҚ қай экономикалық ауданмен шектеспейді?
а) Солтүстік
ә) Батыс
б) Шығыс

4. Батыс Қазақстанның қай облысымен Оңтүстік экономикалық ауданның ортақ шекарасы бар?
а) Ақтөбе облысы
ә) Маңғыстау облысы
б) Атырау облысы

5. Халықтың орташа тығыздығы қандай?
а) 6, 3 адам/км²
ә) 9, 3 адам/км²
б) 7, 8 адам/км²

6. Халқы ең көп қоныстанған облысы қандай?
а) Жамбыл
ә) Қызылорда
б) Алматы

2 тапсырма (әр дұрыс жауап 1ұпай) спикерлер қорғайды
2. Физикалық картаны пайдаланып, Оңтүстік Қазақстанның қандай елдермен шектеседі екенін анықтап, ЭГЖ - ның қолайлы және қолайсыз жақтарын ата.

«Түсіну» 6 мин (3 ұпай)
І топ Карта бойынша, халықтың тығыздығы жоғары аймақтарды анықта. Себебі?
ІІ топ Картаны пайдаланып, ОҚ - дағы белсенді температураның жиынтығы өсімдіктер өсіру үшін
жеткілікті. Бірақ мұнда мал шаруашылығы басым дамыған. Қалай ойлайсыңдар, неліктен?
ІІІ топ - Диаграмманы пайдаланып, ОҚ - ның жер ресурсының құрылымын зерттеңдер.
Себебін анықтаңдар.

«Қолдану» 3мин (Толық жауап 5 ұпай)
1.«Сенің көзқарасың» топтар параққа 1мин ішінде жауабын жазады, спикер ортаға салады
Оңтүстік Қазақстан облысы – экономикасының ең негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы саласы құрайтын аграрлы өңір. Аумағы үлкен, тұрғыны мол, тірлігі көп өңірде соңғы жылдары ауыл шаруашылық саласында алға басушылық анық байқалады. Бұл саланы өркендетуді көздеген өзгерістің бірі ретінде Елбасының тапсырмасына сәйкес етті экспортқа шығару жолдары жан - жақты қарастырылып жатқанын атап айтуға болады.
Қалай ойлайсыздар?
Оңтүстіктің шаруа қожалықтары экспортқа ет шығара алады ма?
Белгіленген межеге жету¬дің нақты жолдары қандай?

«Талдау» 8 мин (Толық жауап 5 ұпай)
1. Венн диаграммасын пайдаланып, Оңтүстік Қазақстанның ірі өнеркәсіп тораптарын
салыстыр.
2. «Т» кестесін толтыру (6 ұпай)
Оңтүстік Қазақстан ------------ Орталық Қазақстан

1) Қазақстанның қай бөлігін алып жатыр?
2) Өнеркәсіптің маманданған салалары
3) Өсімдік өсіру салаларының мамандануы
4) Мал шаруашылық салалары
5) Дамуындағы проблемалары
6) Даму болашағы

«Топтау» 4 мин (5 ұпай)
Оңтүстік Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі орталықтарының орналасуы

 Оқулық мәтінін, картаны пайдаланып жеңіл өнеркәсіптің негізгі салаларының орналасуын
оқып зерттеңдер.
Зерттеу нәтижесін кесте түрінде көрсетіңдер:
Шешуші әсер ететін факторлар -------- Жеңіл өнеркәсіп саласы -------- Негізгі орталықтары

«Бағалау» 5 мин (5 ұпай)
1 - тапсырма (әр топ дайындалады2 мин)
- Рекреациялық ресурстар туралы не білесіз? Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданның рекреациялық ресурсына баға беріңдер.

Әр дұрыс жауап 1 ұпай
2 - тапсырма
Ауыр өнеркәсіп салаларын топтастыр.

Үй жұмысы: 28 - 29 оқу, реферат «Жетісу Алатауы мен Қаратау жоталарының қорлары»

Толық нұсқасын жүктеу
3 520
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Логика курсының бағдарламасы
Логика курсының бағдарламасы
Берілген логика курсының бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасап отырып, баланы іздемпаздыққа және өзіне сенімді болуға, ақыл ой деңгейін қалыптастыруға бағытталған материалдармен қамтылған.
Математикадан 3 сынып оқушыларына арналған жабық тесттер жинағы
Математикадан 3 сынып оқушыларына арналған жабық тесттер жинағы
Математикадан 3 сынып оқушыларына арналған жабық тесттер жинағы
Қысқа мерзімді жоспар. Оңтүстік Қазақстан
Қысқа мерзімді жоспар. Оңтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан жайында білімдерін арттыру, құрмалас сөйлем түрлерін қайталау, қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгерту: оқушының өз ойын, пікірін, көзқарасын еркін, нақты, дұрыс (ауызша, жазбаша) жеткізе білуін іске асыру, Отанға деген
Қысқа мерзімді сабақ жоспары (тарих) ХІҮ - ХҮ ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы
Қысқа мерзімді сабақ жоспары (тарих) ХІҮ - ХҮ ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы
Интербелсенді әдіс - тәсілдер қолдану арқылы мәтін және қосымша деректермен жұмыс жасай отырып жаңа тақырыпты өздіктерінен оқып үйрену, тақырыпты ашу. Қазіргі өмірмен байланыстыру.
Оңтүстік Қазақстан ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Оңтүстік Қазақстан ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Жаңаарқа ауданы, С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі: Шакенов Жанбол Толеубайұлы
Қазақстанның дүниежүзі картасындағы геосаяси орны. Халықаралық экономикалық қатынастары
Қазақстанның дүниежүзі картасындағы геосаяси орны. Халықаралық экономикалық қатынастары
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті, Абай атындағы мектеп - гимназияның география пәні мұғалімі Имашева Гуляим Хамзиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×