Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысқа мерзімді сабақ жоспары (тарих) ХІҮ - ХҮ ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ тақырыптары.
1. ХІҮ - ХҮ ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы
2. Қазақ хандығының құрылуы


Қазақстан тарихы 7 сынып
ТАҚЫРЫБЫ: ХІҮ - ХҮ ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы
МАҚСАТЫ: Интербелсенді әдіс - тәсілдер қолдану арқылы мәтін және қосымша деректермен жұмыс жасай отырып жаңа тақырыпты өздіктерінен оқып үйрену, тақырыпты ашу. Қазіргі өмірмен байланыстыру.
Өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру және өз ойын еркін айту дағдыларын дамыту.
Өнерге деген құштарлығын ояту, жұппен жұмыста өзара сыйластыққа, басқалар пікірін бағалауға үйрену
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: жұппен жұмыс жасау дағдылары дамиды, басқалар пікірін тыңдай білуге үйренеді, интербелсенді және қалыптастырушы бағалау тәсілдері арқылы тақырыпты өздіктерінен оқып үйреніп, өз ойын ашық айтып, дәлелдеуге дағдыланады.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС - ТӘСІЛДЕР: «Екі шындық, бір өтірік» сергіту тапсырмасы, «Бағдаршам» арқылы бағалау, «Инсерт», «Сұхбаттасатын жұп» әдістері, «Дейін - кейін» стратегиясы, жұппен жұмыс, кері байланыс: «Сұрақты қағып ал»
КӨРНЕКІЛІКТЕР (РЕСУРСТАР): Орта ғасырлардағы Қазақстан картасы, түрлі - түсті суреттер (киіз үй, ұлттық киімдер), «Дейін - кейін» стратегиясының кестесі
САБАҚТЫҢ ТҮРІ: жаңа білім беру

МҰҒАЛІМ ІС - ӘРЕКЕТІ
Оқушылардың белсенділігін арттыру. Өзара және оқытушымен қарым – қатынасты нығайту және өткенді еске түсіру, қайталау мақсатында: «Екі шындық, бір өтірік» - сергіту жаттығуы
- Сыныпқа сұрақ: Рухани және материалдық мәдениет дегеніміз не?
- Оқушылар айтқан әр пікірді тақтаға жазып отыру
- «Дейін - кейін» стратегиясының мақсатын түсіндіріп, үлестірме материалды тарату
- «Инсерт» әдісін түсіндіру: «Сұхбаттасатын жұп» тапсырмасын түсіндіру: жұппен жұмыс

Шығыс Қазақстан облысы,
Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылы
"Ш. Башиков атындағы негізгі мектеп" КММ
Тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі
Касымова Бибигуль Амантаевна

Толық нұсқасын жүктеу
Толық нұсқасын жүктеу
6 040
0
  • 80
3 дауыс


Жаңалықтар
XVII - XVIII ғасырлардағы қазақ жыраулары
XVII - XVIII ғасырлардағы қазақ жыраулары
XVII - XVIII ғасырлардағы қазақ жыраулары және олардың шешендік өнері, данагөйлілігі, олардың алдына қойған мақсаттары туралы өз беттерінше іздене отырып, толық мағлұмат алуға жағдай жасау.
Адам – мәдениетті жасаушы
Адам – мәдениетті жасаушы
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Бастауыш сынып мұғалімінің әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Бастауыш сынып мұғалімінің әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Өлең жолдарынан өзіндік ой түйіндеуге баулу. Өлеңнен бес асыл қасиет талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым екендігін түсіндіру. Жаман қасиеттер өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ екенін ұғындыру.
XIV – XV ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы
XIV – XV ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы
14 - 15 ғасырлардағы Қазақстанның материалдық және рухани мәдениетімен, діни - наным сенімдерімен, даму ерекшелігімен танысады. Сабақтың тақырыбын ашады, мазмұнын игеруге, ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдысын қалыптастыруға үйренеді
"Басни Крылова" тақырыбына өткізілген сабаққа  рефлексивті есеп
"Басни Крылова" тақырыбына өткізілген сабаққа рефлексивті есеп
Сабақтың мақсаты: Мәтінмен жұмыс жасай отырып жаңа тақырыпты өздіктерінен оқып үйрену, тақырыпты ашу. Жұппен, топпен жұмыста өзара сыйластыққа, басқалар пікірін бағалауға үйрену.
XV – XVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
XV – XVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
Астана қаласы, №52 мектеп - гимназиясының тарих - география пәні мұғалімі Бейсекеева Айгүл Толеуовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×