Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектебіме саяхат. Н дыбысы мен әрпі

27 қараша 2016, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Мектебіме саяхат. Н дыбысы мен әрпі
1 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаты:
1. 1. 2. 1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау.
1. 2. 9. 1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
1. 2. 1. 2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
1. 1. 8. 1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.
1. 3. 8. 1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
А. Оқушылар н дыбыс мен әрпін біледі.
Оқушылардың басым бөлігі:
Н дыбысының орнын анықтап, дыбыстық талдау жасайды.
Кейбір оқушылар:
Н дыбысы бар сөздермен сөйлем құрайды.

Жоспарланған уақыт 35 мин Жоспарланған жаттығу түрлері»
1.«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
2. Жұмбақ жасыру.
Басталуы
2 мин Психологиялық ахуал
Қуанамыз арайланған ақ таңға,
Қуанамыз жақсылық болып жатқанға
Қош келіпсіз 1 сыныбына
Сәлем беріп бас иеміз баршаңызға.

Үй жұмысын тексеру 5мин
«Кім шапшаң?»
Мақсаты: оқушылар А дыбысы бар сөздер айтып, оның қай жерінде орналасқанын айтады, буынға бөледі, дыбыстар санын анықтайды.

Ортасы
Тақырыптың мазмұнын ашу барысында топқа бөлу 20 мин
1. Жұмбақ жасыру.
Ас біткеннің атасы
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталып,
Аяқталған қарашы. (Н )
- Нан деген сөзді оң жағынан, сол жағынан да оқысақ нан деген сөз шығады.
Ендеше бүгін біз сендермен Н дыбыс мен әрпімен танысамыз.
- Н дыбыс қандай дыбыс?
- Қандай сөздерде Н дыбыс кездеседі? Қай жерде?
Нан деген сөзді жазып, тақтада дыбыстық талдау жасау.

2. Үнтаспадан тыңдау
3. Сөздерді оқу.
Н -- А НА, Н -- О НО, Н — У НУ
Сергіту сәті.
4. Дәптермен жұмыс.
* Н дыбысын дәптерге таңбалап жазу
* Тақтаға жазу.
5. Топпен жұмыс.
1 - топ: «Ас – атасы нан»- деген мақалды құрастырып, түсіндіреді. Сөйлемнің сызбасын сызады.
2 - топ: Н әрпі бар сөздерді суреттерімен сәйкестендіреді.

Петропавл қаласы, №21 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Айсулу Жумабаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 554
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әңгіме оқимын. Сөз.
Әңгіме оқимын. Сөз.
Қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
Ұлттық ойындар туралы не білемін? В дыбысы мен әрпі
Ұлттық ойындар туралы не білемін? В дыбысы мен әрпі
Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі
Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі
Д дыбысы мен әрпі. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі.
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі.
Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі.
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі.
Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×