Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі.

18 қаңтар 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашу 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1. 2. 9. 1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1. 2. 1. 2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
1. 2. 2. 1 Мәтінде автордың кім(не) туралы айтқысы келгенін түсіну
1. 2. 1. 2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
1. 1. 9. 2 Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну
1. 3. 11. 1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.
Сабақтың мақсаттары: Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері: - Әріпті танып, ажыратып оны дыбыспен сәйкестендіне алады.
- Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады.
- Мәтінде автордың кім(не) туралы айтқысы келгенін түсінеді
- Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсінеді
- Сөйлем бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қояды.
Тілдік құзыреттілік: Ә әрпі мен дыбысы
Алдыңғы білім: Табиғатқа саяхат З дыбысы мен әрпі

Сабақ барысы
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут (Ұ). Шаттық шеңберіне тұру Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
- Ал, балалар, енді сабағымызды бастамас бұрын апай ұсынған сурет қиындыларын таңдау арқылы топтарға бөлінейік. Біздің бөлім «Табиғатқа саяхат» бөлімі болғандықтан біз өзіміздің ауылымыздың табиғатын тамашалайық. Топтық жұмыс, яғни қиынды суреттерді жапсыру арқылы біз саяхат кезінде нелерді көргенімізді анықтап білетін боламыз.

- Сонымен балалар біз, саяхатымызды жалғастырамыз, келесі аялдама «Әріптер мен дыбыстар әлемі».

Сабақтың ортасы 25 минут
(МК; Ө; Қ). 1 - тапсырма: «Танысайық»
- Ә дыбысы және әрпімен таныстыру. (баспа, жазба, үлкен, кіші)
- Ә дыбысының сөз басында, ортасында келу үлгілерін көрсету

2 - тапсырма: «Сурет сыры»
Сюжетті суретте берілген (ән, сән, дәрі, тәтті) сөздерін тұтастай оқытып, бұл сөздермен буындық - дыбыстық талдау жасату.
- Әтеш сөзіне дыбыстық талдау жасату

3 - тапсырма: (МК; Ж; Қ) Оқылым «Кім тез оқиды?» ойыны.
Мәтінді оқыту
- Мәтіндегі негізгі ойды түсініп, автордың кім(не) туралы айтқысы келгенін оқушылардан сұрау.
- Мәтінді хормен, тізбектеп, жеке оқыту.
- Мазмұны бойынша сұрақтар қою
- Мәтіннің мазмұнын айтқызу
- Өздерінің қыс мезгілінде ойнайтын сүйікті ойындары туралы әңгімелету.

4 - тапсырма: (МК; Ө; Қ) Жаңылтпашты жаңылмай айтайық
Сергіту сәті:

5 - тапсырма: (МК; Ө; Т; Қ). Әріптерден сөз құра. Оларға сәйкес суретті таңда.
Дәрігер, әтеш, Дәурен деген сөз шығады.
Дәптермен жұмыс: Ә әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалау.

Мұғалім: Алпысбаева Асель Қалиқызы

Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі. жүктеу
3 894
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Сауат ашу. Ә дыбысы мен әрпі.
Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі
Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі.
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі.
Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
Табиғатқа саяхат. Б дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Б дыбысы мен әрпі
Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
Мектебіме саяхат. Н дыбысы мен әрпі
Мектебіме саяхат. Н дыбысы мен әрпі
Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×