Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Достық – өмірлік нұсқа

27 тамыз 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қазақ тілі 7 сынып
Бөлім атауы: Сүйіспеншілік пен достық
Сабақ тақырыбы: Достық – өмірлік нұсқа
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 7. Т/А3 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.
7 ӘТН 3 Фразеологизм, мақал - мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады:
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі, сұрақтарға жауап беріп, сұрақ қоя біледі
Кейбір оқушылар орындай алады:
Фразеологизм, мақал - мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдана алады.
Сабақтың түрі: • Жаңа білімді меңгерту.
Оқыту әдістері: • Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, «Ыстық алақан» тренингі, «Кіші шеңбер тәсілі», «Биопоэма» тәсілі, «Балық қаңқасы» диаграмма, «Қабырғадағы сұлба», смайлктер, «Бес саусақ» тәсілі
АКТ - мен байланыс: • Интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты слайдтар, аудиотаспа, түрлі - түсті маркер, плакат, А4 қағазы
Күтілетін нәтижелер: • Достықтың адам өміріндегі маңызын түсініп, адал дос пен амал досты ажыратады
Ойлау дағдыларының деңгейі: • Түсіну. Білу. Қолдану
Бағалау критерийі: • Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі
• Фразеологизм, мақал - мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп, орынды қолдана алады.
Жаңа сабақ бойынша дескрипторлар: • Мәтінді түсініп оқиды
• Биопоэмалар оқиды, талдайды.
• Фразеологизм, мақал - мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолданады.
• Сұрақтарға жауап береді
• Мәтінді аудиотаспадан тыңдап, оқиғаның басталуы, дамуы мен қорытындысын пайымдай алады.
• Тақырып қоя біледі
• Мәтінді жеке оқи алады
• Қабырғаның ішіне мәтін мазмұнын жазады
• Сұлбаның сыртына мәтін бойынша сұрақтар дайындай алады
• Оқушылар себеп – салдар диаграммасын сызады және жазады
Тілдік мақсат: • Жады ағаш - айыр түйенің арқасына мініп жүру, жүк арту үшін салынатын арнайы әбзел. Жады ішіне қамыс, қоға салынып, киізден тігіледі. Жады салынған түйенің терісі қажалмайды және жүкті де көп көтереді.
• Мес - теріден жасалған ыдыс. Қымыз, шұбат, айран, іркіт сияқты сүт тағамдарын құяды. Мес жолаушылар, көшіп қонушыларға, бақташыларға сусын құйып алып жүруге өте ыңғайлы ыдыс.
• Ұнжырға - адамның көңіл күйі
• Мақұл десіп – ымыраға, бір шешімге келу.
Алдыңғы оқу: • Достыққа тән қасиеттер
Дереккөздері: • Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар.
Құндылықтар: • «Нағыз шынайы достық адамдардың бір - бірімен терең, таза және адал қарым - қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Нақты ой айтқан философ: А.Шопенгауэр

Мектеп: №16 Д. Жазықбаев
Мұғалімнің аты-жөні: Мыңжасарова Гауһар
Достық – өмірлік нұсқа. жүктеу
3 784
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көбейту
Көбейту
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 2. 1. 2. 1. Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысын табу, бөлуді нысандарды мазмұнына қарай жəне тең бөліктерге бөлу ретінде түсіну.
Сыныптағы танысу. Сөйлем
Сыныптағы танысу. Сөйлем
Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну. Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.
Төрт түлік мал мен егіншілік - ел берекесі
Төрт түлік мал мен егіншілік - ел берекесі
Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба шартты белгілер арқылы ұсыну.
Жемістер
Жемістер
Жемістердің дәмін, түсін ажырата алады, қандай екенін айта алады. Жемістердің атауын үш тілде біледі және жаза алады.
Сусыз өмір жоқ
Сусыз өмір жоқ
Барлық оқушылар орындай алады: Тірек сөздерді түсінеді, тақырыпты болжайды. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжайды, сұраққа түсініп жауап береді.
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа
Сабақ тақырыбы: Менің атым Қожа Бөлім: Адамның сырт келбеті және мінез
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×