Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ондық бөлшекті натурал санға бөлу

28 тамыз 2018, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5. 3В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті натурал санға бөлу.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5. 1. 2. 30 ондық бөлшекті натурал бөлу;
5. 1. 2. 28 ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау.
Сабақтың мақсаты: Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ондық бөлшектермен бөлу амалын орындайды;
• Ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 сандарына бөледі;
• Ондық бөлшектерді 0, 1, 0, 01, 0, 001 сандарына бөледі;
• Бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып, мәтін есепті шығарады.
Тілдік мақсаттар: Пәндік лексика және терминдер: ондық бөлшек, натурал сан, бөлу, бүтін бқлік, қалдық.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін,.... бөлшектің бүтін бөлігі бөлгіштен кем болса,.... бөлу барысында қалдық қалса.
Құндылықтарға баулу: Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана, зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылықтарды қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану, информатика
Тақырып бойынша алдыңғы білім: Ондық бөлшекті натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту.

Сабақтың басы
Ұйымдастыру:
Амандасу(Сәлеметсіздер ме!!!)
1. Психологиялық ахуал. Түрлі әдістермен бір - бірімен қайталамай амандасу.
2. Ширату жаттығу
(Суретте көрсетілген сіріңкелердің 1 талын қозғау арқылы теңдікті дұрыстау қажет)
5 + 1 = 5

3. Топқа бөлу. Геометриялық фигуралардың түстері арқылы 4 топқа бөлінеді (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, ромб)

4. Тақырыпқа шығу. «Пазл» әдісін қолдану
тақырыптың атын шығарамыз.
4 топқа төрт түрлі пазл (үйшік, дөңгелек, төртбұрыш, ) құрастыруға беріледі. Осы пазылдарда өткен тақырыпқа байланысты есептер беріледі. Есептерді шығарып, пазлдарды дұрыс құрасырып болғаннан кейін, пазылдың келесі бетінде тақырыптың аты жазылып тұрады.
Есептер:
1 - топ 4, 23+2, 34 = 6, 57
50 – 8, 6 = 41, 4
1, 5 * 20 = 30
425 / 5 = 85

2 - топ 28, 88+35, 8 = 64, 68
65, 97 – 0, 45 = 65, 52
0, 33 * 40 = 13, 2
963 / 3 = 321

3 - топ 4, 04+5, 16 = 9, 2
37, 2 – 6, 8 = 30, 4
6, 304 * 1000 = 6304
1225 / 25 = 49

4 - топ 4, 3+3, 5 = 7, 8
52, 8 – 7, 3 = 45, 5
0, 78 * 18 = 14, 04
240 / 16 = 15

5. Тақырыптың мақсатын анықтау (тақырыпқа байланысты сұрақтар қою)
1. Біздің басты мақсатымыз қандай?
2. Шығарылған есептер біздің тақырыпқа байланысы қандай?
3. Бұл тақырыпта не істейміз?

Сабақтың ортасы
Жаңа материалмен жұмыс (Джигсо стратегиясы)
1. Өздігімен оқу, іздену
• 1 - 3 топ «Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін не істеу керек?, ережелер, мысал келтір)
• 2 - 4 топ «Ондық бөлшекті 10, 100, 1000,... разряд бірліктеріне бөлуді, ережелер, мысал келтір» қарастырады.
(берілген тақырыптарды өздігімен оқып, топта талқылайды. Әр топ постерға түсіріп, ортаға шығып түсіндіреді)
2. Практикалық жұмыс
1 - тапсырма
Есептеңіз.
1 - топ 1. 26, 1: 3 = 8, 7
2. 9, 5: 25 = 0, 38
3. 63, 24: 31 = 2, 04
4. 7, 8: 3 = 2. 6

Сергіту сәті
Дескриптор: Білім алушы
- ондық бөлшекті натурал санға бөледі;
- ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөледі.
Есепті орындап болғаннан кейін, әр топқа кілт беріледі. Оқушылар дәптерлерімен ауысып бір - бірін тексереді.

2 - тапсырма
Есепті шешіңіз:
1 - топ. Тіктөртбұрыштың ені 3, 6 см, ал ауданы 20, 88 см2. Тіктөртбұрыштың ұзындығын табыңыз?
2 - топ. Бумада 1000 парақ бар. Буманың қалыңдығы 20, 3 см. Бір парақтың қалыңдығын есептеңіз.
3 - топ. Екі бидонға 8, 9 л май құйылды. Бірінші бидонға құйылған май екінші бидонға құйылған майдан 2, 5 л артық. Екінші бидонға неше литр май құйылады?
4 - топ. Саяхатшы екі күнде 27, 4 км жол жүруі керек еді. Екінші күні ол бірінші күнге қарағанда 2, 3 км кем жүрді. Саяхатшы бірінші күні неше километр жол жүрді?

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. жүктеу
4 077
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып Геометрия 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшекті қосады және азайтады Әртүрлі разрядтағы ондық бөлшектерді азайтады
Ондық бөлшекке бөлуге есептер шығару
Ондық бөлшекке бөлуге есептер шығару
Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың есептерді шығарудағы логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту. Практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
БҚО, Орал қаласы, А. Байтұрсынов атындағы №10 ЖББОМ математика пәні мұғалімі Диярова Айымгүл Сәтиқызы
Ондық бөлшекті натурал санға көбейту
Ондық бөлшекті натурал санға көбейту
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің алгебра және геометрия пәндерінің мұғалімі Жүсіпова Айткүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×